Осыдан 10 жыл бұрын компьютерге арналған дисктердің көлемі 4,7 Гб-ты құрған. Ал қазіргі таңда күнделікті қолданатын Facebook секілді әлеуметтік желінің өзі жарты миллиард терабайт ақпаратты өңдейді.
Үлкен деректер (ағылш.bigdata) – құрылымдалмаған және ішінара құрылымдалған өте үлкен көлемдегі деректерді сипаттау үшін пайдаланылатын жалпы термин. Аталмыш термин 2000-жылдардың соңына таман деректер базасын басқарудағы тәстүрлі жүйелерге және Business Intelligence класс шешімдеріне балама ретінде қалыптасты.
Big data – технологиялық инновациялар нәтижесінде пайда болған үлкен ақпараттар ауқымын өңдей алатын бағдарламалық құралдар. Оған ұзақ жылдар бойы сақталған ұялы байланыс абоненттерінің мәліметтері, іздеу жүйелеріндегі сауалдар тізбегі, әлеуметтік желілердегі белсенділік, тіпті қоғамдық орындардағы бейнебақылау камераларында жазылған материалдар және т.б. ақпараттар кіреді.
Үлкен деректер тек сандар мен әріптерден құралмайды. Оның ауқымы кең. Соның ішіне: әлеуметтік желілер, блогтар, медиа, форумдар, веб-сайттар, заттар интернеті (IoT) т.б дерек көздерін қамтиды.
Үлкен деректер - бұл деректерді өңдеудің қарапайым құралдарымен талдауға және басқаруға болмайтын мәліметтер жиынтығының көп мөлшері.
Деректер 2020 жылы 45 зетабайт және 2025 жылы 163 зетабайт болады деген болжам бар.