Тексерген: Кунаков Н. Н. Тобы: 706 Ақтөбе 2016


Репродуктивті денсаулықты қорғау



бет6/6
Дата24.09.2022
өлшемі7,27 Mb.
#150579
1   2   3   4   5   6
Репродуктивті денсаулықты қорғау – бұл репродуктивті денсаулықпен байланысты мәселелердің алдын алу және оны шешу жолдары арқылы репродуктивті денсаулыққа қолдау көрсететін және отбасы немесе жеке адамның саулығына ықпал ететін факторлардың, әдістердің, процедуралар мен қызметтердің жиынтығы.
Халықтың денсаулық жағдайына 4 факторлар тобының әсер ететіні белгілі:
  • солардың ішінде негізгі топты қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторы(55-60%),
  • әйелдер мен ерлердің өмір салты, қоршаған орта факторы (20% - экологиялық факторлар),
  • генетикалық (15-18%)
  • медициналық(10%) факторлар құрайды.

Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау барысында елімізде барлық емханаларда отбасын жоспарлау кабинеттері жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау кабинетінің жұмысы туралы - жүктілікті жоспаралу мәселелері және жүктіліктен сақтанудың замануи әдістері мәселелері бойынша уақытылы ақпараттандыру және кеңес беру; - ұрықтануға қарсы заттармен қамтамасыз ету; - жүктілікті ойланып және еркін жоспарлау; - жағымсыз жүктілікті болдыртпауға тырысу; - жүктілік пен туу арасындағы уақытты 2-3 жыл ағымында үйлестіру; - ата-аналар жасынан тәуелді бала туу уақытын таңдауды бақылау; - отбасында балалар санын анықтау.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, отбасын жоспарлау дегеніміз – бұл ерлі| зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардың жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған ic-әрекеттері болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде халықаралық отбасы күні 1994 жылдың 15 мамырынан бастап өтілуде. Отбасы - өмір бойы біздің қасымызда болатын ең жақын адамдар. Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясында әйелдерге «Сіздер- отбасының тірегісіздер, еліміздің болашақта қандай болатына балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» деп айтқан. От басын жоспарлау - бұл кейбір жеке адамдар мен ерлі - зайыптылардың қалаулы емес жүктіліктен сақтануына, дүниеге келетін сәбилердің уақытымен, санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап,осы таңдауды қадағалауға арналған шаралар жиынтығы. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Жалпы айтқанда ,жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаты –ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс.
Әдебиеттер:
  • «Денсаулық» журналы, - 2011(№3). – 28-29 бет.
  • «Гинекология» Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко Мәскеу, 2015ж
  • «Гинекология» Э.К. Айламазян Санкт Петербург, 2008 ж
  • Здоровый человек и его окружение: учебное пособие / Д.А. Крюкова, Л.А. Лысак, О.В. Фурса – Ростов н/Д.: Феникс.2012
  • Интернет желісі



Назарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет