Тәлімгер: Сайысымыздың 4 кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр!»(қолдарымызға берілген қағаз қиындыларын, Қазақстан республикасының картасын құрастыру. Тәлімгер: Оқушылардың ІV кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.
Тәлімгер: Әділ қазы алқалары қорытынды баға шығарғанша, көрермендермен ойын.
Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.
1.Күрекпен су тасуға болады ма?
(болады, мұз күйінде)
2.Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
3.Есік пен терезенің арасында не тұрады?(«пен» тұр)
4.Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай?(Май - үш әріптен тұрады)
5.Қай өзен ең қорқынышты ?(Тигр өзені)
6.Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?(сабақты)
7.Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс?(шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
8.Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз?(ұйықтап жатырсыз ба?)
Тәлімгер: Оқушылардың жалпы жинаған ұпайларын бойынша марапаттау сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Тәлімгер: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба ?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ? !
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды .
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді, - дей келе, бүгінгі «Рәміздерім- мақтанышым» атты сайысымызды
Достарыңызбен бөлісу: |