3. Шойынды доғамен ыстықтай пісіру Бұл әдісте шойын бұйымды алдын ала қыздырып пісіреді, себебі, бұл жағдай бірігу аймағындағы металл температурасының біркелкі болуын қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде жылу әсерінен болатын көрнеуді алсіретеді бұл жағдай пісіру аяқталған соң тігістің баяу салқындауын қамтамасыз етіп бірігу сапасын біраз арттырады.
Пісіруге дайындау негізінен пісірілетін жерді әбден тазалау мен ою және шапқылаудан тұрады, тігіс түсетін жерді шапқышпен кесе түбі секілді етіп қияды, оның пішіні "V" не "U" тәрізді болуы керек. Балқыған металл ағып кетпеуі үшін ойық айналасын графит не көмір колақтарымен көмкеріп, қоршайды. Кейде қоршауға пішін беру үшін сұйық әйнекте иланген кварц құмын пайдаланып калып жасайды. Бұйым элементтері сынған болса, оларды бір-біріне дәл құрастырып ұстап тұру үшін арнаулы бекіткіш құралдар қолданылады. Бұл құралдар пісіру процесінің дәл орындалуына да септігін тигізеді. Пісірілетін бұйымның өлшеміне және конструкциясының ерекшелігіне
Шойын қалындығы, мм: < 20
Электрод диаметрі, мм: 6
Пісіру тогы, А: 280. 320
байланысты қыздыруды жалпылама немесе жекелеген әдістермен жүргізеді жалпыламай қыздыру адсінде, бұйым түгелдей арнаулы конвейерлік пештерде қыздырылып, пісіріп болған соң баяу салқындатылады. Жекеленген қыздыру әдісінде, бұйымның пісірілетін жерлері газ жандырғылармен, электр қыздырғыштармен жане арнаулы мұржалы пештерде қыздырылады.
Бұйым 400…700 С температураға дейін баяу және қыздырылуы тиіс. Әйтпеген жағдайда, бұйымда ішкі кернеулер мен сызаттар пайда болуы мүмкін. Шойынды пісіру үшін негізінен ПЧ-1 ПЧ-2. ПЧ-3 және ПВЧ шыбықтарын 1...1,5 мм қалыңдыкпен қаптаған электродтар қолданады. Қаптаманың құрамында көміртүсті графит - 25%, балқитын шпат - 30%, кремний карбиді 40%, алюминий ұнтағы - 5% және т.б. Құрғақ элементтер болады. Бұл заттар сұйық әйнекте иленіп, шойын өзекшеге жағылады.
Шойын электродтармен пісірудін жобалап алынған режимдері.
20…40 40
B 10
350…450 450, 550
Шойын жабдықтарды төмендегі өлшемдермен жасайды:
Шыбық диаметрі, d, мм: 4 6 8 10 10 12 14 16
Ұзындығы, I мм: 250 350 450 450 550 500 600 700
Қорытынды Металдарды пісіру және дәнекерлеу әдістерімен бұйым жасаудың тамыры өте тереңнен, бағзы замандардан басталады. Пісіруге қажетті жабдықтар мен құрал-саймандардың жеткіліксіздігінен пісіру әдістері мен жолдары өте баяу дамыды. Адамзат қажетті құрал-саймандарды жасаудың өзіне мыңдаған жылдарын жоғалтты. Дегенмен, тұрпайы пісіру немесе дәнекерлеу әдістерімен қарапайым, тіпті адам сүйсінерлік бұйымдарды жасау үрдісі сан ғасырлар бойы тоқтаған жоқ.
Кейбір өндірісі дамыған елдердің ішкі өнімінің 70%-на жуығын пісіру әдістерімен және осы саланы қамтитын технологиялар көмегімен өндіреді. Дүние жүзіндегі өндірілетін металл прокатының 70%-на дейінгі үлесін пісіру әдісімен дайындалатын конструкциялар мен құрылғыларға жұмсайды.
Пісіру арқылы алынған ажырамайтын бірікпелер механикалық қасиеттерінің жоғарылығымен, жұмсалатын еңбек және металл шығынының аздығымен, сонымен бірге, өзіндік құнының төменділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, алынған пісіру бірікпесінің беріктілігі өте жоғары болуына байланысты, аса жауапты конструкцияларды пісіру әдісімен жасайды.
Қолданылған әдебиет 1. Жұмабаев Е. Металдарды доғамен және газбен пісіру технологиясы:
Оқулық / Е. Жұмабаев - Астана; Фолиант, 2015, - 520 бет.