Тексерген: ​ Богданов Олег Федорович баяндама



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі80,4 Kb.
#95921
1   2   3   4
Байланысты:
ОРЫНДАҒАН-Тоқтасын Мөлдір

Қантамырлар
Қантамырлар: 
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар — 
күретамырларға, 
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар — Көктамырларға 
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық жəне ұлпалық деңгейде 
үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін "микроайналым арнасының 
қан тамырларына" (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша 
— венула) бөлінеді. 
Күретамырлар мен Көктамырлар қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың 
жақтауы қалың. Түтікше мүше ретінде күретамыр мен көктамырлардың жақтаулары үш 
қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. 
Микроайналым арнасы қантамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған 
ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қантамырлардың ішкі беті 
эндотелиймен астарланған. Көктамырлар интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын 
қақпақшалар (клапандар) болады.[1] 
Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен жəне кіші 
қанайналым шеңбері түзіледі. 
Үлкен қанайналым шеңбері Өңдеу 
Үлкен қанайналым шеңбері - жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа күретамырынан 
басталады. Оттегіге қаныққан қан алдымен қолқа күретамырынана, одан ірі жəне ұсақ 
күретамырларына жеткізіледі. Қан қсақ күретамырларымен ішкі органдарға, жүректің 
өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Органдарда күретамырлар тарамдалып, 
қылтамырларға бөлінеді. 
Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар 
мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, 
көктамыр қанына (Венақа) айналады. Оны көктамыр жүректің оң жақ жүрекшесіне 
құяды. 
Кіші қанайналым шеңбері
Өңдеу 
Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе күретамырынан 
басталады. Ондағы көктамыр қаны өкпе күретамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде 
күретамырынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. 


Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, көктамыр қаны 
күретамыр қанына айналады. Одан төрт өкпе көктамырлары арқылы күретамыр қаны 
жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға 
өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады. 
Кіші қанайналым шеңбері —> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —> өкпеге қан 
тартады —> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады. 
Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен 
байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік 
шеңбер деп те атайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет