МӨЖ Тақырыбы: «Қазіргі заман философиясының негізгі концепциялары» Орындаған: ЭжБЖ, Жоламанов Б.Н.. Тексерген:Жанатаев Д.Ж. Алматы 2020
ЖОСПАР КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ Қазіргі заманның философиялық парадигмаларының жалпы сипаты
Қазіргі заман философиясындағы иррационалистикалық — гуманистік бағыт
Қазіргі заман философиясының позитивтік тенденциясы ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін талдайтын дүниені танудың айрықша формасы. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Философия – бұл адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы. Философия-үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Философия тарихының негізгі кезеңдерінің бірі-қазіргі батыс философиясы.
ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы позитивизмнің, экзистенциализмнің, марксизмнің, герменевтиканың, неотомизмнің және т.б. философиялық ілімдердің пікір таласынан, сұхбаттасуынан құралған. құралған. Қазіргі философияда бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға болады. Біріншісі -сциентизм (лат scientia–ғылым) болса, екіншісі – ол антисциентизм болып табылады. Ол дегеніміз рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар: сциентизм, яғни рационалдық–ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада - психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін қолдана отырып, ақыл-ойға сенім білдіреді. Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенсе, ал антисциентизм ақыл-ойға және ғылымға сенбейді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді: 1.-ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға салу, дәлелдеу;2.-ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді, сондықтан логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп есептейді.