Орындағандар:
Шамсудин Ақниет
Тексерген:
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының
аға оқытушысыШанбаева Арайлым
Жаһандану мән-мәтініндегі Қазақстан мәдениеті
Ұлттық өзіндік бірегейлену жағдайларында жеткілікті өткір формалар қабылдайтын, дәстүр
мен жаңашылдықтың арасындағы дағдарыстың нақтылығы мен мәжбүрсіздігін еске алмауға
болмайды. Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы жағдайында ұлттық мәдениет ұлттық
мемлекеттіліктің, ұлттық азшылықтардың құндылықтары мен нормаларын, сонымен бірге
этноәлеуметтік және жалпыадамдық мәдени бағдарларды өзінде жинақтайды. Бірақ, білімнің,
коммуникацияның жаңа формаларының, озық технологиялық тәжірибенің басымдылығы, ұлттық
мәдениет шектерінде жеңіл сіңірілетін, жалпыиндивидуалдық заңдылық өлшемдерін қабылдағаны
анық. Модернизациялық үдерістердегі гумандану жағына қарай бұрылыс, мәдени әрекеттегі
тұлғалық басымдылықпен себептелген, жаңа сапалар үшін негіздерді (мәдени, өркениеттік) ашады.
Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық үдерістері жүзеге
асуда, сондықтан этнос мәдениеті әлемдік мәдениет кеңмәтінінен тыс өмір сүре
алмайды. Ұлттық мәдениеттің қайталанбайтындығы оның адамзаттың
өркениеттін қозғалысынан бөлектенуін ұйғармайды. Техногендік әрекеттердегі
жаһандандыру үдерістерін нысанаға алған, бүгін құрастырылып жатқан адамзат
бірлігінің мұраты ретіндегі жаһандану бағдарлары оған қайшылықты қатынас
туғызады. Жаһанданудың ықпалы дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына,
жеке мемлекеттердің дамуына да, этникалық көптүрліліктің сақталу
болашағына да, тұтас мәдениеттің жай-күйіне де тиеді. Түбінде барлық
өзгерістер, жаһанданумен ілесіп жүретін, әлеуметтік-мәдени
трансформацияларға ең сезімтал болып келетін, әрбір адамның өміріне
көшіріледі.
Алайда бұл мәселе бойынша зерттеулерде
жаһанданушы әлем жағдайында күрделі
эволюцияланушы жүйе ретіндегі мәдениеттің күйі мен
жаһанданудаң антропологиялық мәселелері ғылыми
талдауда алғашқы қатарда тұрған жоқ. Мәселенің
экологиялық және геосаяси жақтары, әлемдік
экономиканың интернационалдануы жеткілікті анық
көрсетілген, мәдениет саласындағы үдерістердің
шиеленісуі жеке жаңғырықтық көріністер сапасында
қарастырылады.
Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға күшті толқу береді және адамзат сол мәселелермен
танысқаны кеше емес. Еске түсіретін бір нәрсе, бұл мәдени және әлеуметтік үндестердің
интеграциялық бастамасын дамыту сияқты жаһанданулық тенденция, ХХ ғасырдың соңғы төртінші
ширегінде екпінмен ашылғанымен бірақ та адамзат олармен кемі екі жүз жыл бұрын істес болған. Сол
немесе басқа формада адамзат байланысты қалыптастыруға және өзара байланыс үрдісін
жалғастыруға ұмтылды. Жаһандану өзінің қалыптасу үрдісінде мәдени әлеуметтік мықты дамуға
айтарлықтай тұрақсыз сілкініс берді. Жаһанданудың уақыттық және кеңейіп ашылып “жетілуі”
мәдени әлеуметтік үрдіс ретінде бізге оны тек өткен және алдағы жағдайды салыстыру жолы арқылы
ғана бағалауға мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен қатар жаһанданудың жалпы даму үрдісінің қыр-
сырын толыққанды зерттеуге мүмкіндік береді.
Жаһандану жағдайында ұлттық дәстүрлерді стандартизациялаудан және
ұқсастықа апаратын жолдан шығу, этникалық мәдени жабықтықты,
олардың туыстық белгісі ретінде сақтау мүмкіндігі аз, қанша дегенімен,
әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейінің жақындас
болғанымен мәдени тәжірибенің ортақтығына байланысты типологиялық
біртектіліктен шығуға қол сілтейді. Әрбір мәдениет қайталанбас және
ерекшелігі әркелкі бейнені береді, сондықтан ұқсас мәдениет және қоғам
болмайды. Дегенмен, эмпирикалық әр түрлі жолдар арқылы көрсетілген,
тығыз стилдік қосылған жаһанданумен оңайлықпен олар үйлесе қоймайды.
Жаңа демократиялық Қазақстан шетелдермен мәдени байланыстарды
дамытуға белсенді түрде ат салысып келеді. Мемлекеттің мүмкіндігі шектелген, ал
демеушілік көмек әлсіз және тұрақты емес. Қазіргі жағдайларда әлемдік
қауымдастық бәрі-бір қазақстандық мұражайлардың, музыка мен театрдың
қазыналарымен танысып келеді. Таңдаулы ұжымдар мен орындаушылар
гастрольдерге барып жүр, халықаралық көрмелер мен вернисаждар өткізілуде.
Гастрольдік қойылымдар мен көрмелер шетелдерде тұрақты орасан зор
қызығушылық танытып келеді.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа
интеграциялануы және ол қамтамасыз ете
алатын үлес туралы айта келе, оның
гуманитарлық барлық салаларда дүниежүзілік
ынтымақтастыққа ашық екендігін атап өткіміз
келеді. Демократиялық даму, адамгершілік
шыңдалу әйтсе де жинақталған мәдени мұраны
сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес.
Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы
жылдарды қиындықтарға қарамай, көпұлтты
қазақстандық мәдениет өзінің өміршеңдігін
көрсетті. Қазақстан отандық ғылымның,
білімнің, денсаулықты сақтау ісінің, ұлттық
мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен
бөлісуге дайын.
Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау
және дамыту құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық
еркіндікке, мәдени өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл
конституциялық қағидалар парламент қабылданған «Мәдениет
туралы Заңда», «Авторлық құқық туралы», «Мұрағаттық қорлар
және мұрағаттар туралы», «Мәдени құндылықтарды алып шығару
және әкелу туралы», «Кітапханалық жұмыс туралы», «Мұражайлық
жұмыс туралы» заңдарда ары қарай дамытылды.
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай,
мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. Бұл
жағдайда саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени және
тарихи мұрасын (соның ішінде ЮНЕСКО қамқорлығында тұрған
объектілерді де), ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, қалпына
келтіру және пайдалану, мәдени инновацияларды дамыту, мәдени
құндылықтарды қорғау жүйесін орнықтыру, қазіргі өнер мен дарынды
жастар өкілдерін қолдау, барлық азаматтарға мәдениет және оның
ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік туғызу жатады.
Жуық арада негізгі инвестициялық құюларды мәдени мұраның ерекше
құнды объектілерінің материалды-техникалық негіздерін нығайтуға,
оларды қалпына келтіру мен қайта құруға бағыттау жоспарланып отыр.
Қазақстанда шетелдердің мәдениеті мен оларды бағалаудың
критерийлерін қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді. Халықаралық
келісімдер нәтижесінде біздің елдің қабылдаған, мәдени ынтымақтастық
пен айырбас саласындағы барлық міндеттіліктерді бұлжытпай орындау
керек. Олардың әрекеті мәдениетпен байланысты, үкіметтік емес барлық
халықаралық ұжымдардағы Қазақстанның рөлін белсенді ету барған
сайын маңызды болып келеді.
Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму
динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-
мәдени жағдайларға байланысты,
қайшылықты және күрделі процесс болып
көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының
көп этникалық табиғаты, оның дамуының
анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік
беретін, шектер мен өлшемдерді
белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың
рухани өмірі, қаншама ұлттық
құндылықтар бүкіләлемдік,
жалпыөркениеттік дерек, құбылыс
маңыздылығына ие болғанда немесе бола
алатындығында, соншама оқиғалығында
және қоғамдық көркейтілуінде өзін
көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек
қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес,
ол Қазақстанда өмір сүретін барлық
ұлттар мен этникалық топтардың рухани
өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы,
қазақстандық ұлт
институционализациясының
жүйеқұрастырушы факторы болып
б
Достарыңызбен бөлісу: |