Тексерген: Кошекова А. А



бет6/6
Дата04.10.2022
өлшемі1,56 Mb.
#151522
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ежелгі дәуір әдебиеті

Он томдық "Қазақ әдебиеті тарихының" 2-томында ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері, Қарахандықтар тұсындағы және Алтын Орда заманындағы әдебиет тұтастай қамтылып, жан-жақты зерттелген. Бұрындары зерттелген шығармалармен қатар кейбір көркем туындылар ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр. Зерттеу барысында тек қазақ тіліндегі ғана емес, түркі халықтары тілдеріндегі, араб, парсы, орыс, Батыс Европа тілдеріндегі ежелгі қазақ әдебиетіне қатысты дерек көздері пайдаланылды. Зерттеушілердің еңбектері арқылы ежелгі әдебиет тарихының хронологиялық шегі анықталып, негізгі даму кезеңдері айқындалған. Соның нәтижесінде әдебиетіміздің тарихи дәуірдегі әдебиетке қатысты жәдігерлер, көне түркі әдебиеті, Қарахандықтар тұсындағы әдебиет және Алтын Орда әдебиеті деп төрт кезеңге бөлініп қарастырылып, әр бөлімнің алдында кезең әдебиеті туралы кіріспе мақалалар берілген. Монографиялық тарауларда көне түркі жазба ескерткіштері - "Күлтегін", "Тоныкөк" жырлары, "Қорқыт Ата кітабы", "Оғыз-нама" дастаны талданып, ежелгі әдебиеттің көрнекті өкілдері М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иасауи, А.Иүгнеки, С.Бақырғани, Хорезми, Рабғұзи, С.Сараидың шығармашылықтары жан-жақты зерттелген. "Кодекс куманикус" атты қыпшақ тіліндегі сөздік әдеби ескерткіш тұрғысынан қаралған. Әлидің "Нахджул-Фарадис" атты шығармасы алғаш рет ғылым объектісіне айналды. Жалпы, көп ғасырлы көркем даму үрдісі сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет, Түркі-Қытай арасындағы мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ рухани мұралар, Түркі-Моңғол бірлігі заманындағы мәдениет аясында қарастырылып, орта ғасырлардағы қазақ даласында ислами әдебиеттің қалыптасуына әкелгені туралы тұңғыш рет арнайы түрде зерттелді. Бұл томдарды жазуға қатысқандар және оның құрылысы мен мазмұнына тоқтала кетсек, төмендегідей: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.А.Қасқабасов және филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Қорабай («Кіріспе»), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жармұхамедұлы («Оғыз-наме», «Ахмет Иасауи»), филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Келімбетов («Сақтардың қаһармандық дастандарың, «Алып Ер тоңға», «Шуң дастаны», «Ғұндардың батырлық жырлары», «Аттиллаң дастаны», «Көк бөрің дастаны», «Ергенекон» дастаны», «Түркі қағанаты тұсындағы әдебиет»), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Бердібай және филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев («Қорқыт Ата кітабы»), филология ғылымдарының докторы, профессор [А.Қ.Егеубаев] («Қарахандықтар тұсындағы әдебиет», «Жүсіп Баласағұн», «Махмұт Қашқари»), филология ғылымдарының кандидаты Т.Қыдыр («Сүлеймен Бақырғани»), филология ғылымдарының кандидаты С.Қосан («Кодекс Куманикус»), филология ғылымдарының кандидаты А.Әлібекұлы («Сақ-ғұн заманынан жеткен әдеби сарындар», «Хуастуанифт» әдеби жәдігері»), А.Әбдірәсілқызы («Әл-Фараби») филология ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының кандидаты Г.Құрманғали («Ахмет Иүгнеки»).

  • Он томдық "Қазақ әдебиеті тарихының" 2-томында ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері, Қарахандықтар тұсындағы және Алтын Орда заманындағы әдебиет тұтастай қамтылып, жан-жақты зерттелген. Бұрындары зерттелген шығармалармен қатар кейбір көркем туындылар ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр. Зерттеу барысында тек қазақ тіліндегі ғана емес, түркі халықтары тілдеріндегі, араб, парсы, орыс, Батыс Европа тілдеріндегі ежелгі қазақ әдебиетіне қатысты дерек көздері пайдаланылды. Зерттеушілердің еңбектері арқылы ежелгі әдебиет тарихының хронологиялық шегі анықталып, негізгі даму кезеңдері айқындалған. Соның нәтижесінде әдебиетіміздің тарихи дәуірдегі әдебиетке қатысты жәдігерлер, көне түркі әдебиеті, Қарахандықтар тұсындағы әдебиет және Алтын Орда әдебиеті деп төрт кезеңге бөлініп қарастырылып, әр бөлімнің алдында кезең әдебиеті туралы кіріспе мақалалар берілген. Монографиялық тарауларда көне түркі жазба ескерткіштері - "Күлтегін", "Тоныкөк" жырлары, "Қорқыт Ата кітабы", "Оғыз-нама" дастаны талданып, ежелгі әдебиеттің көрнекті өкілдері М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иасауи, А.Иүгнеки, С.Бақырғани, Хорезми, Рабғұзи, С.Сараидың шығармашылықтары жан-жақты зерттелген. "Кодекс куманикус" атты қыпшақ тіліндегі сөздік әдеби ескерткіш тұрғысынан қаралған. Әлидің "Нахджул-Фарадис" атты шығармасы алғаш рет ғылым объектісіне айналды. Жалпы, көп ғасырлы көркем даму үрдісі сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет, Түркі-Қытай арасындағы мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ рухани мұралар, Түркі-Моңғол бірлігі заманындағы мәдениет аясында қарастырылып, орта ғасырлардағы қазақ даласында ислами әдебиеттің қалыптасуына әкелгені туралы тұңғыш рет арнайы түрде зерттелді. Бұл томдарды жазуға қатысқандар және оның құрылысы мен мазмұнына тоқтала кетсек, төмендегідей: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.А.Қасқабасов және филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Қорабай («Кіріспе»), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жармұхамедұлы («Оғыз-наме», «Ахмет Иасауи»), филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Келімбетов («Сақтардың қаһармандық дастандарың, «Алып Ер тоңға», «Шуң дастаны», «Ғұндардың батырлық жырлары», «Аттиллаң дастаны», «Көк бөрің дастаны», «Ергенекон» дастаны», «Түркі қағанаты тұсындағы әдебиет»), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Бердібай және филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев («Қорқыт Ата кітабы»), филология ғылымдарының докторы, профессор [А.Қ.Егеубаев] («Қарахандықтар тұсындағы әдебиет», «Жүсіп Баласағұн», «Махмұт Қашқари»), филология ғылымдарының кандидаты Т.Қыдыр («Сүлеймен Бақырғани»), филология ғылымдарының кандидаты С.Қосан («Кодекс Куманикус»), филология ғылымдарының кандидаты А.Әлібекұлы («Сақ-ғұн заманынан жеткен әдеби сарындар», «Хуастуанифт» әдеби жәдігері»), А.Әбдірәсілқызы («Әл-Фараби») филология ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының кандидаты Г.Құрманғали («Ахмет Иүгнеки»).

Қорыта айтқанда, ежелгі дәуір әдебиеті – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра .

  • Қорыта айтқанда, ежелгі дәуір әдебиеті – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра .

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет