Байланысты: СӨЖ Акселерация және ретардация реактивтілік және организмнің резистенттілігі
Организмнің резистенттілігі – оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі, яғни қарсы тұру қабілеті. Екі термин де тірі организмнің негізгі қасиеттерін айқындайды, әрі бірімен бірі байланысты. Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда болуында, дамуында, патологиялық процестердің өту барысында мәні бар. Сондықтан, ауру патогенезін түсіну үшін организмнің осы қасиеттерін зерттеу қажет.
Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік көне медицина дәуірінде қалыптаса бастады. Бұл жөніндегі мәліметтерді көне қытай және көне үнді медициналарынан табуға болады. Алайда ол көне грек медицинасында неғұрлым нақты формада қалыптасты. Сол кездің өзінде ақ дәрігерлер әр түрлі адамдардың ауру тудыратын әрекетті түрліше сезінетіндігін білді. Мұны Гиппократ организм сөлінің біркелкі араласпауынан –дискразиядан деп түсіндірді. Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында басталды. Глиссон тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік қасиетімен сипаттады.Реактивтілік кез келген тірі организмге тән қасиет. Малдарда байқалатын реактивтіліктің түрліше өзгеруі негізінен алғанда қорғаныш сипатында болады. Реактивтілік мынадай 3 формада білінуі мүмкін :көтеріңкі, бәсең, қалыптан тыс деп бөлінеді.Организм реактивтілігінде нерв жүйесінің ролі – көптеген шетел авторлары реактивтілік күйін сандық көрсеткіш тұрғысынан бағалауға әрекет етті. Алайда реактивтіліктің тек сандық жағын ғана зерттеп ,бағалап,оның сапалық ерекшеліктерін ескермеу дәл болмайды, әрі дұрыс емес. Реактивтілік механизмінде бүйрек үстіндегі безінің маңыздылығы ,негізінен алғанда қыртысты заттардың гормондары арқылы білінеді. Реактивтілік түрлері және олардың сипаттамасықазіргі жіктеуге сәйкес негізгі реактивтілік түрлеріне дені сау және ауру мал организмдері реактивтілігінің жалпы формасынан ең көрнектісі биологиялық реактивтілігі болып табылады. Әйгілі патофизиолог Н.Н. Сиротинин, организм реактивтілігі мәселесімен айналыса отырып, тұжырымдаған : «Организм реактивтілігі деп - оның сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтару қабілеттілігін айтады. Организм резистенттілігі – оның патогендік факторлардың әсеріне тұрақтылығы ». Психикалық дамудың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М. С. Певнзер, Т. А. Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл бөлумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яни ол психикалық және психофизикалық түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.
Қорытынды бөлім Акселерация қазіргі замандағы адамдардың физиологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қабілетін азайтатындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек. Организмінің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларынын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Организм реактивтілігі деп оның белгілі бір түрде физиологиялық және зақымдаушы факторлар әсеріне жауап қайтаруын айтамыз. Яғни, реактивтілік – бұл қалыпты организмнің сыртқы орта әсерлерінен тіршілігін өзгертуге қабілеттілігі. Реактивтілік, тек жалпы нерв жүйесі бар организмге тән қасиет қана емес, бұл оның жеке жүйелеріне, мүшелері мен жасушаларына да тән. Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Шабалов М. П. «Балалар ауруы.» С-Петербург,2007 Б.Т ү сіп қ алиев « Балалар аурулары пропедевтикасы». Интернет желісі Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. – 1028 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. – 482 А. П. Чабовская Основы педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста Москва. Просвещение, 1997 г. 6. Ю. Ю. Елисеев. Полный справочник «Внутренние болезни» . Москва ЭКСМО 2003 г.