Ерте шақтағы балаларға патронаждық бару кезінде орта медицина қызметкері:
1) қауіптіліктің жалпы белгілерін, аурудың негізгі симптомдарын бағалайды (жөтел, диарея, қызу көтерілу және басқалар), анемияның бар болуын немесе салмақтың төмендігін тексереді; депрессияны анықтау мақсатында ананың (ата-анасы немесе заңды өкілінің) көңіл күйіне, жасына байланысты баланың қажеттіліктеріне баға береді; жарақаттану мен жазатайым оқиғалар тұрғысында үй жағдайының қауіпсіздігіне баға береді, баланы жақтырмаушылық белгілері мен оған қатал қарау, зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты белгілерге баға береді;
2) табиғи, моторлық, психоәлеуметтік дамуына мониторинг жүргізеді;
3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция), одан 6 айға дейін тек қана емшекпен қоректендіру, қосымша тамақ беруді 6 айында енгізу мәселесі бойынша сұрайды;
4) ата-ананы немесе заңды өкілін баланы ойын, сөйлесу, оқу арқылы дамуына көмектесуге үйретеді; гигиена мәселесі, бала тәрбиесіне ата-анасының екеуінің (бар болса) де бірлесе қатысуына, медициналық көмекке шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді;
5) балалар жасындағы аурудың белгілері туралы (жөтел, диарея, температура және басқа) ата-ананы немесе заңды өкілін хабардар етеді және олар туындаған жағдайда консультация береді;
6) вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;
7) баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төндіретін әлеуметтік қауіптерге баға береді және қауіптер анықталған жағдайда ол туралы емхананың әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді.
Дені сау жаңа туған нәрестеге алғашқы келуді дәрігер-педиатр орындайды учаскелік мейірбикемен бірге перзентханадан шыққаннан кейінгі алғашқы 3 күнде, бірақ көбінесе 1-2 күн. Медбике дәрігерден баланы бақылау ерекшеліктері бойынша бірқатар нақты нұсқаулар алады. Болашақта ол балаға күн сайын өмірдің алғашқы 2 аптасында (яғни, кіндік жарасының толық емделуіне дейін) және содан кейін аптасына 1-2 рет барады.