Балалардың сауықтыру лагері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы
Ережелер
Жазғы лагерь туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Ата-аналар (заңды өкілдері) өтініші бойынша жазғы кезеңде балаларды күндізгі уақытта қабылдайтын мектеп жанындағы лагерь құрылады.
1.2. Лагерь қызметі мекеме Жарғысымен, білім алушылардың тәртіп Ережесімен, осы Ережемен регламенттенеді.
2. Қызметтің мазмұны және ұйымдастырылуы
2.1.Мектеп жанындағы лагерь мекеме бойынша бұйрық негізінде ашылады және 1-4 сынып оқушыларынан толымдалады.
2.2. Лагерьде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер, техника қауіпсіздік ережесі қатал сақталады.
2.3. Лагерь жұмыс мазмұнының жоспары демократия және гуманизм қағидалары, дербестік және ынтаны дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша құрылады.
2.4. Лагерьде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбек тәрбиесі, спорт- сауықтыру жұмысын жүзеге асыру үшін жағдай жасалады.
2.5. Лагерь ұжымы өз бетімен күн тәртібін және қызмет бағдарламасын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |