Тексерілітін мақсат



Дата08.02.2022
өлшемі16,6 Kb.
#98486
Байланысты:
сұрақ


Бөлім

Тексерілітін мақсат

5.1.А бөлімі.
Алғашқы қоғам тарихы

5.2.1.2. Тотемизм, фетишизм, анемизим, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу.
5.2.2.3. Ежелгі дүниенің өнерініе сипаттама беру.

  1. Білім алушыға жіңішке (жеңіл) сұрақтар:

  1. Табиғат күштеріне сиыну деген не?

  2. Жануарларға табыну деген не?

  3. Фетишизм деген не?

  4. Магия деген не?

  5. Жартастарда қандай бейнелер бейнеленген?

  1. Білім алушыға жуан (күрделі) сұрақтар:

  1. Неліктен ежелгі дәуірде діни түсініктер қалыптасты?

  2. Алғашқы адамдар дүниенің жаратылуын қалай түсіндірген?

  3. Музыка мен бидің қалыптасуына не түрткі болды?

  4. Алғашқы бейнелеу өнері туындылары адам санасына қалай әсер етті?

  5. Неліктен сурет арқылы жазу ежелгі дәуірде кең көлемде тарады?



  1. Табиғат күштеріне сиыну дегеніміз – адамдардың табиғат құбылыстарына бейімсіздігінен туындаған наным-сенім.

  2. Жануарларға табыну дегеніміз – тотемизм. Адамдардың өз жаратылу тарихы жануарлардан бастау алады дегенге сену.

  3. Фетишизм дегеніміз – жансыз заттарға табыну.

  4. Магия деген – алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болуы.

  5. Жартастарда – табиғат құбылыстары (ай, күн, жел т.б.), аң-құстар, аңшылық, тобыр адамдарының бейнелері және т.б.



  1. Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғам санасының дамуы нәтижесінде діни көзқарастар да өзгеріске ұшырап отырыды. Адамдар бір күшке сиынса – оларды басқару жеңіл. Тобыр адамдары өздері әлі білмеген табиғат күштерін «жаратуышық құдірет» деп санады. Сол құбылыстарға табынуға «мәжбүр» болды.

  2. Дүниенің жаратылу көрінісін ежелгі адамдардың жартастастардағы қалдырған бейнелерінен көруге болады. Онда табиғат құбылыстары, магиялық әдістер, жөн-жоралғылар т.б. бейнеленген.

  3. Ежелгі адамдар аң-құстарды алғашқы кезеңде «жаратуышылық құдірет» деп санады. Олардың қимылына еліктеді. Сонымен қатар қимыл-қозғалыстар аңшылықта белгі беретін ым-ишара болды. Түрлі дыбыстар мен қозғалыстар тобыр адамдарын өзге тобыр адамдарынан ажыратты.

  4. Алғашқы бейнелеу өнері туындылары адамдарға оң әсерін тигізді. Алғашқы адамдар осылайша тірі мен өліні (адам мен қару), қауіп пен қатерді (су тасқыны мен жыртқыш аңдар), күш пен әлсіздікті (арыстан мен киік) бейнелеп, олардың мағынасын түсінетін болды.

  5. Пиктография адамдардың ойын жеткізудегі ең қарапайым әдісі болды. Пиктографияны түсіну жеңіл еді. Оны кез келген тобыр адамы (әйел де, бала да, қарт та) түсініп, басқаларға жеткізе алатын болды. Пиктография дами келе, ең алғашқы әріптердің дамуына септігін тигізді. Мысалы «мем» әріпі «М» су толқындарының бір бөлшегі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет