Қ.Жұбанов атыңдағы Ақтөбе өңірлік университеті
Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі мамандығының 1-курс студенті-Берістемова Аружан Сағындыққызы
Телефон нөмірі:8705-476-51-96
ЭССЕ
«Абай -жаңа қоғамның жаңашыры»
Абай Құнанбайұлы еліміздің тарихында ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, қазіргі ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен прозаларында ұлттық болмыс, тұрмыс-тіршілік, дүниетаным, мінез, жан, сенім, тіл, дәстүр мен рух көрініс тапқан, кейін олар Абай әлемі деп аталатын ерекше құбылыс ретінде бағаланды.
Абай өткен дәуірдің ең ірі гуманистерінің бірі. Адамдардың санасы мен сезіміне әсер ету, поэтикалық сөз арқылы қоғамды жаңарту, адамның қадір-қасиетін терең құрметтеу - бұл гуманист Абайға тән нәрсе.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.»-деп ұлы Абай атамыздың жастарға деген алаңдаушылықты білдіретін, олардың тәрбиесіне аса ден қою мәселесі жөнінде жазады.
Ия, дәл жастарға - өз халқының болашағына, және оның жарқын болашағында өз заманының кез-келген қиындықтарына қарамастан ұлы ойшыл, ақын-педагог-демократ өзінің сенімін жоғалтпады.
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»-деп,болашақтың кілті жастарда екендігін ұғындырып, еліміздің тірегі болып табылатын жастардың бойынан 3 асыл қасиет табылса екен деп көрсетеді.Абай Құнанбайұлы тәрбие ісіне үлкен ден қоя білген,тәрбиеден,ұлы құндылықтардан жұрдай болған адамзатты үлкен сынға алып отырған.Жалпы өзіндік көзқарасым бойынша,ұлы атамыздың қара сөзін әрбір қазақ халқының жете білуі шарт болып табылады деп ойлаймын.
Қаншама асыл сөздер,ұлы ойлар осы қара сөздің астарында көмкерілген.Қара сөзбен танысып кемелденген қазақ халқының алға қарай ұмтылысы дұрыс жолмен бағытталады деп ойлаймын.Қазіргі кездегі белең алған оқиғаларды сараңдай отырып,осы ұлы қасиеттерден ұмтылып бара жатқандай сезілеміз.
Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан,адамгершілік тұжырымдамасы – толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды. Қоғамды тарихи құбылыс ретінде тани отырып, адамның тағдыры соған байланысты, әркім өз ортасының туындысы, адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасы кінәлі деді. Сол себепті «Жетінші сөзінде» ол: «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» деп дүниені білуге, тануға болатындығын, адам баласының жануарлар дүниесінен айырмасын атап көрсетеді.
Ұлы хакім Абай атамыз «білім-ғылым табылса, оны іске жаратар едім, дүниенің бір нәрсесіне керек болар деп ойлауды, сол үшін ғылым-білімнің өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет деп білсең және әр білмегенді білген уақытта көңілде бір рахат нәтиже»- деп түсінуді ұсынады.Міне осындай ұлы құндылықтарға толы сөздерді әрқашан еске ұстап отыруымыз абзал.Хакім атамыздың өмір сүрген заманынан бері көп уақыт өткен болатын ,сонымен қатар заман талабы да өзгерді
Бүгінгі таңда біз тәуелсіз елде өмір сүрудеміз.Алайда осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған қоғам дамуының қозғаушы амалдары – еңбек, бірлік, кәсіп, сауда, өнер-білім туралы ой-тұжырымдары қазіргі Қазақстан жаңаруының да аса маңызды факторларына айналып отырғаны шындық. Мұнсыз тәуелсіз мемлекетімізді тұғырлы ете алмаймыз. Бұл – Мәңгілік ел төріне шығарар нұрлы жолымыздың ажырамас бір бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |