Тексерген: Кунаков Н. Н. Тобы: 706 Ақтөбе 2016


Контрацепция түpлepi, көpcетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, асқынулары



бет2/6
Дата24.09.2022
өлшемі7,27 Mb.
#150579
1   2   3   4   5   6
Контрацепция түpлepi, көpcетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, асқынулары
Контрацепция - бұл үнемі және кездейсоқ жыныстық өмір барысында қалаулы емес жүктіліктен сақтанудың бірінші профилактикасы десек те болады. Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Күтпеген жүктіліктен сақтану әдістері бөлінеді:
1. Ішілетін құрама контрацептивтер.
2. Инъекцияльқ контрацептивтер.
3. Имплантанттар (норпланта).
4. Әйелдердің стерилизациясы.
5. Вазэктомия (еркектердіңстерилизациясы).
6. Презервативтер.
7. Жатырішілік заттар.
8. Қынаптықәдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).
9. Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс).
10. Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).
Ішілетін құрама контрацептивтер (ІҚК) - тиiмдi, қайтымды контрацепция әдісі. Әйелдер препараттарды кез келген жасында қолдана алады. ІҚК етеккір айналымын реттейді, етеккірдің ауырсынуын және созылуын азайтады. Емшек емізетін аналарға ұсынылмайды, өйткені емшек сүті азайып кетуі| мүмкін. Жатырдан тыс жүкті болудың, аналық бездегі кистаның, аналық бездегі қатерлі ісіктің, сүт бездерінің қатерсіз iciктepінің даму қауіп-қатерін азайтады.
Инъекциялық контрацептивтер –ұзақ мерзімді, қайтымды және қaуіпсіз құрал. Құпиялылықты толық қамтамасыз етеді. Емізетін әйелдер босанғаннан кейін 6 аптадан соң қолдана алады. Инъекцияны әр 3 ай сайын жасап тұру керек.
Имплантанттар (норпланта) - әйелдердің иығының жоғарғы жағына енгізілетін 6 капсула жиынтығынан тұрады. Қайтымды әдіс кезінде жүкті болудан сақтану мepзімі ұзақ (5 жыл). Жүкті болу қабілеті капсуланы алған мезеттен қалпына келеді.
Әйелдердің стерилизациясы - әйелдерге арналған отбасын
жоспарлаудың хирургиялық және қайтымсыз әдіci.
Презервативтер - АИВ/ЖИТС қоса алғанда, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан, жүктіліктен қорғайды. Жыныстық серіктерде қанағаттанбаушылық ceзімі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет