Тексерген: Орынтаева Жанна Абдыхамитовна Орындаған: Жуас Назерке Айдарқулқызы



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі4,8 Mb.
#124627
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Үлкен деректерді өңдеудің әртүрлі құралдарын қолдану


Үлкен деректерді өңдеудің әртүрлі құралдарын қолдану

Тексерген: Орынтаева Жанна Абдыхамитовна

Орындаған: Жуас Назерке Айдарқулқызы


Мазмұны
7 маңызды термин
Үлкен деректер деген не
Үлкен деректердің компоненттері
Үлкен деректердің дереккөздері
Қорытынды
Президент жолдауында;
инновациялық және сервистік секторды дамытуға үлкен көңіл бөлу қажет.
Президент жолдауындағы 7 инновациялық термин
БАЛАМА ЭНЕРГЕТИКА
ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР
БИОМЕДИЦИНА
ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕР
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІ
БЛОКЧЕЙН
  • БАЛАМА ЭНЕРГЕТИКА
  • Энергияның бұл түрі көмір, газ немесе мұнай сияқты энергия көздері сияқты кең өріс алмаса да, экологияға зиян тигізбей олардың орнын алмастыра алуымен ерекшеленеді. Балама энергия күннен, желден, толқыннан және геотермиялық көздерден алынатын қуат түрі. Қазіргі таңда дамыған елдер бұл қуат көзін энергия деп қана қарастырмайды. Себебі балама энергия экономикалық дамудың да көрсеткіші. Мысалы, күн сәулесінің қуатын қолданатын мемлекеттер (Қытай, Германия, Жапония) индустриалды елдердің көшін бастап тұр. Энергетика саласындағы нарықты қалыптастыру да солардың қолында.
  • ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР
  • Жаңа материалдар қатарына көмірпластиктер, шыныпластиктер, жоғары технологиялы керамикалар, құрылыс жұмыстары мен жол төсемін жақсартатын материалдар кіреді. Оларды қолдану аясы да кең – медицинадан ғарышқа дейін. Әлемдік сарапшылардың алдағы 20 жылға жасаған болжамдары бойынша, қарапайым материалдардың 90%-ы жаңаға ауысып, ол өз кезегінде технология саласындағы революцияға алып келеді.
  • БИОМЕДИЦИНА
  • Биомедицина - медицина және биология ғылымдары тоғысқан сала. Осылайша, биология ғыламдарында жасалып жатқан зерттеулер мен технологиялар медицина саласындағы проблемаларды шешуге бағытталады. Биомедицинаның негізінде науқастың диагнозын ерте анықтауға, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуға, биология мен нанотехнологиялар саласындағы жетістіктердің көмегімен жаңа дәрі-дәрмектерді шығаруға, сондай-ақ ген инженериясының әдістерін қолдануға болады.
  • Үлкен деректер, басқаша айтқанда Big Data түсінігі жиі жаңартылатын, әрі әр түрлі дереккөзде орналасқан көлемі үлкен, форматы әр алуан ақпаратпен жұмыс жасауды меңзейді.
  • Жасанды интеллект – түрлі компьютерлік бағдарламалардың көмегімен жүйелі ойлау мен әрекет ету мүмкіндігін зерттейтін ғылым. Ол психология, нейрофизиология, трансгуманизм салаларымен тығыз байланысты.
  • Блокчейн – ақпаратты сақтау құрылғысы ортақ серверге қосылмаған деректер қоры.
  • ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІ
  • Қарапайым тілмен айтатын болсақ, заттар интернеті - бірнеше заттың өзара біріккен желісі. Ал зат кез келген нәрсе болуы мүмкін: тоңазытқыш, жиһаз, үтік немесе аяқ қиім. Бұл аталғандардың бәрі жиналған деректерге сәйкес адамның көмегінсіз өзара «байланысқа» түсе алатын болады. Мысалы, Сіздің жұмыстан қарныңыз ашып келе жатса, көлігіңіз үйдегі заттарға ол жайлы хабар береді. Осылайша Сіз үйге келгенде кешкі асыңыз дайын тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет