«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер?(Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?
( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
Достарыңызбен бөлісу: |