РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері.
Дайындаған:
Тексерген:
Астана 2008
Жоспар
Кіріспе…………………………………………………………………..3
І. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макорэкономикалық үлгілер……………………………………………………4
Микроэкономика теориясыныңимакроэкономикадығы рөлі…4
Макроэкономикалық үлгілер……………………………………5
1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары…………….7
Қорытынды………………………………………………………………9
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………….10
Кіріспе
«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.
- 3 -
I. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макроэкономикалық үлгілер.
1.1 Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі.
Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні үй – шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарда өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с. ірі бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады.
Макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
1.2 Макроэкономикалық үлгілер.
Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.
Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі, ал ендогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, эгзогенді айнымалылардың мәні үлгі құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады.
Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Үлгінің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық міселелерді шешудегі жан – жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэконномикалық үлгілерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет – салық, ақша – несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
- 5 -
Шеңберлі ағым үлгісі, AD – AS, Кейнс кресі, IS – LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгісі сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық талдау жүргізудің негізгі құралдары болып табылады. Бұл үлгілер қандай да бір ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез кедген үлгі экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін танып білудегі пайдалылығымен бағалануы тиіс. Бағалаудың объективтік қиындығы мынада болып табылады: а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгі құрарда оны жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету; ә) макроэкономикалық саясат үшін қате шешімдерді болдырмау. Үлгі жеткілікті дәрежеде нақты өмірді көрсетуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда ол өте күрделіленіп кетуі де ықтимал. Ал өз кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты талап немесе шарт болып табылады. Үлгінің шамадан тыс жеңілдетілуі үлгіде біраз маңызды факторлардың ескерілуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгіні құрудағы басты қиыншылық – нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті факторлар шеңберін анықтау.
- 6 -
1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан – нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан – нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыз байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе – теңдікті» қамтамасыз ететін фактроларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезекте де тепе – теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін – бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе – теңдік және экономикалық динамика. Тепе – теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батис Сэйді (1772 – 1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай – ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірменген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс = шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.
Нақты өмірде Жан Батист Сэй моделінде көрсетілгендей, «сұраным ұсынымы болып табылады», яғни байланстанбайды. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан бастап өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.
- 7 -
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе – теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің идеалды моделі мынаны ескереді. барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: «табыстар сұраным», бірақ «табыстар жинақтау» есем.
Жинақтау инвестициясының негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір бірімен тең екендігі Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарлаға бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным боп аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден бір міндетті экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе – теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуі мен сайма сай келеді.
Жиынтық сұраным – тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным – кез келген баға деңгеціндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.
- 8 -
Қорытынды
Қорытындылай келе қарастырылып отырған «Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері» деп аталатын реферат Негізгі бөлімі мынадай үш бөлімнен тұрады.
Микроэкономика теориясыныңимакроэкономикадығы рөлі.
Макроэкономикалық үлгілер.
1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары.
Макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі, ал ендогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, эгзогенді айнымалылардың мәні үлгі құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады.
Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Қарастырылып отырған реферат Кіріспе, Негізгі, Қорытынды бөлімдерден және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
- 9 -
Пайдаланған әдебиеттер
Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика Алматы, 2003.
Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева., Н.Б. Тастандиева. Микро – макроэкономика терминдерінің орысша қазақша сөздігі. Алмат, 1995.
Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев., Г.К. Султанбекова. Микроэкономика. «Экономика».
Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика», 2000.
С.Р. Тоқсанбай., - Толық экономикалық орысша қазақша сөздік. «сөздік – словар», 1990.
6. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов., «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе 2004
- 10 -
Достарыңызбен бөлісу: |