3-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру
5. Тәлімгерлік бір оқу жылы кезеңіне педагогикалық қызметке алғаш кіріскен жас маманға бекітіледі.
6. Тәлімгерлер резервін осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін педагогтер қатарынан әдістемелік бірлестік қалыптастырады.
7. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары тәлімгерлік процесін ұйымдастырады: тәлімгерлікке қажеттілікті зерделейді, тәлімгерлер резервінен тәлімгердің кандидатурасын таңдайды, тәлімгерге кандидатураны педагогикалық кеңестің қарауына енгізеді.
8. Тәлімгердің кандидатурасы педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және жас маман жұмысқа қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Бір тәлімгерге бір жас маман бекітіледі.
9. Шағын жинақты мектептегі тәлімгерден басқа, тәлімгерде::
- 5 жылдан кем емес еңбек өтілі;
- «педагог-сарапшы» не «педагог-зерттеуші», не «педагог-шебер» біліктік санаты;
- соңғы үш жыл ішінде оқытылатын пән бойынша білім алушылардың жылдық немесе қорытынды бағалауы бойынша білім сапасы кемінде 70 % ;
- жоғары моральдық, рухани-адамгершілік қасиеттері болуы тиіс.
10. Шағын жинақты мектепте тәлімгердің болуы керек:
- еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
- «педагог-сарапшы», немесе «педагог-зерттеуші», немесе «педагог-шебер»;
- соңғы үш жыл ішінде оқытылатын пән бойынша білім алушылардың жылдық немесе қорытынды бағалауы бойынша білім сапасы кемінде 60 % ;
- жоғары моральдық, рухани-адамгершілік қасиеттер.
11. Тәлімгерге тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді.
12. Тәлімгерді ауыстыру осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген тәртіппен:
1) тәлімгер жұмыстан босатылған немесе басқа жұмысқа ауысқан;
2) тәлімгер дәлелді себеппен жұмысында екі аптадан артық болмаған;
3) тәлімгердің оны тәлімгерліктен босату туралы негізделген жазбаша өтініші болған;
4) жас маманның тәлімгерді ауыстыру туралы негізделген жазбаша өтініші болған жағдайларда жүргізіледі.
Тәлімгерді тәлімгерліктен босату және жас маманға жаңа тәлімгерді бекіту арасындағы кезең бес жұмыс күнінен аспайды.
13. Тәлімгерлікті ұйымдастыру үшін жауапкершілік директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі, ол:
тәлімгерді тағайындау туралы бұйрықты хабарлай отырып, жас маманды таныстыруға;
бейімдеу жоспарын жасауға практикалық көмек көрсетуге және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
тәлімгерлікті ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуге және қорытуға, тәлімгерлікті одан әрі жетілдіру үшін орта білім беру ұйымының басшысына негізделген ұсыныстар енгізуге міндетті.
14. Тиімді тәлімгерлік тараптардың өзара мүдделілігі, тәлімгерлік процесін әкімшілік бақылау және ынтымақтастықтың аралық нәтижелерін шығару жағдайында жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |