Ақыл-нақыл немесе дидактикалық терме
Жырау өмірден көргенін, көңіліне түйгенн сарпақа сала термелеп айтады. Дидактикалық нақыл – терме мақал – мәтел үлгісінде келеді, көбіне-көп тұжырымды, ықшамды, жинақы, ойлы болып келеді.
Көлеңкесі түспейді,
Паналасаң наданды.
Тебініп талар аяғың,
Сұлу деп мінсең шабанды.
Дастарханың байланар,
Қасыға алсаң сараңды.
Етіксізге дес тисе,
Айырмас сауап-обалды ...
Тілек терме
Жырау, ақын еліне , жеріне жеке адамдарға деген ықыласын, алғыс – тілегін өлеңмен термелеп жеткізеді.
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ершұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Қалау терме
Жырау немесе жыршы топ алдына шыққан соң, қай жылды айтатынын көпшілік қалауына салады. Өз репертуарындағы қисса, дастандарды термелеп айтып шығады.
Бұрынғы өткен заманда,
Жайық бойын жайлаған,
Жая мен шекер шайнаған,
Жібекпен белін байлаған.
Түлкідей көзі жайнаған.
Лебізі шырын сөзі бал,
Бұлбұл құстай сайраған,
Жібек деген апаң бар,
Төлегенмен ойнаған.
Атау терме
Ақын, жырау өзіне ұнаған ел, сүйген жер, су аттарын, тарихи оқиғаларды немесе өзі үлгі тұтқан ұстаздарын, тарихта аты қалған адамдарды өлеңге қосып, термелеп айтады.
Кенен Әзірбаевтың «Достарым» деген термесі осының айғағы:
Кеншімбай, Жиенбай мен Қарқабаттар,
Нұрпейіс, Доскей, Тайжан, Құлыншақтар.
Қашаған, Мұрын жырау, Сәттіғұл мен
Құлмамбет, Қуандық пен Сарыбастар.
Жас кезең немесе өмір термесі
Ақын, жыраулар терменің бұл түрінде бірден жүзге дейінгі жас ерекшеліктерін термелей сипаттаса, кейбірі адам өміріндегі ең елеулі кезеңін мадақтап, дәріптейді.
Екі ауылдың арасын,
Қиқулатқан жиырма бес,
Бұғалықсыз асауды,
Құр-құлатқан жиырма бес.
Тыным таппай түн болса,
Сығалатып сыртынан
Үй тыңдатқан жиырма бес ....
Шежіре терме
Ақын, жыраулар кәдімгі көпті көрген қариялардың айтып, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келе жатқан қазақ шежіресін өлең, жырға айналдырып термелеген.
е) Мінездеме – сипаттама терме
Адам бойындағы жақсы, жаман мінез, қылықтар теріле, салыстырыла сипатталады. Ақын жырау жақсылыққа үгіттейді. Жаманды мінейді. Адал адамды марапаттайды, мақтан етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |