Тексерілді: Күні



бет59/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.



ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Абайдың қара сөздері, Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі жайлы түсіндіремін.
Абай 38-қара сөзінде Алланың бойындағы сегіз сипатқа: бірінші - хаят (өмір), екінші - ғылым, үшінші - құдірет, төртінші - басыр (көру), бесінші - сәмиғ (есіту), алтыншы - ирада (тілек), жетінші - кәлам (сөз), сегізінші - тәкин (болдыру), өз тарапынан нақылия, ғақылия дәлелдерге сүйеніп екі сипатты, яғни әділет пен рақымды қосып 10 сипатқа айналдырады. Мұны хауас ретінде танимыз.
Елге жаны ашып, берісі «қазаққа күзетші болу» мақсатында, әрісі «адамзаттың бәрін бауырым» деп сүю үшін, әуелі шынайы иман керек екен. Кәміл иманға жету жолын пендеге жеткізу - «38 қара сөз» - «Ғақлиат-тасдиқаттың» мұраты еді.
Хакім Абайдың үш білім бастауларының біреуі әрі бірегейі Құран мен хадистер және шығыс араб - парсы мұсылман әдебиеттері екені белгілі.
«Ғақлиат-тасдиқат» о баста «Қара сөздерден» бөлек болған, ол тіпті кезінде Абай ауылында ұзатылған қыздардың дүние-мүлкіне қосылып беріліп те отырған. Қазіргі біз білетін «Қара сөздердің» рет сандары бастапқыда басқаша болғандығы, Кеңес үкіметі тұсында «Ғақлиат-тасдиқат» діни трактат болғандықтан цензурадан өткізу мақсатында «Қара сөздердің» құрамына енгізілгені белгілі.
Осы «Қара сөздегі» есімі келтірілген адамдар жайында кішкене түсінік: «Ғашаран мүбашәрәдан қазірет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбудқас үлкен байлар еді».
Әл ашаратул мубаширин - Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көзі тірі кезінде он адамға өлген соң жұмаққа баратындығына кепілдік берілгендігін білдіреді. Абай атап өткен адамдар: Қазірет Осман халиф, Абдурахман бин Ауф және Сад ибн Аби Уаққас.
Жалпы, ойлы адамзаттың, оның ішінде мұсылман баласының өзіне қоятын сауалы: мен қайдан келдім, кіммін, қайда барамын. Бұл сұрақтардың жауабын Құдайдан тыс іздегеннің - бәрі болмаса да - көпшілігі есінен адасқаны мәлім (мысалы, Ницше).
Тағы бір, саналы адам пайда болғалы бергі сұрақ - материалдық әлем жаралған ба, әлде өз бетімен о бастан бар ма еді. Уақыт пен кеңістік деген түсініктер және олардың өлшемі - ақыл иесі адамның өзіне қатысты түсінік, уақыттың өлшем бірліктері аспан денелерімен тікелей, тығыз байланысты. Ол Күн жүйесіне таңулы, күнтізбелер Күннің не Айдың қозғалысына негізделген. Қазіргі ғылым ғаламның 13,7 млрд жыл бұрын бір нүктенің алапат жарылысынан жаралғандығын дәлелдеп отыр. Бұл жарылыстан бұрынғы уақыт пен кеңістіктің адам үшін өлшемі де, мағынасы да жоқ, өйткені адамға түсінікті көрінер, сезілер физикалық әлем жоқ.
Жалпылап алғанда, діни танымдағы қалыптасқан методология: Құдай - Себеп - Ғалам. Ғаламның жаралуына Құдай себепші. Жаратушы әрқашанда болған және Ол - ғаламды Жаратушы.
Абай осы «Қара сөзінде» Жаратушыны азали һам әбади деп келтіреді, кітаптарда басылғандай әдаби емес. (кітаптардан көшірілгенде жіберілген қате деп ойлаймыз, азали - ежелгі, әбади - шексіздік. Осы арада Абай тілінің сөздігін қайта қарап шығу керек екенін айтуға мәжбүрміз, мысалы, «Жиырма бесінші сөздегі» «дар ул хараб» - деген ұғымның негізгі мағынасы айтылып жүргендей «соғыс», «қауіпті» емес - «дінсіз, кәпір билеген жер» деген мағынада, «дар ул ислам» деген қарсы мағыналы сөз бар. Абай қазақтың бодан, отардағы ел екенін айтқысы келгенін байқаймыз). Бұл қос термин діни философиялық әдебиетте кездеседі, мысалы - Әбу Ханифаның Әл Фикх әл Акбар кітабында, түсінігі: бізге дейін болған, бізден де кейін болады, математикалық терминмен айтсақ, теріс шексіздіктен нөлге дейін және нөлден оң шексіздікке дейін. Нөлде - біз тұрмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет