Тексерген: Бимаканова З. Ш петропавл, 2020ж Тақырыбы


Ортағасырлық цехтардың қызметі мен құрылымы



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі28,78 Kb.
#95696
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тастанов Н.А. исв-12

2. Ортағасырлық цехтардың қызметі мен құрылымы.
Қала халқы негізінен қолөнершілер мен саудагерлерден тұрды. Помещиктерден қашқан крепостнойлар көптеген қалаларда пана тапты. Натуралды шаруашылық басым болған ауылдан айырмашылығы, қала тауар өндірісінің тасымалдаушысы ретінде әрекет етті.
Цехтар- нақты бір қаладағы нақты мамандық иелерінің айрықша одақтарға бірігуі. Цехка біріккен қолөнершілер тікелей өндірушілерге және өндіріс құралдарының меншік иелеріне айналды. Олардың әрқайсысы жеке меншік шеберханаларында өз аспаптарымен, өз шикізатымен жұмыс істеді. Цехтык иерархияда шебер, көмекші-шебер және шәкірттер әртүрлі сатыларда тұратын. Цехтың мүшесі болғысы келгендер оның төменгі екі сатысынан өтуге міндетті болды. Цехтар шәкірттің көмекші шеберлікке, одан шебер дәрежесіне көтеріліуі үшін бірнеше жылдар кажет болды. Көптеген қалаларда цехқа бағыныштылық коленермен айналыскысы келгендер үшін міндетті шарт болатын, яғни қолөнерінің нақты түріне цехтық монополия орнаған еді. Цех мүшелері өндірген бұйымның кедергісіз өтуін және сапасын қадағалады. Осы мақсатпен цехтық жарғылар қабылданды. Күніне канша сағат жұмыс істеу керек, неше станок пайдалану керек, неше көмекші жалдауға болады деген мәселелерге катаң тәртін енгізілді. Бұл тәртіпті бұзғандарға цехтан шығып қалу қаупі төнді. Өндірген бұйымы цех қабылдаған нормаға сәйкес келмеген қолөнершіге де осы тәртіп колданды. Арнайы білікті адамдар, өндірген тауардың сапасын мұқият тексеріп отырды. Қалаға сатуға әкелінген тауардың сапасы да катан бакылауда болды. Цех тек өндірумен ғана айналыспады, цехтар кала үшін де міндеткерліктер атқарды. Мысалы, олар кала корғанысы үшін кажетті әскер бөлуге, өздеріне тапсырылған мүнара мен какпаларда кузет міндетін аткаруга тиіс болды. Цех мүшелері соғыска жеке әскер сабын түзеп, өз цехының туы астында аттанды. Кейбір калаларда цехтар саны бірнеше жүзге жетсе, кейбір калаларда оннан аспады. Цехтар мүлде болмаған калалар да белгілі. Цех мүшелері шеберлер болды. Олар цех бастығы мен цех кеңесін сайлады. Шеберлерге олардың көмекшілері жәрдемдесті. Көмекшілер цех мүшесі болып санал мады, сондыктан да шеберге тиісті артықшылықтарды пайдалана алмады, өз кәсібін жете меңгерсе де өз алдына жеке іспен айна лысуға құқылы болмады. Шебер атану үшін қиын сынактан өту керек еді. Цех 9 ғасырда Византияда, 10 ғасырда Италияда, кейін бүкіл Батыс Еуропа мен Ресейде пайда болды. Шығыс елдерінде (Египет, Қытай), Араб халифаты қалаларында шеберханалар Еуропа елдеріне қарағанда ерте пайда болды. Цехи белгілі бір кәсіптің немесе бірнеше жақын кәсіптің қалалық қолөнершілерін біріктірді. Тек қолөнер шеберлері гильдиялардың толыққанды мүшелері болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет