Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар


-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі және тәлімгерлік нәтижелерін бағалау



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі32,35 Kb.
#97335
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
@8; 65= =0AB02=8G 07

6-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі және тәлімгерлік нәтижелерін бағалау

18. Тәлімгерлік процесін ұйымдастыру үш негізгі кезеңді қамтиды.


Бірінші кезең (кіріспе): тәлімгер ұсынымдарға сәйкес бір ай ішінде жас маманның кәсіби дайындық деңгейін анықтайды (1-қосымша).
Бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша тәлімгер 10 (он) жұмыс күні ішінде осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тәлімгерлік жоспарын әзірлейді.
Тәлімгерлік жоспары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен келісіледі және орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Екінші кезең (негізгі): тәлімгер жас маманның Тәлімгерлік жоспарын іске асырады, оқу жылы бойы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, іскерліктер мен дағдыларды түзету жұмыстарын жүргізеді.
Үшінші кезең (қорытынды): тәлімгер жас маманның кәсіби құзыреттілік деңгейін зерделейді, оқу жылын аяқтағаннан кейін өз міндеттерін орындауға дайындығын анықтайды, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар береді.
19. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін:
- тәлімгер тәлімгерлікті өткізу туралы есеп дайындайды, онда жас маманның кәсіби құзыреттілік деңгейі, дағдылар мен іскерлікті дамыту, функционалдық міндеттерді өз бетінше орындау қабілеті, іс-шараларды орындау және тәлімгерлік жоспарының мақсатына қол жеткізу көрсетіледі;
- жас маман тәлімгерлік жоспарының орындалуы, тәлімгерлік кезеңінде алған білімі мен дағдылары, тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша ескертулер мен ұсыныстар туралы рефлексивті пікір дайындайды.
20. Есептер оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің отырысында тыңдалады.

1-қосымша.


Жас маманның кәсіби дайындық деңгейін анықтау бойынша ұсынымдар
Жас маманның Т.А.Ә.______________________________________________________
Кәсібі (лауазымы)___________________________________________________________
Есепті кезең ________________________________________________________________



№ п/п

Іс-шаралар

Түсініктеме


Сауалнама





Кәсіби әңгімелесу





Сабақтарына қатысу





Деректерді сандық және сапалық талдау





SWOT талдау әдісімен педагогтің күшті және әлсіз жақтарын анықтау





Кәсіби қызметте даму аймақтарын анықтау




Жас маманның кәсіби дамуының басым бағыттарын анықтау _____________________________________________________________________________
_________________ ____________________
(күні) (тәлімгердің қолы)
_________________ ________________________

Таныстым: _____________ _____________________________


(күні) (жас маманның қолы)

2-қосымша.


Нысан

«КЕЛІСІЛДІ»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _____________________________
«___» ____________ 20__ж

«БЕКІТІЛДІ»
Орта білім беру ұйымының басшысы
_______________________
«___» ____________ 20__ж

«БЕКІТІЛДІ»
Орта білім беру ұйымының басшысы
_______________________
«___» ____________ 20__ж





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет