1.3 Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі
Білу түрінің мазмұны:
• мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады,мағлұмат пен деректердi еске түсiредi:
• жабық тест тапсырмалары;
• қалдырып кеткен белгiлердi қою;
• жатқа айту;
• анықтамалар мен атауларды қайталау,олардың қолдану тәртiбiн айту.
Түсіну түрінің мазмұны:
• түсіну түрінің мазмұны:
• мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру,оларды түрлендiру;
• есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау;
• ұқсастықтарды анықтау;
• айырмашылық жасау мен салыстыру,нәтиженi суреттеу;
«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
• Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау:
• Қалай? Нелiктен? сұрақтарына жауап іздену;
• Салыстырыңыздар;
• Айырмашылығын көрсетiңiздер тапсырмаларын орындау.
1. Аударма - мағынасын сақтай отырып,идеяларды таныс жүйеге,формаға ауыстыру.
2. Мысалдар - мәлiметтi,ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.
3. Анықтамалар.
Қолдану түрінің мазмұны:
• белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру;
• оқушы мұғалiмнiң көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек;
• ұстаз тек шешiмге емес, шешу процесiнiң құралуына да назар салуы керек,өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.
Талдау (анализ) түрінің мазмұны:
• зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу;
• оқушы әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды,түсiндiредi.
Талдаудың түрлерi:
1. Негiзiн тану – құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
2. Астарлы мағынаны ажырату – екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар,себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).
3.Мотивация – себептердi айқындау.Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып,өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
Синтез түрінің мазмұны:
• жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру;
• болжау,шарттылық,мүмкiндiк ұғымдарын қолданып,өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлерi:
• шығармашылық жанрлар;
• жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою,өткiзу;
• абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.
Бағалау түрінің мазмұны:
• даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдейді;
• оқушылар өз ойларын,идеяларын,пайымдауларын мазмұндап,оларды негiздейді;
• оқушылар өз позицияларын нақтылық,логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.
Оқушыларға (үйренушілерге) берілетін тапсырмалар мазмұны:
• Білу
• Анықтау,қайталау,белгілеу,санап шығу,еске түсіру,атау,назар аудару, жаттау.
• Түсіну
• Аудару,сөзбен қайта құрастыру,сипаттау,анықтау,түсіндіру,жеткізу, ерекшелігін анықтау,өз орнына қою,әңгімелеп беру,мәлімдеп беру,салыстыру, айырмашылығын көрсету,ұқсастықтарын келтіру,графикті оқып беру,суретті түсіндіру,анықтаманы тұжырымдау.
Пәндер бойынша тапсырма түрлері
1.Білу
1.Зат есімге анықтама беріңіз.
2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?
3.Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады?
4.(9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз.
5.ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз.
2.Түсіну
1.Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз.
2.ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз.
3.Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.
4.Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз.
5.Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады?
3.Қолдану
1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.
2.Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса.
3.Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар.
4.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.
5.Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз.
4. Жүйелеу
1.Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсылары жалған?
2.Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлар ұқсастығы.
3.Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз.
4.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз.
5.Жәндiктердi сипаттамасы бойынша қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыз.
5.Жинақтау
1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз.
2.И.Тургеневтiң «Му-му» әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз.
3.Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.
4.Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз.
5.Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз.
6.Салыстырмалы бағалау
1.Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе?
2.Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз.
3.Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе?
4.Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.
5.Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?[6]
1.4 Металдарға жалпы сипаттама беру барысында Блум әдісін қолдану
Металдар туралы оқу материалын ѳткенде химиялық элемент жай зат және күрделі зат,заттың құрылысы мен қасиеттері,химиялық реакция,т.б. ұғымдар нығаяды,жаңа деректермен толысады.Периодтьқ заң,атомқұрылысы,химиялық байланыс жэне иондық теория жѳніндегі білім қолданыс табады.Металлургия ѳнеркәсібі және металдардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы нақтылы ұғым қалыптасады.Металдарды жүйелі түрде қарастырғанда оқушылардың 8 – 9 сыныптардың жеке тақырыптарында алынған мына тірек біліміескеріледі: «Химиялық алғашқы ұғымдар» тақырыбынан элементтердің жіктелуі;металдар туралы алғашқы ұғым «Оттегі» тақырыбынан металдардың тотығуы металл оксидтері туралы ұғым;«Сутегі.Қышқылдар.Тұздар» тақырыбынан металдардың қышқылдармен әрекеттесуі және металдардың активтік қатары туралы алғашқы түсінік,металл оксидтерінің сутегімен тотықсыздануы жэне қышқылдармен алмасу реакцияларына түсуі,металдардың тұздар құрамына кіруі; «Су.Негіздер.Ерітінділер» тақырыбынан металдардың сумен эрекеттесуі және негіздер құрамына кіруі;«Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жѳнінде білімді қорытындылау» тақырыбынан металдардың бейметалдармен және қышқылдармен әрекеттесуі,оксид және гидроксид қосылыстарының қасиеттері,«Периодтық заң және периодтық жүйе» тақырыбынан сілтілік металдардың табиғи тобы,периодтық жүйеде металдардың орналасуы, электрондық құрылысының ерекшеліктері,иондануға бейімділігі;бейметалдар орналасқан негізгі топшаларды оқығанда металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері,қышқылдармен эрекеттесуінің ерекшеліктері,оксидтері,гидроксидтері жэне тұздары ескеріледі.Бұл білім металдардың жалпы қасиеттерін дедуктивті тәсілмен,оқушыларды белсенді қатыстыру арқылы,оқып-үйренуге негіз болады.
Алдымен металдардың периодтық жүйедегі орны туралы кіріспе оқылып,мына мәселелерге назар аударылады:«металл» термииі химиялық элементтерді және олар түзетін жай заттарды белгілейді;бір термин арқылы берілетін екі ұғымның әрқайсысының ѳзіндік мазмұны және кѳлемі нақтыланады;периодтық жүйеде орналасуы,салыстырмалы атомдық массасы, реттік нѳмірі,атом радиусы,иондану энергиясы,т.б. элементке тән сипаттамалар. Металдарға жататын химиялық элементтер саны жағынан бейметалдардан гѳрі кѳбірек,сексеннен асады.Олар I - III негізгі топшаларда (бордан басқа) және барлық топшаларда периодтық жүйенің сол жағында орналасқан.Металл атомдарының негізгі ерекшелігі – сыртқы қабатындағы электрондар саны аз,атом радиустары едәуір үлкен.Әр период s-деңгейшесін элсктрондармен толтыратын сілтілік металдардан басталады.Үлкен периодтардың ортасында орналасқан метал атомдары (Sc-Zn,V-Cd) d-деңгейшесін, аса үлкен периодтарда орналасқан металдар d-деңгейшесін және f-деңгейшелерін(лантаноидтар мен актиноидтар) электрондармен толтырады.
Металл атомдары сыртқы және оның астындағы электрондық қабаттарынан валенттік электрондарын беріп жіберіп,тотықсыздандырғыш қасиет кѳрсетуге бейім келеді.Бұған металдардың және оқушыларға таныс бейметалдардың иондану энергияларын салыстыру арқылы кѳз жеткізеді.Кестеден сілтілік металдар атомдарының радиустары бір периодта орналасқан ғалоген атомдарының радиустарына қарағанда екі еседен астам артық,ал иондану энергиялары 3-6 есе кем екені байқалады.Топ бойында атом радиустарының артуымен байланысты иондану энергиясы заңды түрде кемиді.
Металдардың жай заттарын белгілейтін терминнің мағынасы олардың атомдары түзетін химиялық байланыстың табиғатын және кристалл торлардың түрлерін қарастыру арқылы ашылады.Металдық химиялық байланыс ковалентті және иондық байланыстармен молекулалық,атомдық,иондық кристалл торлары металдық кристалл торымен салыстырылып,ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
Модельдерді және оқулықтарды пайдаланып,металдық кристалл тордың құрылысы түсіндіріледі.Бұл байланыс атомдардан босаған электрондар мен оң зарядталған металл атомдарының арасында жүзеге асады.Ортақ электрондар арқылы жүзеге асуы жағынан металдық байланыс ковалентті байланысқа ұқсайды, бірақ одан айырмасы екі атомның арасында тұрақтанбаған,кристалл торындағы барлық атомдар ядроларының тѳңірегінде айналып жүреді.Электрлік тартылыс күшінің әсері арқылы байланысуы жағынан металдық байланыс иондық байланысқа жақындайды,бірақ мүнда теріс зарядталған иондар болмайды,олардың міндетін бос жүрген электрондар атқарады.Электрондар атом иондарымен бір сәтте бірігіп,келесі сәтте қайтадан ажырап кетеді.Осындай бос электрондардың болуымен оқушыларға бұрыннан белгілі металдардың физикалық қасиеттері,электр ѳткізгіштігі,жылу еткізгіштігі және жылтырлығы түсіндіріледі.Нақтылай түсу үшін үлестіріліп берілген металдармен жұмыс істеледі,мыстың,алюминийдің және басқа металдардың жалпы қасиеттерін сипаттайтын диафильм кѳрсетіледі.Соның нәтижесінде оқушылар металдық жылтыр жағынан күміс жэне палладийдің тапталғыштығы жағынан алтынның бірінші орында тұратыны,металдардың ең ауыры-осмий (22,43 г /см) жеңілі - литий (0,52 г/см),ең жұмсағы - калий,қаттысы - хром,ең оңай балқитыны - сынап (38,87°С),балқу температурасы ең үлкені вольфрам (3370°С) екені жөнінде пікірге келеді.Металдар түзетін кристалл торларының түрлері;кубтық кѳлемді центрлі(сілтілік металдар,вольфрам,хром,т.б.),қырлары центрдегі куб (алюминий,қорғасын,күміс,алтын,платина,т.б.),гексанальды(магний,бериллий,мырыш,т.б.) торлар туралы айтылады.Бір көлем бірлігіне келетін металл атомдарының саны артқанда металдың тығыздығы да артады.Гексональды торда атомдар басқалардан гөрі тығыз орналасады.Металдардың тығыздығына ион зарядтары мен радиустары әсерін тигізеді.Металдық байланысы болғандықтан,кристалл торларының жеке қабаттары бір-біріне жақындасуга бейім келеді,мұның өзі металдарға созымдылық қасиет береді.Олар химиялық байланысын үзбей,жұқарады.
Әр түрлі металдарды қосып балқытқанда құймалар түзіледі,олардың қасиеттері алуан түрлі болып келеді,бұл іс жүзінде кеңінен қолданылады.Оқушылар ѳздеріне үлестіріп берілген құймалармен танысады,олардың түрлері және құрамы жѳнінде нақтылы ұғым алады.Құймалар дисперстік жүйелерге жатады.Олардың қоспа немесе химиялық қосылыс түрінде болуы мүмкін.Кристалл торлары бірдей және қасиеттері ұқсас металдар қатты ерітінділер (алтын-күміс,темір-марганец) түзеді.Кристалл торларында айырмасы үлкен металдардан механикалық қоспа түріндегі құймалар түзіледі (қорғасын-қалайы,кадмий-висмут,т.б.).Қасиеттері әр түрлі металдардан химиялық қосылыстар түзіледі,оларда валенттілік заңдылығы сақтала бермейді (MgPb,Mg2Si,AI4C3,AuZn,AuZn3,AuZns,т.б.).
Металдардың химиялық қасиеттері дедукциялық тәсілмен ѳтіледі: а)металдардың бейметалдармен әрекеттесуі;ә)металдардың сумен әрекеттесуі;б)металдардың қышқылдармен әрекеттесуі;в)металдардың тұздармен әрекеттесуі.Әр қасиетті нақтылайтын зертханалық және кѳрнекі керсететін (зерттеу әдісімен) тәжірибелер қойылады;реақцияның жүру жағдайларына назар аударылады.Сілтілік металдар және кальций оттегімен бастапқ температурада тотығады.Оқушыларға бұрыннан белгілі активтік қатардағы магнийден қорғасынға дейінгі металдар бастапқы жағдайда тотығып,корғаныш қабық түзеді.Мыс пен сынап қыздырғанда тотығады.Алтын,күміс және платина қыздырса да тотықпайды.Металдардың басқа бейметалдармен әрекеттесу жағдайлары да еске түсіріледі.Металдардың сумен әрекеттесу мүмкінді жүретін химиялық процестерді,реакция ѳнімдерін сызбанұсқа немесе кесте түрінде беру тиімді:
а)металдардың сұйық және концентрлі қышқылдармен әрекеттесу ѳнімдері де кесте арқылы беріледі.Күкірт жэне азот қышқылдарының металдарға әсер ету ерекшеліктеріне назар аударылады.
ә)металдардың тұздармен реакциялары параллель (жүретін және жүрмейтін салыстырмалы) тәжірибелер қою арқылы нақтыланады.
Талқыланған реакциялардың бәріне металдардың атомдары тотықсыздандырғыш қасиет кѳрсетіп,ѳздерінің де тотығатыны айтылады:
М е° → Меn+ + e− Металдардың әрбір қасиеті жөнінде білімді нығайта түсетін өздігінен істейтін жұмыстар жүргізіледі,жіктелген жаттығулар орындалады.Жаттығуларды ойдағыдай орындап,металдар қатысатын реакциялардың жүру ықтималдығын алдын-ала болжау үшін оқушылар металдардың Н.Н.Бекетов жасаған ығыстыру қатарын еске түсіріп,металдар кернеуінің электрохимиялық қатары жөніндегі біліммен ұштастырады.Бұл арада жеке атом күйіндегі металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттерінің айырмашылығына,тотықтырғыштардың сипатына баса назар аударылады.
Жеке күйіндегі атомдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері металдардың периодтық жүйедегі орнымен анықталады және иондану энергиясынан айқын білінеді.Жай зат күйіндегі металдардың тотықсыздандырғыш активтілігі периодтық жүйедегі орнына тікелей тәуелді емес,ол металдардың кристалл торларының беріктігіне,ерітіндідегі реакцияларда түзілетін иондардың гидраттану энергиясына байланысты өзгереді.Соңғы екі себептің салдарынан иондану энергиясы үлкен литий ерітіндідегі реакцияларда калий мен натрийден активті болып шығады,бұл үстірт қарағанда Н.Н.Бекетов жасаған қатарға,топ бойында металдар қасиетінің ѳзгеру заңдылығына қайшы келетін секілді кѳрінеді.Бұдан соң металдар кернеуінің электрохимиялық қатарындағы кейбір шектеулерге тоқталып, оны саналы түрде пайдалану қажеттігі айтылады.Оқушылар активсіз металдарды судағы ерітінділерінен сілтілік металдармен ығыстыру реакцияларының теңдеулерін жиі жазады.Бұл олқылықты болдырмау үшін натрий мен мыс (II) сульфатының арасындағы реакцияның тәжірибесі көрнекі корсетіледі.Оқушылар сутегінің бөлінгенін және мыс (II) гидроксиді тұнбасының түзілгенін бақылап, реакцияның натрий атомы мен сутегі иондарының арасында жүргендігі жөнінде қорытынды жасайды.Металдардың жалпы қасиеттерін қарастырғанда пән аралык байланысты жүзеге асырытын маңызды тақырыптың бірі-электролиз.Электролиттік диссоциациялану теориясының және тотығу-тотықсыздану тұрғысынан электролиз құбылысы мәселелік әдіспен түсіндіріледі.Катод пен анодта жүретін тотығу-тотықсыздану әрекеттері,иондардың зарядсыздану реті талқыланады.Мыс (II) хлориді мен калий иодидінің электролизі кезінде катодта бір жағдайда мыс,екінші жағдайда сутегінің бөліну себебі,осыған орай аниондардың тотықсыздандырғыш қасиеттері (қатары) жөнінде түсіндіріледі:
I-, Вr-, S2-, Сl-, ОН-, SO43-, NO3- Бұл қатарда аниондардың тотықсыздандырғыш қасиеті кемиді.Электролиздің іс жүзіндегі маңызын түсіндіру үшін мырыштан қорғасынға дейінгі металдар катиондарының тотықсыздану ерекшелігі түсіндіріледі.
Металдар коррозиясы туралы оқу материальш өткенде қарастырылатын мәселе;коррозия жэне оның маңызы туралы үғым;коррозияның түрлері; коррозияға әсер ететін жағдайлар;коррозияның химиялық және элктрохимиялық мәнін түсіндіру;коррозияға қарсы күрес шаралары.Коррозияға эсер ететін жағдайларды нақты түсіндіру үшін алдын ала 5 сынауықта тэжірибе қойылады.Онда темірдің коррозиясына ауаның,судың,ас тұзы ерітіндісінің,натрий сілтісі ерітіндісінің,мыс және мырышпен жанасуының әсері зерттеледі;
1 2 3 4 5
Ғе Ғе Fe/Cu Fe/Zn Ғе
су+О2су+O2+NаС1су+O2+NаС1 су+O2+NаС1 cy+NaCl+NaOH
Коррозияның жүргені оттегінің жұмсалып, судың кѳтерілуі,тұнбаның түсі және мѳлшері арқылы анықталады.
Металдардың жалпы қасиеттері:бос күйіндегі металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері,ауаның оттегімен әрекеттесуі,сумен әрекеттесуі,қышқылдармен әрекеттесуі,табиғатта кездесуі,алыну тәсілдері,металдар иондарының тотықтырғыш қасиеттері оқулық бойынша қорытылады.[11]