Тем Омыртқалылар дене құрылысының жоспары



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі428,9 Kb.
#10899
  1   2   3   4
Тема1 . Омыртқалылар дене құрылысының жоспары

Сабақтың мақсаты: омыртқалыларға морфологиялық сипаттауда пайдаланатын бағыттар мен жазықтардың негізгі терминдерін меңгеру.

Құрал жабдықтар мен материалдар


  1. Жазықтар мен бағыттардың схемалары мен кестесі.

  2. Скелеттер мен сүйектер

Органдардың кеңіңстіктегі орнын анықтау мақсатында бір-біріне перпендикуляр үш жазықты – сагиттальдық, фронтальдық және горизонтальдық жазықтарды қолданады.

Сагиттальдық жазықтық (латынша sagitta - садақ оғы) денені алдынан артына қарай вертикальдық бағытта кесіп өтеді. Сагиттальдық жазықтық денені дәл ортасынан оң және сол симметриялық бөліктерге бөлсе, медиандық (орталық) жазықтық болып аталады.

Фронтальдық ( frontis - мандай) жазықтық сагиттальды және горизонтальды жазықтарға перпендикуляр өтеді. Оның бағыты маңдайға параллель болады. Денені алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. Сагиттальдық және фронтальдық жазықтар вертикальдік болып та есептеледі.

Горизонтальдық жазықтық жер бетіне параллель өтеді; денені жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.

Органдардың горизонтальдық жазықтыққа қатынасын белгілеу үшін төменгі терминдерді пайдаланады:

Краниальдық (лат. cranium – бас қаңқасы) – басқа жақын орналасуы, каудальдық (лат. cauda - құйрық) – дененің төменгі бөлігіне жақын орналасуы; вентральдық (лат. vinter - іш)- дененің алдыңғы бетіне жақын орналасуы; дорзальдық (лат. dorsum- арқа) – дененің арқа бетіне жақындау орналасуы.

Орта жазықтан шетірек жатқандарды латеральдық (лат. lateralis - бүйір), орта жазықтыққа жақындау орналасқандарды медиальды (лат. madialis - ортасы) деп белгілейді.

Қол мен аяққа қатысты орналасуды белгілеу үшін «проксимальдық» және «дистальдық» деген терминдерді пайдаланады. Проксимальдық (лат. proximalis - жақын) – тұлғаға жақын орналасқан. Қол мен аяқтың бөліктерін белгілеу үшін қолданылады, ал дистальдық (лат. distalis - алыстағы) – қол мен аяқтың тұлғадан алыстау орналасқан бөліктерін белгілеу үшін пайдаланылады.


1 сурет. Жазықтар: I — сагиттальдық; II —сегментальдық немесе трансверсальдық; III — дорсальдық (фронтальдық);

бағыттар: 1 — назальдық; 2 — ростральдық; 3 — краниальдық (аборальдық); 4 — каудальдық; 5 — латеральдық; 6 — плантарлық; 7 — дорсальдық; 8 — медиальды; 9 — краниальное; 10 — вентральдық; 11 — пальмарлық; 12 — проксимальдық; 13 — дистальдық; 14 — аксиальды; 15 — абаксиальды

Тема 2-3. Сүйек ұлпасының құрылысы, дамуы, маңызы

Сабақ мақсаты:



  1. Сүйек ұлпасының шыгу тегі және типтері

  2. Сүйек ұлпасының дамуы немесе остеогенез

  3. Ұзын сүйектер құрылысы және сүйектер типтерімен танысу

Құрал жабдықтар мен материалдар



  1. Әртүрлі жастадағы сүтқоректілердің ұзын сүйектері.

  2. Тығыз және кемікті заттары көрсетілген сүйектің тігінен және көлденең кесіндісі.

Тірі сүйек – организмнің өзгеруге бейім құрылымы. Жас кездегі жұмсақ, иілгіш сүйек өсу процесін аяқтар кезінде тығызданып қатаяды.

Сүйекте тамырлар мен нервтер болады. Атқаратын қызметінің өзгеруімен бірге сүйектің құрылысы да өзгереді.

Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың үш түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт.

Остеобласт – сүйек үлпасын түзуші клеткалар. өсуші сүйек ұлпасынынң бетінде орналасады. Оларға белокты синтездейтін клеткалардың ультрақұрылысы тән. Цитоплазмасында жақсы жетілген гранулалық эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, сонымен бірге РНК болады.

Остеоцит – бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Остеоциттер сүйек қуыстарында орналасады. Остеоцитттер сүйектің негізгі затын өндеуге және оған қаннан заттарды жеткізуге қатысады. Сүйек құрылысының өзгеруі кезінде остеоциттер қайтадан ұлпаның бетіне өтуі кері остеобластқа айналуы мүмкін.

Остеокласт – көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофагтар. Негізгі қызметі әктенген шеміршек пен сүйеті бұзып+талқандап+сіңіру. Сүтқоректілерге бұл клеткалар остеобластер мен остеоциттердің қосылуынан пайда болады, амфибийлерде – негізгі клеткалардантүзіледі.



Сүйектің жеңіл болуы кемік заттың пластин-каларының ерекше орналасуына байланысты. Тығыз және кемік зат-тардың бірігіп орналасуы сүйектердің мыктылығын тудырады.



Сүйектің микрокүрылымын салыстырмалы анатомиялык әдіспен зерттеу остеондардың жоғары дәрежеде жіктелген сүйектерге тән екенін көрсетті, ал төменгі сатыдағы сүткоректілерде (мысалы калталыларда) остеондар жетілмеген (Клебанова).

Сүйек сыртқы жағынан буын беттерін қоспағанда, екі қабаттан сыртқы талшыкты (фиброзалық) және ішкі сүйектүзуші (камбиялық) қабаттардан тұратын, сүйек, қабығы, немесе периост деп аталатын тығыз дәнекер үлпасының қабатымен қапталған. Периосттан тарай-тын Шарпей-Шафер талшықтары деп аталатын коллаген талшыктары-ның шоғырлары сүйектің ішіне еніп, оны сүйек кабығымен байла-ныстырып сіңірлердің бекуіне негіз жасайды. Сүйектің жетілуі мен жуандап өсуі және зақымдалғаннан кейін оның регенерациясы (қайта қалпына келуі) ішкі остеогендік қабатта болатын сүйек қүрау клетка-ларының есебінен жүреді. Сүйек қабығы қан мен лимфа тамырларына және нервтерге бай келеді.

Сүйек ұлпасы өзіне түсетін ауырлықтың өзгермелі механикалық жағдайларына карай үнемі қайта күрылып отырады. Осы қайта кұралу процесі кезінде кейбір остеондар бүзылып, ал қайсы біреулері жаңа-дан жасалады.

Шеміршек үлпасы

Шеміршек ұлпасында клеткалар (хондроциттер) мен клеткадан тыс талшықтар, құрылысы жоқ негізгі заттың ішінде орналаскдн. Колла-гендік және эластиндік талшыктардың, сол сияқты негізгі заттың са-нына байланысты шеміршек ұлпасының үш түрін ажыратады: гиалинді, эластинді, талшықты шеміршектерді.

Шеміршектердің көп тараған түрі гиалинді шеміршек. Адам мен сүтқоректілердің үрыктарының скелетінің толықтай дерлігі гиалинді шеміршектен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін жауып тұрады және кеңірдектің, ірі бронх-тардың қабырғасында, қабырғалардың үштарында, мұрын пердесінде болады.

Гиалинді шеміршек үлпасы хондробластылар (шеміршек клеткалары) мен хондроциттер деп аталатын клеткалардан және хондро-бласттардың өндіретін клеткааралық аморфтык заттары мен талшық-тардан тұрады.

Гиалинді шеміршек құрамыңда хондробластылар, фибробластылар, фиброциттер мен жуан коллаген талшықтарының шоғырлары бар пе-рихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпалық қабықшамен капталған. Олардың арасында қалыптаспаған дәнекер ұлпасының өте жүқа қаба-тымен қапталған қан тамырлары мен нервтер орналасқан. Шеміршек клеткалары ерекше қуыстарда көбінесе топтанып (изогендік топтар) жайғасады.

Құлақ қалканы мен көмейүсті шеміршектің механикалык негізін құраушы эластинді шеміршек ұлпасы оның клетка аралық кеңістігін тесіп өтетін эластинді талшыктарының торымен ерекшеленеді.

Талшыкты шеміршек санның жүмыр байланыстырушы сіңірінде, омыртқааралык менисклерде және сіңірлердің сүйекке бекитін жерлерінде кездеседі. Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмасы оның коллаген талшыктары аралық затында шоғыр қүрап орналасады.

Сүйектердің дамуы немесе остеогенез

Сүйектер екі әдіспен дамиды: 1) эмбриондық дәнекер үлпасынан (төбе сүйектері мен бет сүйектері), 2) шеміршектің орнына (омыртқа-лар, аяқ пен қолдың сүйектері, бастың негізі және баскалары) түзілуінен.

Бірінші әдістен дамыған сүйектерді дәнекер ұлпалық сүйектер дейді, ал екіншілерін шеміршектік сүйектер деп атайды. Сүйектердің осы екі түрі де мезенхимадан дамиды.



Эмбриондық дәнекер үлпасынан сүйектің дамуы сүйектің шемір-шек орнына дамуынан ерте басталады.

Сүйектің дәнекер үлпасынан дамуы (десмалық остеогенез)

Сүйектің дәнекер үлпасынан дамуы (десмалық остеогенез) болашақ сүйек орнына коллаген талшыктарына бай және тез көбеюші ұсак клеткалар бар дәнекер ұлпасының дамуымен сипатталады. Сүйек үл па­сы пайда болғанға дейін дәнекер үлпасының бұл клеткалары остеоб-ластлерге айналады. Клеткааралық заттың қалыптасуы аяқталғаннан кейін остеобластлер остеоциттерге айналады. Жаңадан пайда болған клеткааралық зат мукопротеидтер мен коллагеннен түрады. Дамудың келесі кезеңінде деполимеризация жүреді, яғни мукополисахаридтер молекулаларының ыдырауы мен олардың қаддыктарының еруі. Осы кезде клеткааралык заттың органикалық белігі толыктай дерлік кол­лагеннен түрады. Одан кейін клеткааралық заттың әктенуі мен ірі тал-шықты сүйек үлпасының калыптасуы жүреді. Кейін ірі талшыкты сүйек бірте-бірте жойылып, оның орнын пластинкалық сүйек басады. Мүндай кайта қүрылыс клеткалардың екі түрінің — сүйекті талқандаушы остеокластлер мен сүйек түзуші остеобластлердің, тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде жүреді.

Шеміршек орнына сүйектің дамуы (хондрлық остеогенез)

Остеогенездің бұл түрінің ерекшелігі шеміршектің талқандалуы-мен жүреді. Хондрлык сүйектің дамуы шеміршектің бетінде жүреді. Осы кезде пайда болған сүйекті перихондрлық сүйекдеи атайды, ал сүйек заты шеміршектің ішінде дами бастап және даму оның клеткалары-ның есебінен жүрсе, ондай сүйек эндохондрлык, суйектер деп аталады.

Дамудың белгілі кезеңінде шеміршек кан тамырлары мен остеобластлерге толып бірте-бірте толықтай немесе жартылай сүйекке алмасады. Жабын, немесе тері сүйектердің бәрі плакоидтік қабыршактардың жеке пластинкаларының қосылуының нәтижесінде пайда болады. Эндохондрлык сүйек пайда болысымен остеокластлар өз қызметін бастай-ды. Олар шеміршекке енетін қаңқа түзуші ұлпаның клеткаларынан пайда болады. Остеокластлер жас эндохондрлық сүйекті бүзады, осы-ның салдарынан үлкен куыстар пайда болады. Қуыстарды толтырушы үлпа ретикулалык үлпаға айналады. Осы ретикулалык ұлпада алғашқы сүйек майына айналатын гемоцитобластлер түзіледі.

Жіліктердің диафиздері перихондрлык сүйектенудін нәтижесінде пайда болады. Диафиздік шеміршектің сүйекке алмасуы оның орта-сынан басталып бірте-бірте сүйектің ұштарына, эпифиздеріне тарайды. Кейін эпифизде өз сүйектену нүктесі пайда болады. Сүйектің үзарып өсуі эпифиз бен диафиздің арасындағы шеміршектің есуі арқылы жүреді. Адам жіліктерінің үзарып өсуі 20-25 жаста аяқталады. Эндохондрлык даму процесі тоқталмаған кезде сүйек кабығы жағы-нан сүйек ұлпасының жаңа қабаттарының пайда болуының нәтижесінде сүйек жуандап өседі. Ересек адамда да сүйек кабығы өзінің белсенділігін сақтайды, осыған байланысты ол сүйек зақымдалған кезде калпына келу процестерінің ошағы болып есептеледі. Сүйектердің қайта қүрылуы организмнің өмір бойына сакталады. Сүйек ұлпасының бұзылуымен бірге оның жаңадан түзілуі жүріп отырады. Сүйектердің жоғары механикалык, көрсеткіштері жаттығу процесі кезінде қалыптасады. Сондыктан дене қимылы адамның денсаулығына қажет.

Сүйектер пішіні

Сүйектердің үлкен-кішілігі мен пішінінің алуан түрлі болуы олардың атқаратын қызметіне байланысты.

Пішініне қарай сүйектерді ұзын сүйектер (жіяіктер), қысқа сүйек-тер, жаяпақ сүйектер және аралас пішінді сүйектер деп бөледі.

Жіліктер аяқ пен қолдың негізін қүрайды және бұлшык еттерге рычаг қызметін аткарады. Жіліктін тығыз заттан тұратын орта бөлігін диафиз деп атайды, ал кемік заттан қүралған жуандау келетін жіліктің ұштары эпифиздер деп аталады. Жілік бастарының жуандап келуі буын-дасатын сүйектердің жанасу беттерінің ауданын арттырып, тіректік мықтылығын күшейтеді. Cүйектnің кемік затының үяшықтарында кейін сарғылт майға айналатын сүйектің қызыл майы орналасады. Диафиздін қуысында да сүйек майы болады.



Сүйектің қызыл майы дәнекер ұлпалык клеткалар мен олардың өсінділерінің және дәнекер ұлпалык талшықтардың жіңішке шоғыр-ларының торы. Осы тордың тұзақтарында дамудың күрделі кезең-дерінен өтуші канның қызыл және ақ клеткаларының аса кеп саны болады. Сүйек майының массасы дене массасына қарағанда анағұрлым басым, дене массасының 4,6% кұрайды.

Қысқа сүйектерге қол қоспасының сүйектері және өкше сүйектері жатады. Қысқа сүйектер сүйектер жүйесінің мықтылық пен әртүрлі қозғалысты бірдей қамтамасыз ететін және мүмкіншілігіне қарай соққы мен шайкалыстың әсерін әлсірететін жерлерде орналасады. Қыска сүйекті кемікті сүйек деп те атайды, себебі тығыз заттың жұқа қабатымен қапталған кемікті заттан тұрады. Қысқа сүйектерге сіңір-лерден дамитын күнжіт тәрізді сүйектер де жатады. Ірі күнжіт дәні тәрізді сүйектер тізе тобығы, қоспаның бүршақтәрізді сүйегі мен аяк-тың үлкен башпайының негізіндегі екі күнжіт дәні тәрізді сүйектер.

Аралас сүйектерге пішінін дәл жазып жеткізуге болмайтын сүйектер жатады. Мысалы, жоғары жақ сүйек, омыртка, бастың негізінің сүйектері, т. б. Бас қаңқасының кейбір сүйектерінде ауаға толы қуыс-тар болады. Мүндай сүйектерді ауалы сүйектер деп атайды (жоғарғы жақ, мандай сүйек).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет