Тексерген: Алматы,2020 Жоспар



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі32,01 Kb.
#87719
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет пен өркениет реферат

Қорытынды:
Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адам ның руханилығының құндылығын кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған көріністерімен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл туралы былай дегкн: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдар қойылған. Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі- машиналық». Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғарғы деңгейіне көтерді. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениетте бар. Адам о баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет құбылысының мәнін ашуға көмектеседі.Мәдениет –адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
Адамның қоғамдық прогресс жолындағы әрбір қадамы оның мәдениет жолындағы қадамы болып табылады.
Адамның рухани мәдениеті оның айналасындағы адамдармен қарым – қатынасында көрініс табатын қадір – қасиетінде, адамшылығында, ұяттылығында, тәрбиелілігінде, интеллигенттігінде, қарапайымдылығында. Осы моральдік сана ұғымы, осы адамгершілік қасиеттер адамның руханилығының негізін құрайды. Ал басқа — өнер, әдебиет, ғылым, білім дегендер тәрбиелеу және еңбектену нәтижесінде ұғып алуға болатын материалдар болып табылады.
Адам нағыз гуманды бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани мәдениет және өркениет бір – біріне әруақытта сай бола бермеуі де объективті құбылыс.
Ғылыми – техникалық жетістіктердің адамға ізгілік әкелуімен қатар, бақытсыздық әкелуі де өмірде орын алып отырған жағдай. Хиросима және Нагасаки, Семейдегі ядролық полигон техникалық прогрестің жемісі. Бірақ оны адамға қарсы қолданған адамгершіліктен ада адамның іс — әрекеті. Гуманизмнен, адамның рухани мәдениетінен тыс шынайы прогресс болуы мүмкін емес. Адамды өнерге, рухани байлыққа баулып отыру адамды гуманизм рухында, гуманистік мақсат жолындағы кесапаттарды жеңіп отыратын іскерлік рухында тәрбиелейді.
Ғылымның жоғары мақсаты – адамдарға білім беру. Мәдениет пен өнердің жоғарғы мақсаты – тұлғаның жан жақты дамуы.
Біздің өтпелі қоғамымызда таным және өмір үшін, болашақ тағдырымыз үшін ең маңызды өзекті мәселе – мәдениет және өркениет мәселесі, олардың өзара қарым – қатынасы және бірлігі мәселесі.
Адамдарды әр уақытта болашақ тағдыр ойландырады. Сондықтан да осы мәселе өзінің өміршеңдігімен алдыңғы қатарға шығып отыр.
Тарих өткедерінде, дағдарыстар мен күйреу дәуірінде халықтар мен мәдениеттердің тарихи тағдыры туралы да ойлануға тура келеді. Дәл қазіргі уақытта осындай ой толғақтары біздің қоғамымызға керекті бірден – бір қажеттілік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет