1.Сүйек сынғанда, күйгенде, үлкен жарақаттарда аурсыну синдромын басу үшін профилактика ретінде АИ-2 жеке қобдишасынан бұлшык етке жасалынатын дәрі:
А) ауырсынуды басатын дәрі (1-ұяшық).
B) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).
C) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).
D) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).
E) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).
2. АҚ сигналы немесе зақымданған аймаққа баратын жағдайда жеке профилактика үшін АИ-2 жеке қобдишасынан қолданалады:
A) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).
B) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).
C) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).
D) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).
E) радиациядан қорғау дәрісі № 1 (4-ұяшық).
3. Сәулеленуден кейін асқазан-ішек жолдарында өзгерістер болған жағдайда АИ-2 жеке қобдишасынан қолданылады:
A) бактерияға қарсы дәрі № 2 (3-ұяшық).
B) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).
C) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).
D) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).
E) радиациядан қорғау дәрісі № 1 (4-ұяшық).
4. Радиоактивті заттар түскен жағдайда сәулелік аурудың профилактикасы ретінде
АИ-2 жеке қобдишасынан қолданылады:
A) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).
B) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).
C) бактерияға қарсы дәрі № 2 (3-ұяшық).
D) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).
E) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).
5. Ми жарақаты, контузия, иондаушы әсерінен болатын құсудың профилактикасы ретінде АИ-2 жеке қобдишасынан қолданылады:
A) құсуға қарсы дәрі (7-ұяшық).
B) радиациядан қорғау дәрісі № 2 (6-ұяшық).
C) бактерияға қарсы дәрі № 1 (5-ұяшық).
D) бактерияға қарсы дәрі № 2 (3-ұяшық).
E) фосфорлы-органикалық улы заттарға қарсы антидот (2-ұяшық).
6. Радияциялық зақымдану кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек бұл:
A) сәулелік аурудың бастапқы белгілерін жою немесе әлсірету.
B) шөл мен аштықты басу.
C) дозиметриялық бақылау.
D) аймақтын зақымдану денгеиін анықтау.
E) радиациялық қауіп туралы хабарлау.
7. Жаппай - қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін ... қолданылады.
A)паналау ғимараттары
B)демалу аймақтары
C) көліктер
D) үйлер
E) ағаштар
8. Радиоқорғаныс әсері бар дәрілік заттар:
A) цистамин.
B)іш өткізетін дәрілер.
C) промедол.
D) бромгексидин.
E) хлортетрациклин.
9. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мақсаты ... .
A) адамның өмірін сақтау
B) шөлін басу
C) тамақ беру
D) құжаттарын сақтау
E) туысқандарының өмірін сақтау
10. Жіктеулі бойынша апат кезінде радиактивті заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың ... түріне жатады.
A) техногенді
B) табиғи
C) әлеуметтік
D) экологиялық
E) метеорологиялық
11. Кірпіштен салынған ғимараттар сәулелену дозасын ... әлсіретеді.
A) 10 есе
B) 3 есе
C) 5 есе
D) 15 есе
E) 50 есе
12. ИД-1 ... анықтайды.
A) сіңірілген дозаны
B)түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін
C) радиациялық бақылау мен хабарлау
D) химиялық заттарды
E) уландырғыш заттарды
13. ДП-5В ... анықтайды.
A) түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін
B) радиациялық бақылау мен хабарлау
C) химиялық заттарды
D) сәулелену дозасын
E) уландырғыш заттарды
14. ДП-22 ... анықтайды.
A) сәулелену дозасын
B)түрлі заттардың радиаоактивтілігі кезінде радация мөлшерін
C) радиациялық бақылау мен хабарлау
D) химиялық заттарды
E) уландырғыш заттарды
15. Экспозициалық дозаның өлшем бірлігі ... .
A) Рентген
B)Рад
C) Грей
D) Дж
E) Ки
16. Сіңірілген дозаның өлшем бірлігі ... .
A) Рад
B)Зиверт
C) Рентген
D) Кюри
E) Бэр
17. Радиацияның әсері ... .
A) адамды сәуле ауруына шалдықтырады
B)ғимараттарды қиратады
C) техниканы бүлдіреді
D) өрт пайда етеді
E) вирус таратады
18. Жедел сәулелі аурудың 1 дәрежесі ... сіңірілген дозасында пайда болады.
A) 1 Грей
B)3 Грей
C) 5 Грей
D) 6 Грейден жоғары
E) 4 Грей
19. Жедел сәулелі аурудың 2 дәрежесі ... сіңірілген дозасында пайда болады.
A) 3 Грей
B)6 Грей
C) 5 Грей
D) 1 Грей
E) 6 Грейден жоғары
20. Жедел сәулелі аурудың 3 дәрежесі ... сіңірілген дозасында пайда болады.
A) 5 Грей
B)3 Грей
C) 6 Грейден жоғары
D) 1 Грей
E) 2 Грей
21. Жедел сәулелі аурудың 4 дәрежесі ... сіңірілген дозасында пайда болады.
A) 6 Грейден жоғары
B)3 Грей
C) 5 Грей
D) 1 Грей
E) 2 Грей
22. Жедел сәулелі аурудың ағымында ... кезеңді ажыратады.
A) 4
B)5
C) 2
D) 3
E) 6
23. Радиациалық объект дегеніміз ... .
A) апат кезінде объект аймағында жалпы радиациалық зақым болуы
B)КӘУЗ өндіретін немесе өндейтін кәсіпорындар
C) газ өндеу зауыты
D) мұнай өндеу зауыты
E) радиобөлшектер шығаратын мекеме
24. Ядролық жарылыс кезінде өтпелі радиацианың әсер ету уақыты ... .
A) 10-15 сек
B)5-10 сек
C) 1-2 мин
D) 2-3 мин.
E) 3-5 мин
Бақылау : Радиациялы және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету
Бақылау ситуациалык есептері
№1
Аралас радиациялық зақымдану кезінде сүйек сынуы (шок жағдайы).
№2
Аралас радиациялық зақымдану кезінде буының жарақаты (радиактивті заттар түсуі).
№3
Аралас радиациялық зақымдану кезіндегі жарақат (шок жағдайы, жүрек айну пайда болуы).
Өткізу ережесі:
1.Регламенттің қатаң сақталуы (уақыт шектеулі).
2.Кәсіби ойлау қажет (нақты жағдайды талдау).
3.Шешім қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру.
4.Салдарды жою үшін шешім қабылдауға және жағдайдың кенет озгеруіне қосымша дайын болу.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№15 тақырып: Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру тәсілдері.
Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр
Мамандық: 5В110400 – Дәрігерлік емдеу ісі
Сағат саны: 2
2014ж.
Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
Акушерия және гинекология курсымен
АМСЖ кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.
Өңдеген: оқытушы Турманова Ж.О.
1.Тақырыбы: Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру тәсілдері.
2. Мақсаты:
тыңдаушыларға бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығының негізгі шаралары туралы түсінік беру;
өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлармен таныстыру;
төтенше жағдайларда өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдарымен таныстыру;
3.Оқыту мақсаты:
- өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығының негізгі шаралары туралы білу;
- студенттерді ТЖ жою және АҚ ұйымдастыру шараларына араласу кезіндегі белсенді азаматтық позициясын және тану талпыныстарын тәрбиелеу.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығы. Өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар;
-төтенше жағдайлар кезінде өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдары. Өнеркәсіптегі персоналды қорғау шараларын күшейтудің әдістері. Объектіні басқару жүйесінің, инженерлік-техникалық комплекстің тұрақтылығын күшейту әдістері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
- түсіндіру, оқып уйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, пікірталас.
Ақпаратпен жұмыс
Төтенше жағдайлар кездерінде экономика объектілеріндегі адамдарды қорғау бұл социалді – экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, емдеу-профилактикалық шаралардың адам денсаулығын және жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін жүргізілетін шаралардың іске асуы. Объектідегі адамдарды қорғау қауіпсіздік шараларының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Объектілердегі қауіпсіздік шаралары көптеген факторларға тәуелді: шикізаттың физика –химилық қасиетіне, технологиялық процестің сипатына, құрал-жабдықтардың сапасы мен конструкциясына, материалдарды сақтау мен тасымалдануына, апатқа қарсы құрылғылардың тиімділігіне байланысты. Одан басқа өндірісте істейтін персоналмен профилактикалық жұмыстар өткізілуі, төтенше жағдай кезінде сол жағдайға байланысты персоналдың әрекет етуі және апатқа қарсы техникалық құралдардың дайын болуы.
Экономика объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады.
Бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығы.
Қазіргі кезде экономика объектілері мен халық шаруашылықтарында тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын күшейтуге қойылатын талаптар күшейіп отыр. Бұған техногенді апаттар мен катастрофалар көбеюі әсер етіп отыр. Статистикаға сүйенсек соңғы жылдары төтенше жағдайлар салдарларынан мемелекетімізде материалдық шығындар мөлшері 10-30%-ға көбейіп, ұлттық өнімдердің өсімі апаттар мен катастрофалар әкелетін шығындардың орнын жаба алмайтын жағдайда.
Экономика объектісі деп – адам еңбегімен жасалынылатын халық шаруашылығындағы экономика өнімдерін өндіруді айтады. Экономикалық өнім түрлері материалдық – заттық немесе информациялық (интеллектуальді) турде болуы мүмкін.
Экономика объектілеріне түрлі өндіріс, энергетика, транспорт, ауылшаруашылығы объектілері, ғылыми зерттеу, конструкторлық – проектикалық, социалді және т.б. жатады.
Барлық экономика объектілері - өндіріс, транспорт, энергетика, агроөндіріс проектілері қауіпсіздік және қорғаныс шараларына жауап бере алатындай жоспарлануы керек.
Барлық талаптарға сай проекция жасалынған объектілердің өздерінде төтенше жағдайлар кезінде апаттарға, катастрофаларға, адам шығындарына әкеліп жатады.
Халық шаруашылығының объектілер тұрақтылығы - өз қарамағындағы територрия мен шаруашылық звеноларындағы халықты қорғауға жауап бере алатындай жұмыс атқара алуы керек.
Қазіргі экономикалық объектілер түрлі материалдардан салынған күрделі инженерлік – экономикалық комплекстер болып табылады, олардың тұрақтылықтары жасалған элементтеріне байланысты. Мұндай элементтерге өндіріс персоналы, өндіріс цехтары мен ғимараттар, жабдықтау жүйесінің элементтері (шикізат, электроэнергия, газ, жылу), өндірісті басқару жүйесінің элементтері; қызметкерлер қорғанатын қорғаныс құрылыстарынан тұрады.
Объектінің тұрақтылық проблемаларын қарастырған кезде көңіл аударатын нәрселер:
экономика объектісінің тұрақтылығы;
экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы.
Экономика объектісінің тұрақтылығы дегеніміз – табиғи және техногенді зақымдау факторларының күшіне өндіріс комплексінің инженерлік-техникалық құрылысының төтеп беруін айтады.
Экономика объектілеріне зиян келтіретін сыртқы факторлар:
жер сілкінуі;
су тасқыны;
өрт;
дауыл;
басқа ( көрші) объектідегі апат;
соғыс уақытында болатын жарылыстар.
Экономика объектілеріне зиян келтіретін ішкі факторлар:
(өндірістің өзінде болатын апатты жағдайлар).
Экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы дегеніміз - өз уақытында керекті өндіріс заттарын шығару және де зақымдау факторы әсер еткен жағдайда аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмысын жалғастыру.
Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жоспарларын құру және қамтамасыз ету шараларын кәсіпорын басшылары, қала әкімшілігінің комиссиясы жүргізеді. Олар өткізілетін шараларға бөлінетін керекті материалдық және қаржылай қажеттіліктер үшін жауап береді.
Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету комиссиялары өндіріс орындары басшылары, әкімшіліктің, АҚ басшыларынан құрылады. Бұл комиссияның міндеті – объектілердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің жоспарын құру, алдын-ала дайындау және өз жұмыстарын басқа мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізу.
Комиссияның негізгі міндеті–төтенше жағдай кезінде экономика объектілерінде жұмыстарды тез арада қалпына келтіру, жұмысты өз қарқынында жүргізу, адам шығындарын азайту болып табылады.
Экономика объектілерінің функционалды тұрақтылығын сақтаудың ережелері инженерлік – техникалық шаралардың проектісінің нормативтерінде көрсетілген.
Өндірістің барлық көрсеткіштері мен төтенше жағдайдың зақымдау факторлары өндіріс объектісінің декларациясына енгізілуі керек.
Декларацияға міндетті түрде жататындар:
аса қауіпті өндірістер (жарылғыш заттарды қолданатын кәсіпорындарда жарылығш заттар мөлшері қалыпты деңгейден аспауы керек);
гидротехникалық құрылыстар.
Өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар
Экономика объектілерінің тұрақтылығын анықтайтын бірнеше факторлар бар:
зақымдау факторларынан персоналды қорғайтын тиімді жүйенің болуы;
объектінің зақымдау факторланрына қарсы тұру қабілеті;
өндіріс орынын төтенше жағдай кезінде керекті заттармен қамтамасыз ету (шикізат, жанар - жағар май, су, газ т.б.);
өндіріс зақымданған жағдайда қалпына келтіру.
Бұл факторлар өндірістің құрылысы кезінде және эксплуатация жасаған кезде есепке алынуы керек. Құрылысты жүргізетін територрия табиғаттың апатты жағдайларын (жер сілкінуі, су басуы, өрт) есепке алады.
Экономикалық өндіріс объектісіне зиян тигізетін табиғи факторлар мыналар болуы мүмкін: объектінің сейсмоқауіпті аймақта орналасуы, қар көшкіні, сел, дауыл болуы, одан басқа да табиғи және метерологиялық факторлар болуы.
Экономикалық өндіріс объектісінің тұрақтылығына сол територриядағы басқа құрылыстардың структурарсы, көрші орналасқан өндіріс орындары, транспорт коммуникацияларыда әсер етеді. Объектінің ішкі жоспарлануыда өрттің тез тарауына, ядролық жарылыс кезінде соққы толқыннан қирап кетуі және уландырғыш токсикалық заттардың тез таралуына ықпал етуі мүмкін.
Объектінің тұрақтылығы өндіріс түріне, сол жерде істейтін қызметкерлер мен жұмысшылардың квалификациясына, қызметкерлердің техника қауіпсіздігі шараларына дайындығынан, өндіріс орындағы тәртіптен, объект басшылығы мен техникалық – инженерлік құрамның өз міндеттеріне жауапты қарауына байланысты болады. Объектінің тұрақтылығының деңгейі ғылыми-зерттеу және конструкторлық әдістемелерге, жаңа технологияларды іске қосуына байланысты.
Төтенше жағдайларда кезінде өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдары.
Экономика объектілеріндегі тұрақтылықты күшейту
Экономика объектілерінде тұрақтылықты күшейту шараларының орындалуы мына бағыттарға байланысты:
өндіріс апаттарын, табиғи және техногенді сипаттағы авариялық жағдайлардың алдын-алу;
ірі өндірістік апаттар, катастрофалар болған жағдайда адам шығынын азайту;
табиғи және техногенді апаттар болған жағдайда оның зардабын жою.
Өнеркәсіптегі персоналды қорғау шараларын күшейтудің әдістері. Объектіні басқару жүйесінің, инженерлік- техникалық комплекстің тұрақтылығын күшейту әдістері
Кәсіпорындардың, өнеркәсіптердің, басқа да объектілердің тұрақтылығын күшейту үшін жүргізілетін негізгі бағыттар:
Жергілікті халықты, қызметекрлерді, жұмысшыларды, олардың отбасыларын төтенше жағдайлар кезінде қорғау және қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету.
Қала аумағындағы кәсіпорын, өнеркәсіптерді төтенше жағдайға байланысты рациональді орналастыру.
Өнеркәсіп, кәсіпорындарды төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге дайындау.
Төтенше жағдайлар кезінде өнеркәсіп, кәсіпорындарды қалпына келтіруге дайындық жүргізу.
Өнеркәсіп, кәсіпорындардың төтенше жағдайлар кезіндегі проблемаларды шешу үшін басшылық жүйесінің дайындығы.
Экономика объектілерінің тұрақтылығына дайындығын тексеруге алдын-ала зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары объект эксплуатацияға берілмей жатып басталады. Мұндай зерттеулер арнайы мамандар көмегімен техникалық, экономикалық, экологиялық экспертизалар жасау түрінде жүгізіледі.
Объектінің тұрақтылығын зерттеу ( бағалау) үшін келесі нұсқаулықтар жүргізіледі:
экономика объектілерінің схемасына анализ жасап, оның тұрақтылығына әсер ететін элементтерді есепке алу;
объектінің тұрақтылығына, басқару жүйесінің жұмыс істеуіне, технологиялық қондырғылардың электрмен, жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуіне физикалық баға беру;
мүмкін болатын төтенше жағдайлардың объектіге және орналасқан аймаққа алдын-алу болжам жасау;
төтенше жағдайлар әкелетін зардаптардың параметрлерін бағалау ( жер сілкінісі, ядролық жарылыстан болатын соққы толқыны, су басу, сәулеленудің дозасы, улы заттардың әсер ету деңгейі);
қайта зақымдау факторларының параметрлерін бағалау (мысалы: ядролық қаруды қолданғанда);
критерилік параметрлерді анықтау (объектінің жұмысына кедергі келтірмейтін зақымдау факторларының параметрі);
критикалық радиустың әсерін анықтау (объектінің жұмысына кедергі келтірмейтін, зақымдау факторынан есептегендегі минимальді қашықтық);
төтенше жағдайдан кейінгі объектінің жұмысын жалғастыру қабілетін басқа көрсеткіштермен салыстырмалы түрде болжау.
Бұл жағдайларда объектінің сипаты, ғимараттар мен үйлердің саны, олардың орналасу тығыздығы, бір ауысымда істейтін жұмысшылар саны, ғимараттардың конструкциясының ерекшліктері, қондырғылар, коммуналды – энергетикалық жүйелер, қорғаныс құрылыстарының сипаты т.б. есепке алынады.
Зерттеулердің алғашқы этапында өндіріс объектілерінің, оның жеке элементтерінің төтенше жағдайларға тұрақтылығына анализ жасалынады.
Бұл этапта жасалынатын анализдер:
технологиялық комплекстер мен қондырғылардың сенімділігі;
өндірістің жеке бөлімдерінде күтілетін апаттардың зардаптары;
ядролық жарылыс жағдайында соққы толқынының таралуы;
өрт болған жағдайда өрттің таралуы;
уландырғыш заттардың таралуы;
токсикалық, жарылғыш заттардың, өрттің қайта зақымдау (екіншілік) мүмкіндігі.
Зерттеулердің екінші этапында объектінің тұрақтылығын зерттеу шаралары мен төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру шараларына зерттеулер жүргізіледі.
Тұрақтылықты зерттеу кәсіпорын басшылығы, азаматтық қорғаныс басшылығы, инженерлік-техникалық персонал жағынан қадағаланатын, ұзаққа созылатын динамикалық процесс.
Қандайда болмасын объектінің тұрақтылығын жоғарлататын факторлардың бірі болып – персоналдарды қорғаудың сенімді жүйесінің болуы. Осы жағдайларға байланысты адамдарды қорғау ғимараттары салынып, хабар беру қондырғылары орнатылады.
Инженерлік-техникалық қорғау комплексі - өндірістің материалдық құндылықтарын, ғимараттарды, үйлерді, өндірістегі қондырғыларды қорғауға арналған.
Канализация жүйесі, оның дұрыс жұмыс істеуі, ластанған суды тасымалдауы негізгі сұрақтардың бірі болып табылады, себебі канализация жүйесі істен шықса немесе дұрыс жұмыс істемесе ішек ауруларына және де эпидемияға соқтыруы мүмкін.
Электр жүйесін қорғауды тұрақтандыру үшін, электор желілерін жер асты арқылы жүргізу керек.
Объектіні газбен қамьамасыз еткенде оның қауіпсіздік сақтау шараларына көңіл бөлу керек, өйткені өрт пен жарылстарға әкелетін себептерге газ құбырларындағы ақаулар себеп болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар кезінде кәсіпорын мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жүйесіне де зақым келуі мүмкін. Бұл су басу жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда тұрақтылықты күшейту үшін жылу жүйесінің қосалқы варианты болу керек (дублирование).
Ядролық жарылыстар кезінде соққы толқынының әсерінен жер асты коммуникациялары зардап шегуі мүмкін. Сол үшінде жерасты коммуникациялары соққы толқынына төтеп беретіндей етіп оның конструкцияларын күшейту қажет.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зақымдау факторларына экономика объектілерінің орналасу ауданына байланысты болады. Зардап шеккен аудан өз територриясындағы өнеркәсіп пен кәсіпорындар орналасуына байланысты төтенше жағдайлар кезінде шешуші фактор болып табылуы мүмкін.
Эконмика объектісінің тұрақтылық деңгейін анықтаған соң, ақауы бар жерлерінің тұрақтылығын күшейту мақсатында келесі шаралар орындалады:
Төтенше жағдай себептерінің алдын-алу.
Төтенше жағдайдың алдын-алу.
Төтенше жағдайдың зардабына төтеп беру мақсатында объектідегі қондырғыларды рационалды орналастыру, олардың резервінің болуы.
Зақымдау факторларынан қорғау үшін қорғау құралдарын пайдалану және уақыт пен арақашықтықты үнемдей білу.
Экономика объектілернің тұрақтылығын күшейтудің жалпы талаптары – бұл эффективті және экономикалық жағынан қолайлы.
Экономика объектілерінің тұрақтылығын күшейту шаралары алдын –ала жасалған социалды – экономикалық даму және мобилизация жоспарларымен жасалынады. Бұл жоспарды жасайтындар қала әкімшілігінің мобилизация бөлімі және азаматтық қорғаныс басшылығы.
Бұл шаралардың барлығын іске асыратын өрт қауіпсіздігі қызметі мен азаматтық қорғаныс басшылығы.
Төтенше жағдайлардың алдын-алу – қазіргі заманның акутальді проблеммаларының бірі. Алдын-алу шаралары дұрыс жүргізілсе, халық уақытында хабарланса, құтқарушылар құтқару жұмыстарын дұрыс жүргізген жағдайда адам шығындарын азайтуға, материалдық құндылықтарды құтқаруға, және де экономика объектілерінің жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Өнеркәсіп немесе кәсіпорын төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін профилактикалық, инженерлі-техникалық шараларды жүргізген жағдайда төтенше жағдайлардың пайда болу көздері азаяды.
Экономика объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |