Тексерген: Алматы,2020 Жоспар


ІІ.І Шығыс өркениеті мен мәдениеті



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі32,01 Kb.
#87719
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет пен өркениет реферат

ІІ.І Шығыс өркениеті мен мәдениеті.
Тарихшылар өркениет пен мәдениетті былай қарастырады оларды мемлекетке немесе топталған елдерге әртүрлі деңгейде дамыған және әртүрлі тарихи кезеңдері. Солардың ішіндегі өрениеттерге Ежелгі Үнді, Қытай, Вавилон, Египет және де шығыстың мұсылмандық мемлекеттері. Шығыстың өркениеті Азияның және Африканың көптеген халықтары әртүрлі тілдегі, әртүрлі діндегі халықтарын біріктіреді. Олар әлемдік өркениеттің дамуына өз үлестерін қосты. Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық-билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғарғы өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды,ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері-перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды.Фараондар құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» ұлымын деп жариялады. «Ра» күн құдайы. Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Б.з.б III-II ғ. құдай- патшаларға арналған құрылыстар- пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі –Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы болып саналса, ал Маат- шындық пен тәртіптің құдайына айналды. Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет. Солардың бірі-біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар- құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Б.з.б. екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және т.б. Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі- «Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің «бірі – атақты Александрия шырағы саланды.
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі- Үнді мемлекетінде қалыптасқан өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді- будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыс байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай жазады: «Үнді мәдениеті – жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәденит, бірақ олардың филрософиясы дінмен сабақтас, өзара тығыс байланыста болып келеді.Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтанда да болар, ведалар- діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет