Телжан Шонанұлы – әдіскер,лингвист ғалым


-1928 жылдарға арналған Қазақ тілі әдістемесі (методика родного языка) пәнінің оқу-бағдарламасы



бет3/3
Дата05.12.2022
өлшемі58,2 Kb.
#161193
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
Айдана реферат қтоә

1927-1928 жылдарға арналған Қазақ тілі әдістемесі (методика родного языка) пәнінің оқу-бағдарламасы.
Кіріспе. Граматикалық оқытудың әдістемесі. Грамматика тарихы.
Граматикалық әдістеме. Граматикалық оқытудың жаңа бағыттары. Граматикалық оқулықтың рөлі.
Орфографиялық жазу әдістемесі. Хат тану. Орфографиялық қағидалар.
Ауызша оқуды үйрету. Ауызша оқудың маңыздылығы. Өлеңдерді жатқа айту.
Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқудың маңыздылығы. Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Айтылуы, хорлық оқулар, рөль бойынша оқу, оқу кезіндегі интонация, дауыс ырғағы, оқу кезінде демала білу.
Стильдік жаттығулар. Ауызша және жазбаша.
Оқытушы: Т.Шонанов.
Т.Шонанов қазақ бастауыш мектебінің теориялық жəне практикалық негізін қалаушылардың бірі болды. Оның қаламынан емлеге, тіл дамытуға, қазақ тілін оқыту əдістемесіне қатысты көптеген еңбектер мен хрестоматиялар жарық көрді. Көрнекті ғалымның əдістемеге қатысты еңбектеріне «Жаңалыққа жетекші», «Диаграмдар, графиктер қандай болады» деген кітаптары, «Орыстарға қазақ тілін үйрету əдісі жайында», «Ересектерді сауаттандыру əдісі», «Дауыстап оқытудың əдісі» сияқты көптеген мақалалары жатады. 1935 жылы Телжан көрнекті əдіскерлер Ғ.Беғалиев, С.Жиенбаевпен бірлесіп «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің əдісі» деген көлемді еңбек бастырып шығарған.
Т.Шонановтың əдеби мұрасы да бірсыпыра. «Абай кітабын бастыру керек» («Ақжол», 1921, 19 маусым), «Театр жəне тұрмыс» («Қызыл Қазақстан», 1923, № 16), «Қазақстанда ғылым-білім, баспа жұмысы» («Қызыл Қазақстан, 1925, № 3–5), «Өлең өнері» («Еңбекші қазақ», 1926, № 126),«Устное творчество казахов» («Литературный Казахстан», 1936 ж., № 2), «Сəкеннің тілі туралы» («Социалистік Қазақстан», 1936, 5 шілде), тағы басқа мақалаларында қаламгер əр түрлі бағытта əдебиет мəселесін сөз етті [7; 3].
Аударма ісі бойынша Т.Шонанұлы Богдановтың «Курс политэкономии» атты кітабын қазақшаға аударып, орысша-қазақша термин сөздігін қоса берген. Бұдан басқа Каминскийдің, Крупскаяның кітаптарын қазақшаға аударған.
1929 жылы ол «Қазақстан жағрафиясы» атты кітап жазып, өлкетану жұмысына да белсене араласты. Д.Снегинмен бірге «Уйгурская поэзия» жинағын (1934) ұйғыр тілінен орыс тіліне тəржімалады.
Бала кезімде әжемнің «август» айын «ағұс», «профессор» сөзін – «пропесұр» дейтініне таңғалатынмын. Бәлкім, орыс тілінен енген сөздерге тілі келмейтін шығар деп ойлайтынмын. Жақында ғаламтор беттерінен іздене отырып, энциклопедист-ғалым Телжан Шонанұлының жазбаларына көз жүгірте отырып, ойымның мүлде қате болғанына көзім жетті. Ғалымның жиыр­масыншы жылдары баспасөз бетінде жарияланған мақалалары мен жазған ең­бектерінде «август» – «ағұс», «география» – «жағрапыйа», «трактор» – «тырактұр», «агроном» – «ағыраном», «фосфор» – «поспұр», «профессор» – «пропесұр», «сепаратор» – «сепаратұр» деп жазылыпты. Зерттеу материал­дарына сүйенсек, ол кезде Алаш зиялылары қазақ тілінің табиғатына жат сөздерді ғана өзгеріссіз, сол күйінде алуды көздеген. Мысалы, Т.Шонанұлы өз еңбектерінде терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына, ерекшелігіне қарай жасау керектігіне баса назар аударған. Өз әріптестерін термин жасауда қазақ тілінің заңдылығын сақтауға, тілдің өзіндік таби­ғатына, ерекшелігіне аса мән беруге, қазақ тіліне жат нәрсені таңбауға шақырған.
Тіл мамандарының уәжіне сүйенсек, «тіліміздегі терминдердің 70-80 пайызы қазақтың төл сөздері болуы керек те, қалған 20-30 пайызы кірме сөздер болуы қажет». Ал осы 20-30 пайыз бөтен сөздер тіліміздің табиғатын, құрамын, құрылысын бұза алмайды екен. «Кез келген тілді базалық құрылымы негізінде 16 сағатта үйренуге болады» дейтін ресейлік белгілі полиглот, көрнекті лингвист Дмитрий Петровтың тіл, термин төңірегіндегі пікірлері өте қызық. Ол орыс тілі мен ағылшын тілінде дыбысталуы да, мағынасы да бірдей сөздерді жұрнақ жалғау арқылы ажырата отырып, сөз жаттаудың керемет тәсілін ұсынды. Мысалы, орыс тіліндегі «конституция» сөзі ағылшын тілінде «конститушән», «корпорация» – «корпорейшән» болып алынған. Бұдан орыс халқы ағылшын терминдерінің табиғатын сақтай отырып, өз тілдеріне дыбыстық ерекшеліктеріне орай икемдеп алғанын байқаймыз.
Бұл – сонау 1920-1930 жылдары термин жасау мәселесіне жіті қараған ғалым Т.Шонанұлының «жат сөздерді тілімізге дыбыстық ерекшеліктеріне орай алуға тиіспіз» деген ұстанымына барабар әдіс. Демек, шет тілінен қазақ тіліне терминдерді аудару мәселесінде осыны негізге алуға тиіспіз. Жалпы термин жасау ісінде, терминдерді біріздендіру мәселесінде әрбір сөздің мәтіндегі қолданылу ерекшелігіне, оның құқықтық нормамен мағыналық үйлесіміне зер салу керек. Ол үшін шығармашылық көзқарас қажет. Мұнсыз тіліміздегі терминдердің мағыналық тұлғасына жан кірмейді.
Ал терминолог Ш.Құрманбайұлы: «Тілші-терминолог ғалымдар терминологияны біріздендірудің бес сатысын атап көрсетіп жүр.
Бірінші – белгілі бір тар мамандықтың шеңберінде біріздендіру;
екінші – сала шеңберіндегі біріздендіру;
үшінші – нақты бір ұлт тілінің шеңберіндегі біріздендіру;
төртінші – туыстас тілдер шеңберіндегі біріздендіру;
бесінші – тіларалық, ұлтаралық біріздендіру;
алтыншы – халықаралық, ортақ терминдері бар тілдер арасындағы біріздендіру» дейді. Бұл ұлт тіліндегі терминдердің әлі де даму, қалыптасу сатысында екенін көрсетеді. Біз бұдан тілдің ұдайы қозғалыста, даму процесінде болатындығын ұғамыз. Жалпы бүгінде заңнама саласындағы басты міндет – тіл мәртебесіне сай ана тілімізде термин жасау, шет тілінен аударылған терминдерді біріздендіріп, жүйелеу, зерделеу. Бұл міндеттің алдағы уақытта өзінің жүйелі шешімін табатынына бек сенеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет