Тексерген: Нұрсұлтан, 2020ж



Дата08.04.2020
өлшемі42,99 Kb.
#61932
Байланысты:
көрнекілік

КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Орындаған:

Тексерген:

Нұрсұлтан, 2020ж

МАЗМҰНЫ


І.КІРІСПЕ ____________________________________________________ 3

ІІ. КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ. КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ___________________________________

2.1. ЖАЗБА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ____________________

2.2 СЫЗБА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ САБАҚТА ҚОЛДАНУ______________


ІІІ. САБАҚТА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ_______________________________

ҚОРЫТЫНДЫ_________________________________________________

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_______________________________ 25

КІРІСПЕ

Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар.Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды.Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді.Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады.



Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 – 1670) 17 ғ-да енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 – 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 – 1870/71), т.б. К-ті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды.

Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график. материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары – кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик. аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.“Көрнекілік” дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: “көрнекілік – оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным” деген анықтама берілген.

II. КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ. КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Оқуәдістемелік кешеннің бір бөлігі ретінде көрнекілік құралдары пән мазмұнының, оның ұйымдастырылуы мен оқутәрбие жүйесінің біртұтастығын талап етеді. “Көрнекілік” дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: “көрнекілік – оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным” деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.

Көрнекілік пәнді оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі.

Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:

- көру көрнекіліктері;

- есту көрнекіліктері;

Көру көрнекіліктеріне: сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады. Есту көрнекіліктеріне: техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн.

Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы сол пәннің қоршаған ортамен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жанжақты мағлұмат алады.Қазіргіақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлесі бола жүріп мынадай басты міндеттерді алғақойдым:бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын,логикалық ойлауын, жалпы жан-жақты қабілетін дамыту. Баяндамада оқылып кеткендей топтастыру әдісін пайдаланамын. Ол үшін сол тақырыпқа байланысты қиынды суреттер жинап, топтастырамын.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті - қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады. Өз тәжірибемнен байқағанымдай бала сөйлей бастасымен өзінің мекен-жайын, телефон нөмірін жаттай бастайды.Міне сан, санау осыдан басталатыны анық. Сол сияқты балаларға 1-10ға дейінгі сандарды таныстырып,ойындарды ойнатуға болады. мысалы:"өз орныңды тап","жоғалған сандар","көршісін ата",""т.б. Уақытпен таныстырғанда картон қағаздан жасалған сағатты пайдаланамын.Сағаттың тілін санға апарып уақытты және мезгілді айтады. Мысалы:сағат түскі 1 болды.Кешкі 6-да тамақтанамыз. Санның құрамын табуға картон қағаздан жасалған гүл немесе үйді пайдаланамын. Геометриялық пішіндермен таныстырғанда дәннің қорабынан жасалған корапқа 5 түрлі пішінді он данадан салып қойып, оларды салыстыруға санауға және түсін ажыратуға болады. Сауат ашудан көбіне үлестірмелі қима қағаздарды пайдаланамын.

Балалардың бос отырмауы үшін осы қима қағаздарды беріп сөздер жаздырамын. Кубикті лақтыру арқылы әріптен сөздер құрастыруға , суреттерді көру арқылы әңгімелеуге үйренеді.

Жыл мезгілдері , үй және жабайы жануарлары, құстарға арналған папкілерді бастап ішін суреттерге толтырып көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.Сөзжұмбақ ребустарды интернеттен алғаннан гөрі қолдан салып балаларға көрсетсе анық көрінеді.Сабақта тақырыпқа байланысты постерлер пайдалану балалардың білімін бекітуде тиімді әдіс болып табылады.

Мақал- мәтел жұмбақ тыйым сөздер сергіту сәттерін кітапша етіп шығарып керек кезінде қарап пайдалануға болады.Заң талаптары негізінде бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.Қай елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы – ұрпағы екені белгілі. Олай болса тілінің қасиетін, туған жерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бала бойына жеткізе білу әрбір тәрбиешінің басты борышы, сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары, саналы дейінгі балалардың қарапайым азамат ретінде қалыптастыратын алғашқы баспалдақ –балабақша және мектеп алды дайындық сыныптары.

2.1. ЖАЗБА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ


Дидактикалық принцинтердің бірі- оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте білім беруде, окытуда жазба көрнекіліктер пайдалану, сабақтың сапалы, қызықты, тартымды өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту мен көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда да көрнекілікті пайдалану, оқушының ана тілін құрметтеуге, сонымен бірге тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпалын тигізеді. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді. Әсіресе, қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсіндіруге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін.

Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып, пайдалану қажет.Жазба көрнекіліктер деп бір қағазға жазылған түрлі көрнекіліктерді айтамыз. Олар: сызба (схема, таблица) кеспе (карточка) грамматикалық материалдар үшін көбірек қолданылады. Сызба көрнекіліктер қабырғаға ілінеді. Көлемі жағынан түрліше болып келеді. Кейде үлкен плакат көлемінде, кейде оның жартысындай болуы мүмкін. Сызба көрнекіліктер қолдану мерзіміне қарай екі түрлі болып келеді.

1).ұзақ уақыт қолданылытын көрнекіліктер.
2). Бір сабақта қолданылатын көрнекіліктер.

Жазба көрнекіліктердің түрі - кеспе көрнекіліктері. Бұл көрнекіліктер сабақта жиі қолданылады, оны пайдалану өте ұтымды.

Қазақа көрнекіліктердің түрі - кеспппеде А.Байтұрсынов кеспе көрнекіліктің талай үлгісін берген. Заманның ағымына қарай кейінгі кезде кеспе көрнекіліктер сабақта күнделікті қолданылып отырады.Үлестірмелі кеспе әр оқушының ерекшелігіне қарай жеке жұмыс жүргізуіне өте ыңғайлы. Мысалы, үлестірмелі кеспе арқылы әр оқушыға әр түрлі тапсырма беруге болады. Үлестірмелі кеспе өтіліп жатқан материалдың мазмұнына қарай, әр сабақта пайдаланылады.Мысалы, тақырыпты өткенде мынадай үлестірмелі кеспе таратып, оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін байқауға болады Бұл үлестірмелі кеспе оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазақ тілінен жасалған бірнеше сызба көрнекіліктерді таныстырып өтейік.
1-кеспе
1. Жүрегі алып ұшты қобалжыды.
2. Төбесі көкке жетті -...
3. Бармағын тістеді.-...
4. Жермен жексен етті.-...
5. Қол ұшын берді. -...
Бұл кеспе арқылы оқушы тұрақты тіркестің беретін мағынасын өздері тауып дәптерлеріне жауабын жазады.

2- кеспе
Мына тұрақты тіркестердің антонимін тап.
1. Жүрек жұтқан .- су жүрек.
2. Иттерісін басына қаптады.-...
3. Жүрегі қарс айырылды. -...
4. Ұшан -теңіз.-...
5. Қой аузынан шөп алмас. -..

3 -кеспе.
Өзараспе.зынан шөп алмас. -.....мін тап. береті
1. Көз ілмеді, Түн ұйқысын төрт бөлді, Кірпігі айқаспады, Көрер таңды көзімен атырды-ұйықтамады.
2. Жұмған аузын ашпады.-...
3. Төбе шашы тік тұрды. -...
4.Тонның ішкі бауындай . -...
4 - кеспе.
Мына сөздерді тұрақты тіркес түрінде жаз.
1. Тез, жылдам - Сүт пісірім уақытта, Қас пен көздің арасында, Көзді ашып жұмғанша. т.б
2. Қуанды -...
3. Жуас момын -...
4. Жақын, жуық жер - ...
5. Алыс -...
6. Тура айтады -...
7. Сұлу, көркем -...
Бұл кеспелерді оқушыларға таратып, оқушылардың «Тұрақты тіркестер» тақырыбын қалай меңгергендіктерін берген жауаптарына қарай байқап отырады. Кеспе оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, жеке жұмыс жасауына септігін тигізеді. Сонымен қатар сапалы білім алуға көмектеседі.
Сабақты тартымды өткізудің, уақытты тиімді пайдалана білім берудің және оқушылардың білімін тексерудің тиімді тәсілдерінің бірі- үлестірмелі перфокарталармен жұмыс жүргізу.

Әрбақты тартымды өткізудің, уақытты тиімді пайдалана білім берудің және оқушылардың білімін тексерудің тиімді тәсілдерінің бірі- үлестірмелі перфокарталармен жұмыс жүргізу. мыс істеп, жеке жұмыс жасауына сауға болады.Бұл перфокарталар сабақ тақырыбына сәйкес жасалынып отырады. Перфокарталарды өтілген тақырыптың мазмұнына қарай ауыстырып отыру қажет. Перфокартаның бірнеше үлгісін көрсетіп өтейік. Перфокарталар септік, көптік жалғауларын өткенде, оларды меңгерту, бекіту мақсатында да қолданылып жүр.
1 - перфокарта.
Дыбыстар Қатаң Ұяң Үнді
В +
Қ +
Һ +
Н +
Л + +
Д +
Бүктемелі перфокарталардың ішіне оқушылардың өздеріндегі ақ қағаздарды салып, фамилияларын жазып, жоғарыда көрсетілгендерді талдайды да, ішіндегі дыбыстарды қатыстырып сөйлем құрайды.
2 -перфокарта .
Сөздер қыз гүл бала үй кітап есік
жалғаулар
-лар,-лер,
-дар,-дер,
-тар, -тер,

Ұзақ, -тер, үл бала үй кітап есікоқушылардың өздеріндегі ақ қағаздарды салып,

2.2 СЫЗБА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ САБАҚТА ҚОЛДАНУ



Бұл көрнекіліктерді жаңа сабақ өткенде әр тақырыпқа байланысты пайдаланған өте тиімді. Оқушылар жаңа сабақты теория жүзінде емес, практика жүзінде көзбен көріп, өтілген сабақты ауызша он қайталағаннан гөрі, көздерімен көріп, ұққандары тез есте қалады. Жаңа сабақты өткенде көрнекілік арқылы жаңа сабақты тез ұғып, тез меңгереді. Физика заңдылықтары, Менделеев таблицасы, қазақ тілінің заңдылықтары т. б. күнде ауысып отырмайды, сондықтан бұл көрнекіліктерді жылда керек кезінде көрсетуге болады. Сызба көрнекіліктер әр сабақ сайын қолданылады. Бір ғана сабақта қолданылатын сызба көрнекіліктер де ете жиі пайдаланылады. Ол таныс емес материалдарды нақты түсіндіруге, меңгертуге өте ыңғайлы.
Мұндай сызба көрнекіліктер қазақ тілі бойынша мазмұнына қарай лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді.

Ал қолданылуы жағынан салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау болып бөлінсе, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып келеді.Лексикалық сызба сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.Лексикалық сызба мазмұны жағынан әр түрлі болады. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, антонимдер, синонимдер, омонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөзде (неологизмдер) жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақал мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты сызбалар жасалады.

Осындай мақсатта жасалған сызбалар лексика саласын өткенде әр тақырыпқа байланысты қолданылып отырады.
Қазақдай мақсатта жасша жасалған бірнеше көрнекілікті мысалға келтірейік.______________________________________________________
Байтұрсынов Л. Тіл тағылымы-Алматы, Ана тілі, 1992жыл-448бет

Синонимдік қатар: Мысалдар , Қайсалдар Л. Тіл тағы
Оқушы,
шәкірт
Аспан,көк, әуе
Сағила – Жақыпбектің оқушыларға үлгі ететін адамдарының бірі еді.(М.И.) Мен оны не алтыншы, не жетінші класта оқитын шәкірт бола ма деп жобаладым. (З.Ш.) Кешке қарай аспанды бүркеп
алатын күздің сұр бұлтты ол түні жоқ еді.(С.М) Көктегі күн жер үстін қарық қылып түр.(С.С) Әуе кемесі дегеніміз — аспанға ұшатын аэроплан. (С.С.)
Зат есім. Кім?
Зат есім. Не?
Сөздің тура мағынасы, Сөздің ауыспалы мағынасы, Ауыспалы мағынада қолданылған сөздің мәні /1 2 3/
Кішкентай Самат бесікте ұйықтап жатыр. Машина бөлшектері, трубалар, әр түрлі аспаптар болаттан жасалады. (Химия оқулығынан) , Су қазған арықтың терең арнасы бойларынан келеді. (С.Сарғ.), Қаттызған арықтың терең арнасы бойларынан келеді. (, Ел іші – алтын бесік (мақал). Амантай қазақ еңбекші бұқарасының ішінен шыққан құрыш болат еді. Мына топта Гроза жүргізген саяси үгітті одан терең ұққан кісі жоқ тәрізді. (С.М.) Туған жер, Отан асыл. Берік, мықты
Антоним сөздер Қай сөз табы,
сұраулары
Мысалдар
Жаз-қыс, қуаныш-қайғы, дос-қас
Жаңа-ескі, ауыр-жеңл, үлкен-кіші, ақ-қара.

Алу-беру, жану-сөну

Ерте-кеш, жоғары-төмен
Не? Кім? Зат есім.
Қандайм? Зат есі
Не істеу? Етістік
Қашантеу? Етістік өмен лкен-кіші, ақ-қара.ан терең ұққан кісі жоқ тәрізді. (С.

Ескі дүние тозды, жаңа дүние озды.

Туылғаныңа сен қуансаң, бергеніме мен қуанамын. (Ғ.М)

Игіліктің ерте кеші жоқ. (ма
Жай сөз тіркестері Тұрақты сөз тіркестері
1. Әкесі ат үстінен кішкентай Айбекті көтеріп алды.
2. Асан қойдың аузынан шөпті жұлып алды. 1. Жұмысқа ат үсті қарауға болмайды.
2. Ержан қой аузынан шөп алмайты
Матемагика сабағында сызба көрнекіліктерді пандалану.

Оқушылардың математикаға деген қызығушылығым арттыру-қазіргі кезде ғылым мен техника даму деңгейінде әрбір оқушыға саналы білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуына мүмкіндіктер туғызады. Оқушының математикадан білімін арттырудың бір жолы сабақта көрнекті құралдарды көптеп пайдалану болып есептелінеді. Сабаққа сызба көрнекіліктерді математика сабағында көптеп қолдануға болады. Бұл сызба көрнекіліктер арқылы өткен сабақтың теориясын практика жүзінде көрсетіп, есте сақтауға мүмкіндік беруге болады. Математика сабағына мысал келтіріп өтейік.
Сабақтың тақырыбы: Туынды. Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың туынды туралы ұғым, туынды есептеу туралы ережелерін, күрделі функцияның туындысы, туындының қолданылуы туралы түсіндіру.
2. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін білімдерін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыбайластыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:
Тақта, оқулық, карточкалар, схема, сызба көрнекіліктер. Сызба көрнекіліктерді қалай пайдалануға болатынынан бір мысал келтіріп өтейік.
28 (2х-7)13 х2 + 2х
4cosx 6y
50(3+5х)9 -2х2 + 4х
-3sinx 20y
((2х-7)14)1 ((3+5Х)10)1)
(4sinx)1 (3соsх
4х2 nxn-1 0 -1 cosx 6x 2
П И Ф А Г О Р

Бұл сызбалар оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфографиядан саналы білім алуға мүмкіндік береді.
Сызба көрнекіліктер қазақ тілі сабағында жаңа материалдарды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады.Оқулықты өздігінен байқауға салыстыруға, белгілі тілдік материалдардың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсер етеді.

Қазақ көрнекіліктер қазақ тілі сабағында жаңа материалдарды бек үлкен орын алады. Сурет көрнекілігі көбінесе оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке тақырып қою, сурет бойынша сөйлемдер құрау, суреттің тақырыбына сай мәтіндер құрастыру сияқты жұмыстардың түрін жүргізуге болады. Сонымен қатар сурет тақырыбына байланысты мазмұндама , шағын шығарма жаздыру тиімді тәсіл болып келеді.«Тұрақты тіркестер» тақырыбын өткенде сурет бойынша мынадай жұмыстар жүргізуге болады.
Тақтаға адамның суреті ілінеді. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы т.б. қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестер ойлау (Ойын түрінде «Кім көп айта алады»

1 - қатар
Бет, жақ қатысына қатысына қарай айту керек.
Бетің бар жүзің бар демейді, бетке айту, бетінен от шашты, бет моншағы төгілді, Беті бүлк етпейді .

2 - қатар.
Көз, кірпік, қасты қатыстырып айту керек.
Көздің жауын алады. - әдемі, керемет, көздің жасыл көл қылу -ренжу, жылау, көзінің сорасын ағызу - жылау, көздің құртын жеу - сондай көзге түсерлік, көрікті, қас пен көздің арасында, тез, қас қағым уақытта - лезде т. б. Осылай білдіретін мағыналарын айта отырып, әр тұрақты тіркестерге мысалдар келтіріп, мәтіндер жазады.Әр оқушының берген жауабына оқытушы мән беріп, дұрыс жауап берген оқушыны марапаттап, тиісті бағаларын беріп отырады...


3- қатар.
Мұрын, езу.
1. Мұрын көтеру - көкірек,
2. Танауы тасқа тиеді.- жолы болмады.
3. Мұрнына су жетпеу.- уақыты жоқ.
4.Мұрнына ешек құрт түсу.- байып кету. т.б.


4 - қатар.
Тіл , тіс .
1 . Тілі мірдің оғындай . - өткір.
2. Тісінен шығармады. - айтпады .
3. Тілі сумаңдау. - көп сөйлеу .
4. Тісі - тісіне тимеу .- жаурау.
5. Тісін тісіне тақау . - ашулану.
6. Тілімен жайпау.-уәде бергіш.
Бұл оқушылардың тапсырмаларды парта — парта болып жарысып, таласып, қызығып оқуына жол сілтейді.
2. Тақтаға төрт түлік малдың суреті ілінеді.

1 - қатар.
Түйе суреті бойынша, түйе сөзі қатысқан тұрақты сөз тіркестерін тауып жазу керек. Мысалы:
1. Түйені түгімен жұту.
2. Түйе үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.
3. Түйе үстінен сирақ үйіту .
4. Түймедейді түйедей ету.

2 - қатар.
Қойдың суреті бойынша.
1. Қой аузынан шөп алмас.
2. Қой мінезді . т.б

3 – қатар.
Сиыр суреті бойынша.
1. Сиырдың бүйрегіндей.
2. Өгіздей өкіру. т. б.
Жылқы суреті бойынша.
1. Жылқы мінезді.
2. Тайға таңба басқандай.
3. Тайлы тұяғымен.
4. Ат шаптырым жерде.
Оқушылар түлік малдың суретіне байланысты басқа да тұрақты тіркестерді тауып, олардың мағыналарын ажыратып, дәптерлеріне жазады. Кім көп тұрақты тіркес тапса, оқытушы оны марапаттап, қалған оқушыларға үлгі етіп көрсетеді.
Енді оқытушы тақтаға жылдың төрт мезгілінің суретін іледі, оқушылар суретке қарай отырып, жаз, қыс, көктем, қыс деген мағыналарға сай келетін тұрақты тіркестерді тауым жазады.Мысалы:
1. Жаз.- жаны жаз, көңілі жаз. т. б.
2. күз- жылауық күздей, балапанды күзде сана т. б.

Сурет бойынша оқушылардың қазақ тілінен білімін жан-жақты пысықтап, толықтырып отыруға болады. Сурет бойынша оқушыларға жазба жұмысын жаздырып, тіл ұстарту жұмыстарын, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады. Сурет бойынша белгілі тақырыпта оқушыларға мазмұндама жаздыруға да болады. Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманы жазу да, латын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндамаға соқпай өтпейді. Өйткені мұғалім мәтінді алдын ала дайындайды. Олардың бір айырмашылығы - мәтінге қосымша сол оқиға желісін баяндайтын сурет болады. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру оқушылардың ойын, тілін дамытумен бірге оларды суреттің мазмұнын түсіндіруге, суретте бейнеленген зат пен құбылыстарды бейнелі сөз өнерімен өрнектеуге үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын күшейтіп, шығармашылық қиялын дамытады.

Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:
1. Белгілі бір эңгіме мазмұнына арналған бірнеше сюжет арқылы жаздыратын мазмұндама.
2. Белгілі бір оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама жаздыру.
3. Сурет ілініп тақырыбына сәйкес мазмұндама жаздыру.
Суреттер бойынша жаздыратын мазмұндамаларды бір сарынды емес, түрлендіріп отыруға мүмкіншілік бар. Атап айтқанда, сюжетті суреттер бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі сөйлемдердің орнын ауыстырып, оны сурет тәртібіне орай түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттер.

ІІІ. САБАҚТА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

Педагогикалық әдебиеттерде «техникалық оқу құралдарды пайдалану негізінде» , «экранды көру құралдарды пайдалану негізінде», «көру – есту құралдарды пайдалану негізінде» ұғымдары синоним ретінде қолданылады. Оқу материалын жеткізу формалары негізінде экранды проекциялық, экранды – есту, дыбыстық және көру (визуалдық) деп ажыратуға болады.Бүгінгі таңда көптеген мектептерде қолданылатын техникалық құралдар тобын сараласақ:

Дыбыстық құралдар тобына дыбыстық оқу материалын жазып алу, сақтау, естірту қызметін атқаратын радио, магнитті дыбыс жазбалары немесе лазерлік компакт - дискілер жатады. Олар адамның дыбысты есту мүшелеріне әсер етеді.Экранды проекциялық құралдарды пайдалану негізінде экранды оқу ақпараттарын жазып алу , сақтау, көрсету қызметін атқаратын диафильмдер, диапозитифтер, графопроектілар жатады. Олар адамның көру мүшелеріне әсер етіп, көзге көрінетін оқу ақпараттарын визуалды түрде көрсетеді.

Экранды есту құралдарын пайдалану негізінде адамның көру және есту мүшелеріне бір мезгілде әсер ете алатын дыбыстық және визуалды ақпараттарды жазып алушы, сақтаушы және естіртіп, көрсететін қондырмалар жатады. Бұл оқу техникалық құралдарға хабарлар, оқу кинофильмдері және оқу жазбалары кіреді. Арнайы әдебиеттерді, публикацияларды , көру-есту материалдарының қорын зерделеу оқу процесінде экранды – көру құралдарды пайдаланудың түрлі аспектілері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде жарияланған. Солардың ішінде А.В.Деттерер, Ю.П.Тимофей, А.А.Степанова, В.А.Дмитриева В.И.Коркина сияқты ғалым – педагогтардың еңбектерін атап өтуге тұрарлық.

Бүгінгі таңда техникалық технологиялар құралдарына техникалық, оқу – видео жазбалар, компьютерлік мультимедиалық жүйелер жатады. Олардың әр қайсысының өзіне тән дидактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар олардың ортақ сана қасиеті шығармашылық ақпаратты динамикалық , техникалық технологиялар формасында жеткізуі болып саналады. Ал айырмашылығы сол техникалық технологиялар құралдарының атқаратын қызметі мен интерактивті белсенділігі болып табылады.

Е.С.Полат техникалық технология құралдарының дидакатикалық сапа қасиеттерін «Оқу – тәрбие процесінде дидактикалық тапсырмаларды шешуде пайдаланылатын техникалық және технологиялық мүмкіндіктері» деп түсіндіреді.

Техникалық құралдарды пайдалану негізінде өздерінің оқу материалын меңгеруді қамтамасыз ете алуға қабілетті және интерактивті мүмкіндіктері мол болуымен ерекшеленеді.Бүгінгі таңда техникалық құралдарды пайдалану негізінде интерактивті видеожазба құралдарының жаңа буындары өмірге келуде. Ғалым И.В.Роберт олардың бірнеше ерекшеліктерін көрсетеді.

Оқушылардың оқу-шығармашылық іс-белсенділігін жетілдіруде модульді видео жазбалар үлкен рол атқарады. Модельді видеожазбалар дегеніміз – ол тақырыптың мұрағаттардағы материалдарға коментарии жасау емес. Бұл жөнінде Стенфорд университетінде айтарлықтай тәжірибе жинақталған . Мәселен оның құрылымы мынадай үш бөліктен құралған:

Бірінші бөлімінде кіріспе ретінде 5 минуттық лекция

Екінші бөлімінде сабақтың фрагменті беріледі. Бұл кезде оқушыларға жазбаша орындалатын тапсырма беріледі.

Үшінші бөлімі бақылау қызметін атқарады. Бұл сәтте сабақтың мазмұны жазылған екінші бөлім қайта көрсетіледі.

Сонымен оқу жазбалары тек педагогикалық жағдаяттарды тұп- тура көшіріп алу емес ол педагогикалық іс әрекет шығармашылығы , көкейтесті педагогикалық білім берудің , оқушылардың оқу шығармашылық іс – белсенділігін жетілдіру құралы болып табылады.

Техникалық құралдарды қолдану барысында түрлі әдістер қоданылады. Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратыны - бақылау әдісі. Бақылау әдісі барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техникалық құралдарды демонстрациялау (көрсету) кезінде, сондай – ақ экскурсияда , лабороториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады.



Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық , логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Бақылау әдісін қолданудің тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана білуге байланысты: байқаудың мақсатын анықтау, қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі , бастыларын ажырату, содан кейін оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау т.б.

Сабақтарда оқу-дыбыстық жазбалар педагогикалық пәндерді оқу процесінде меңгерген білімдерді бекіту және талдау, пайымдау үшін қолданады. Бұған магнит таспасында жазылған түрлі ситуациялар, мысалы,оқушының берген жауабына баға беруі, оқушының ой-пікірін айтқан түсініктемесі , ескертулер т.б. сондай дыбыстық жазбалар деректемелік құжат ретінде оқушылардың өзіен таныс жағдаяттарын өзгеше пайымдауына, пікірі, көзқарастарының тереңдеуіне , тіпті өзінің педагогикалық іс-белсенділігін қайта қарауға, өзгертуге, жаңа жолдарын іздестіруге сенімін нығайтады. Сөйтіп, нақты мысалдар негізінде бүгінгі сабақты ұйымдастыру принциптерін нақты ұстануға, кәсіби жетілдіруіне көмектесетінін дәстүрлі және техникалық құралдардың көмегімен оқыту әдістерінің салыстырмалы кестесі арқылы нақтылауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет