Тақырып 10. / Тема 10. Ядролық нұрлардың көздері. Дәріс тезистері. / Тезисы лекций
Зат арқылы өткен гамма-нұрдың қарқынының өзгерісі. Зат арқылы өткен гамма-нұрдың әлсіреу (жұтылу) коэффициенті. Гамма-кванттардың зат атомдарымен әсерлесуінің түрлері.
Гамма-нұрлану деп ядролардың өздігінен гамма-нұр шығаруын атайды. Гамма-квант шығару процесінде ядро қозған күйінен энергиясы азырақ күйге көшеді (радиациондық көшу). Ядро қозған күйінен негізгі күйге бірден бір g-квант шығарып (3.14-а-сурет) немесе сатылап, бірінен кейін бірі шығатын бірнеше квант шығарып (3.14-б-сурет), өтуі мүмкін.
Физикалық тегі бойынша гамма-нұр қысқатолқынды электромагниттік нұр болып табылады. Мұндай қысқа толқын ұзындықтарында гамма-нұрдың толқындық
қасиеттері нашар байқалады, оның бөлшектік қасиеттері басымырақ сезіледі. Гамма-кванттарға, кезкелген фотонға сияқты, энергия, импульс пен L спин тән.
Гамма-кванттың энергиясының мөлшері, арасында радиациялдық көшу өтетін, ядроның деңгейлерінің энергияларының айырмасымен анықталады. Энергия мен импульстің сақталу заңына сәйкес тыныш тұрған ядроның нұрлануы үшін
E=Eγ+Tяд 0=рγ+pяд (2.1)
Мұндағы Е мен Еg - сәйкес ядроның күйлерінің энергияларының айырмасы (көшу энергиясы) мен g-кванттың энергиясы, рγ - g-кванттың импульсы, Тяд мен pяд –ядроның тебілу энергиясы мен импульсы. Осылардан ядроның тебілу энергиясы
(2.2)
мардымсыз болады. Мұның шамасы, Е=0.1¸1 МэВ, А=100 үшін, Тяд =(0.1¸100) эВ=(10-6¸10-5)Е болады. Демек, нұрлану энергиясы тұтас дерлік g-кванттың еншісіне тиеді.
Гамма-нұрлану электромагниттік әсерлесудің салдарынан өтеді. Демек, бұл құбылыста жұптылық сақталады. Радиациондық өту үшін жұптылықтың сақталу заңы:
(2.3)
түрінде жазылады. Мұнда ядроның бастапқы және ақырғы күйлерінің жұптылықтары. - гамма-кванттың жұптылығы.