Педиатриялық кезеңді педиатр, терапевт дәрігер (15 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін) немесе ЖТД жүргізеді және дәрігерге дейінгі зерттеп-қарау деректерін ескере отырып, баланың денсаулық жағдайын, психофизикалық, жыныстық дамуын бағалауды, қатыгездік таныту белгілерін анықтауды қамтиды. Кезең барысында:
1) тері жабындарын және бастың түкті бөлігін қарап-тексеру;
2) көрінетін шырышты қабықтарды тексеру
3) қалқанша без аймағын тексеру және пальпациялау;
зерттеу
4) шеткі лимфа түйіндерін пальпациялау: жақ асты, шап, қолтық асты;
5) қанайналым ағзаларын зерттеу
6) тыныс алу ағзаларын зерттеу
7) ас қорыту ағзаларын
8) үш айдан төрт айға дейінгі балаларға көрсетілімдері бойынша сан-жамбас буындарының дисплазиясын және жамбастың туа біткен шығуын ерте анықтау мақсатында сан-жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі;
9) жыныс мүшелерін қарау. 10 жастан асқан қыздарды қарап-тексеру кезінде гинекологиялық анамнезге, шағымдарға, етеккір функциясының бұзылуына ерекше назар аударылады;
10) туғаннан бастап 17 жасқа дейін қоса алғанда даму тобының нұсқасын айқындай отырып, нервтік-психикалық дамуды бағалау
11) пубертограммалар әдісімен жыныстық дамуды бағалау, қорытынды (норма, озу, қалып қою)беріледі;
12)осы жасқа тән емес жарақаттар мен олардың салдарын анықтау Патологиялық өзгерістер анықталған кезде бейінді маманға қосымша тексеруге жібереді.