Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет8/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
желинсау аку

Сүттiң қасиетi. Сүттiң микроорганизмдердiң өсiп-өнуiне кедергi жасайтын қабiлетiн - оның бактерицидтiк қасиетi немесе бактерицидтiк фазасы деп атайды. Бұл қасиет иммундық заттардың - опсониндердiң болуына байланысты. Сондықтан да, мұндай сүтте микробтар өсiп-өнбейдi, сүт бұзылмайды. Бактерицидтiк фазаның ұзақтығы сауылған сүттiң шапшаң және жақсы салқындатылуына, тазалығына байланысты. Сүт неғұрлым төмен температурада салқындатылса, ондай сүт бұзылмайды, ұзақ сақталады. Әр түрлi санитариялық жағдайда сауылып алынған сүттiң бактерицидтiк қасиеттерi де түрлiше болады. Ал, санитариялық талапты сақтап сауылған сүт, оны сақтамай сауып алған сүттен, екi есе артық уақыт сақталады. Таза сүттiң түсi ақ, немесе сары болып келедi. Түсiнiң өзгеруi оның бұзылғандығын көрсетедi. Сүт iшiне кейбiр микроорганизмдер түскенде, сиыр көк пигментi бар тоғай шөбiмен азықтанғанда, желiнсау немесе туберкулез ауруларында, сүтке су қосқанда, оның майын алғанда және сүттi қалайы ыдыста сақтағанда сүттiң түсi көкшiл тартады. Сары түс пигмент шығаратын микробтар түскенде, денеде iрiңдеген жара болғанда, желiннiң туберкулез ауруында, уыз араласқанда, сиыр зубровканы жегенде, немесе оны рауғаштан дайындалған дәрiмен емдегенде - сүттiң түсi өте сарғыш келедi. Желiн қатты қабынып, оның ұлпаларында жара болса, сүттiң түсi қан араласқандықтан қызғылт тартады. Сүттiң иiсi. Таза сүттiң өзiне тән сүйкiмдi иiсi болады. Сүтке iшек бактериялары араласқанда, ауызы ашық ыдысқа құйылған сүт мал қорасының iшiнде ұзақ уақыт қалғанда - сүттен аммиактың иiсi сезiледi. Сиыр азығының iшiнде қалыптағыдан көп орамжапырақ болса, сүтке iшек бактерияларының кейбiр түрлерi және сәулеленетiн микроорганизмдер түссе, ондай сүттен орамжапырақтың иiсi шығады. Креолин, скипидар, карбол қышқылы, қарамай, йодоформ және осылар сияқты иiстерi күштi дәрiлермен емделген сиырлардың сүтiнде айтылған дәрiлердiң иiсi сезiледi. Сүттiң майы ашығанда, одан сүт қышқылының иiсi шығады.
Ластанған сүттi салқын жерге қойғанда, одан ащытқы мен спирт иiсi шығады. Сүт пен балықты бiр бөлмеде сақтағанда, сүтке кейбiр микроорганизмдер түскенде, сиырды суармалы шабындыққа жайғанда, оны балық ұнымен азықтандырғанда, балдыр өскен судан суарғанда, сүттi темiр ыдыстың iшiнде сақтағанда - ондай сүттен балық иiсi шығады. Сүт iшiнде шiрiткiш бактериялар көбейгенде, сүт жағымсыз иiстi болады. Жаңа сауылған сүттi қақпағы тығыз жабылған ыдыста ұстаса, онда анаэроб бактериялары өседi, мұндай сүттен шiрiк иiсі шығады. Сүттiң консистенциясы бiр ыдыстан екiншi ыдысқа құйғанда анық байқалады. Жаңа сауылған сүт бiркелкi сұйықтау болады. Бiрақ та, сүт iшiнде сүт қышқылды бактерияларының кейбiр түрi шiрiткiш бактериялардың тiршiлiк әрекетiнiң нәтижесiнде, сүтке уыз араласса, желiнсау ауруының кейбiр түрлерi мен аусыл ауруында сүт тым қоюланып кетедi. Сүт қышқылы бактериялары мен iрiткi өндiретiн iшек бактерияларының сүт iшiнде өсуiнен, желiнсау ауруының қоздырушысы стрептококтың сүт iшiнде көптеп өсiп-өнуiнен сүт iрiткi болып кетедi. Сүт iшiнде iшек бактериялары, ашытқы және май қышқылды бактериялар өсiп-өнсе, ондай сүт көпiршiктенiп тұрады. Сиыр күйлеген кезде, сүтке су қосқанда, дұрыс қатпаған сүттi қайтадан ерiткенде сүт су сияқты сұйық көрiнедi.
Беткi кернеуi - сұйықтың бетiн бойлай әрекет ететін күш. Бұл күшке себепшi газ бен сұйықтың фазаларынан ажырайтын, шекаралығында болатын молекулалар, сұйықтық жазығынан тарту күші көп болады да, газ фазасы жағынан тарту әлсiз болады. Сүт бетiнiң кернеуi орта есеппен 0,0439 н/м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет