Тема: 01-Натурал, бөлшек, бүтін, ондық бөлшек, рационал және иррационал сандар



Дата23.12.2021
өлшемі62 Kb.
#102395
Байланысты:
01-08


Тема: 01-Натурал, бөлшек, бүтін, ондық бөлшек, рационал және иррационал сандар

Подтема: 08-Ең үлкен ортақ бөлгіш. Құрама және жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.


  1. 5460 санының ең үлкен бөлгіші болатын жай санды көрсетіңіз.

Жауабы: 13

  1. 555 және 275 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

Жауабы: 5

  1. 3850 санының бөлгіші болатын ең үлкен жай санды табыңыз.

Жауабы: 11

  1. 645 және 680 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

Жауабы: 5

  1. 5940 санының бөлгіші болатын ең үлкен жай санды табыңыз.

Жауабы: 11

  1. 4730 санының бөлгіші болатын ең үлкен жай санды табыңыз:

Жауабы: 43

  1. 585 және 525 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз:

Жауабы: 15

  1. EYOБ (210; 150; 180)-табыңыз.

Жауабы: 30

  1. Бөлшекті қысқартыңыз:

Жауабы:

  1. Бөлшекті қысқартыңыз:

Жауабы:

  1. 260, 130, 120 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

Жауабы: 10

  1. Екі санның қосындысы 35-ке тең, ал олардың ең кіші ортақ еселігі 60-қа тең. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 15 және 20

  1. 110 қызыл, 99 ақ және 154 сары түстерден бір букеттегі әр түстің саны бірдей болатындай неше букет жасауға болады?

Жауабы: 11

  1. 24, 27, 108 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңыз.

Жауабы: 216

  1. Бөлшекті қысқартыңыз:

Жауабы: 11

  1. Таңаттың бір қадамының ұзындығы 75 см, ал Мақсаттікі -60 см. Егер олар бір нүктеден шықса, қандай қашықтық өткеннен кейін олардың іздері беттеседі?

Жауабы: 300 см

  1. 9-ға бөлген 5 қалдығын беретін барлық сандардың формуласын жазыңыз.

Жауабы: 9n+5

  1. 3-ке еселі сандардың формуласын жазыңыз.

Жауабы: 3n

  1. Пайда болған сан 2, 3, 4-ке бөлінуі үшін 86* санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қою керек?

Жауабы: 4

  1. Егер тақтайды ұзындықтары 20 см және 27 см болатындай бөліктерге қалдықсыз кесуге болатын болса, ең кем дегенде оның ұзындығы қандай болуы керек?

Жауабы: 5 м 40 см

  1. Бала жаңғақтарды 2-ден, 3-тен, 5-тен, 6-дан үлестіргенде, әрдайым бір жаңғақ қалады. Жаңғақтардың санын табыңыз, егер ол сан 100-ден кем болса.

Жауабы: 61

  1. Самат, Ерлан, Болат бассейнге сәйкесінше 3 күнде, 4 күнде, 5 күнде бір рет барады. Олар бассейнде дүйсенбі күні кездесті. Неше күннен кейін және аптаның қай күні олар бассейнде қайтадан кездеседі?

Жауабы: 60 күн, жұма

  1. 2, 4 және 6 цифрларынан барлық цифрлары әр түрлі болатындай үш таңбалы сандар құрыңыз. Олардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

Жауабы: 6

  1. Азамат 4 кітап сатып алыпты. Бірінші кітаптан басқаларының құны 48 теңге, екіншісінен басқаларының құны 46 теңге, үшіншісінен басқаларының құны 42 теңге, төртіншісінен басқаларының құны 38 теңгн тұрады. Әр кітап қанша тұрады.

Жауабы: 10, 12, 16, 20

  1. Бөлшектерді өсу ретінде жазыңыз.

Жауабы:

  1. Бөлшектерді кему ретінде жазыңыз:

Жауабы:

  1. EYOБ-ін табыңыз: 48; 240; 264.

Жауабы: 24

  1. EYOБ-ін табыңыз: 260; 310.

Жауабы: 10

  1. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз. және

Жауабы: 6

  1. Ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз: 200; 240; 320.

Жауабы: 40

  1. Жай сандарды теріп жазыңыз: 28; 36; 70; 76; 96; 23; 120; 31; 185; 207; 97.

Жауабы: 23, 31, 97

  1. Құрама сандарды теріп жазыңыз. 16; 26; 37; 65; 73; 86; 91; 101; 127.

Жауабы: 16, 26, 65, 86, 91

  1. 20-дан 40-қа дейінгі жай сандарды тауып жаз.

Жауабы: 23, 29, 31, 37

  1. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз: және

Жауабы: 33

  1. Ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз. 154; 231; 1001.

Жауабы: 77

  1. Есептеңіз:

Жауабы: 8

  1. 2205 және 2475 сандарынан жай көбейткіштерге жіктегеннен кейін ең үлкен ортақ бөлгішін табыңыз.

Жауабы: 45

  1. 525 және 588 сандарының жай көбейткішиерге жіктелгеннен кейінгі ең кіші ортақ еселігін табыңыз.

Жауабы: 14700

  1. Өрнекті ықшамдаңыз:

Жауабы: 4

  1. Өрнекті ықшамдаңыз:

Жауабы: 18

  1. Өрнекті ықшамдаңыз:

Жауабы: 14

  1. Өрнекті ықшамдаңыз:

Жауабы: 3

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет