«Металдар» тарауын қайталау сабағының үлгісі Тақырыбы: «Металдар» тарауын қайталау
Мақсаты: 1)Оқушылардың металдар тарауы бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіре отырып,оардың қасиеттерін өздігінен терең түсінуге ықпал ету;
2) оқушылардың зейінін,танымдық белсенділігін, топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,өз ойын айта отырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
3) бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері :
-металдар жайлы біледі;
-металдарды периодтық жүйе бойынша сипаттай алады;
-химиялық теңдеулерді қолдана отырып есеп шығарады;
-металдардың химиялық қасиеттерін тәжірибе арқылы дәлелдейді;
-металдар мен бейметалдарды өзара ажырата алады;
-металдардың күнделікті өмірдегі қажеттілігін анықтайды: