Тексерген: Кошекова А. А



бет4/6
Дата04.10.2022
өлшемі1,56 Mb.
#151522
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ежелгі дәуір әдебиеті

Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ.) деп аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғат ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”), Жүсіп Баласағұнның “Құтты біліг”, Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметі” (“Ақыл кітабы”), Сүлеймен Бақырғанидің “Бақырғани кітабы” және т.б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосты.

  • Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ.) деп аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғат ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”), Жүсіп Баласағұнның “Құтты біліг”, Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметі” (“Ақыл кітабы”), Сүлеймен Бақырғанидің “Бақырғани кітабы” және т.б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосты.

XІІІ-XV ғасырларда Дешті Қыпшақ даласында авторлық ауыз әдебиеті суырып салып өлең шығару, ауызша орындау және ауыздан-ауызға берілу түрінде дамып өркендеді. Оның басты ерекшеліктері ретінде авторының болуын, мәтінінің біршама тұрақтылығы мен мазмұнының нақтылығын, шығарманың адресаты - арналған адамның болуын, сондай-ақ шығарма стилінде автордың даралығының болуын, оның өзінің "менін" көрсетіп отыруын атау керек. Бізге жеткен авторлық поэзияның ең ертедегі үлгісі XІІІ-XV ғасырларға жатады. Бұл - "Ұлық жыршы" атанған Кетбұға, әйгілі Қотан, Ақжол (Дайырқожа), Сыпыра жырау шығармалары . Олардың өмірбаяндары мен шығармашылықтары туралы деректер өте жұтаң және негізінен аңыз күйінде жеткен. Мазмұны мен жанры жағынан әр түрлі мәтіндер сол дәуірдегі Алтын Орда қоғамының рухани өмірінде ақындар мен жыраулар басым болғанын дәлелдейді.

  • XІІІ-XV ғасырларда Дешті Қыпшақ даласында авторлық ауыз әдебиеті суырып салып өлең шығару, ауызша орындау және ауыздан-ауызға берілу түрінде дамып өркендеді. Оның басты ерекшеліктері ретінде авторының болуын, мәтінінің біршама тұрақтылығы мен мазмұнының нақтылығын, шығарманың адресаты - арналған адамның болуын, сондай-ақ шығарма стилінде автордың даралығының болуын, оның өзінің "менін" көрсетіп отыруын атау керек. Бізге жеткен авторлық поэзияның ең ертедегі үлгісі XІІІ-XV ғасырларға жатады. Бұл - "Ұлық жыршы" атанған Кетбұға, әйгілі Қотан, Ақжол (Дайырқожа), Сыпыра жырау шығармалары . Олардың өмірбаяндары мен шығармашылықтары туралы деректер өте жұтаң және негізінен аңыз күйінде жеткен. Мазмұны мен жанры жағынан әр түрлі мәтіндер сол дәуірдегі Алтын Орда қоғамының рухани өмірінде ақындар мен жыраулар басым болғанын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет