Сабақ мақсаттары



Дата08.09.2017
өлшемі128,96 Kb.
#29979
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Кристалл торларының түрлері. Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.

Сабақ мақсаттары:

- оқушыларға молекулалық, атомдық және иондык кристалл торлары туралы түсінік беру, заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін түсіндіру;

- ақпаратпен өз бетінше жұмыс жасай отырып, қорытынды жасай алу, тапсырмаларды орындай алу дағдыларын дамыту;

- өз бетінше және топта жұмыс жасай алуды қалыптастыру.



Сабақ түрі: аралас.

Сабақ қалыпы: жекеше, топтық.

Сабақ әдістері: «білім ағашы» әдісі, топтық тапсырмаларды орындау.

Құрал-жабдық: ХЭПЖ, таратпа қима қағаздар, интерактивті тақта, презентация, электрондық оқулықтағы кесте.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин). Сәлемдесу.

Химиялық элементтердің таңбалары көмегімен сыныпты төрт топқа бөлеміз. Элементтер: натрий, алюминий, фосфор, хлор. Топ мүшелері топ жетекшілерін сайлайды, топ жетекшісі топ жұмысын реттеп, бағалау парағын толтырады.

Топтарға бағалау парақтары таратылады. Бағалау парағын толтыру ретін түсіндіру.

2. Өткен тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын тексеру. (11 мин). «Білім ағашы» әдісін қолдану. Оқушылар жеке жауап береді. Сұрақтарды қиындығына қарай өздері таңдайды.

- «жасыл алмалар»- төмен деңгейдегі сұрақтар;

- «сары алмалар» - орташа деңгейдегі сұрақтар;

- «қызыл алмалар»- жоғары деңгейдегі сұрақтар.



Егер алманы таңдаған оқушы сұраққа жауап бере алмасы, бұл сұраққа қолын бірінші болып көтерген оқушы жауап беруге мүмкіндігі бар. Дұрыс жауптар үшін сәйкес түсті қағаз алмасы беріледі.

Жасыл алмалардын астындағы сұрақтар.

  1. Электртерістік деген не? (Кез келген элемент атомының өзіне электрон тарту және өзінен электронды тебу қабілетін қоса сипаттау үшін саластырмалы электртерістік деп аталатын шама қолданылады)

  2. Электртерістігі ең үлкен элемент. (фтор)

  3. Электртерістігі ең төмен элемент. (франций)

  4. Период бойынша электртерістік қалай өзгереді? (солдан оңға қарай өседі)

  5. Топ бойынша электртерістік қалай өзгереді? (жоғарыдан төменге қарай кемиді)

  6. Қандай байланысты коваленттік деп атайды? (ортақ электрондық жұптар пайда болу арқылы түзілетін байланысты коваленттік деп атайды )

  7. Коваленттік полюссіз байланыс деп қандай байланыс түрін атайды? (коваленттік полюссіз байланыс электртерістіктері бірдей бейметал атомдар арасында түзіледі)

  8. Коваленттік полюсті байланыс деген не? (электртерістіктерінде айырмашылықтары бар әртүрлі бейметал атомдары арасында пайда болады)

  9. Иондық байланыс деп қандай байланыс түрін атайды? (Иондық байланыс кезінде атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар иондар деп аталады: катиондар мен аниондар. Қарама-қарсы зарядталған иондар арасындағы байланысты иондық байланыс деп атайды)

  10. Қандай байланысты металдық деп атайды? (Металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байланысты металдық байланыс деп атайды)

Сары алмалардын астындағы сұрақтар.

  1. Келесі элементтерді электртерістігі өсу реті бойынша ата: фосфор, магний, кремний, натрий, күкірт, алюминий, хлор. (натрий, магний, алюминий, кремний, фосфор, күкірт, хлор)

  2. Келесі элементтерді электртерістігі кему реті бойынша ата: германий, қорғасын, кремний, қалайы, көміртек. (көміртек, кремний, германий, қалайы, қорғасын)

  3. Мына заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар: N2, Na2S, SO2, Fe. (N2 –ковалеттік полюссіз, Na2S -иондық, SO2 –коваленттік полюсті, Fe -металдық)

  4. Мына заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар: P2O5, O2, Au, Ca3P2. (P2O5 –коваленттік полюсті, O2 –коваленттік полюссіз, Au -металдық, Ca3P2 -иондық)

  5. Мына заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар: Сu, P4, CO2, K3N. (Сu – металдық, P4 – коваленттік полюссіз, CO2 – коваленттік полюсті , K3N - иондық)

  6. Мына заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар: BaCl2, Ag, CH4, Br2. (BaCl2 - иондық, Ag - металдық, CH4 – коваленттік полюсті, Br2 – коваленттік полюссіз)

Қызыл алмалардын астындағы сұрақтар.

  1. Қосылыстағы элементтердің массалық қатынастарын есептеңдер: NO2 (m(N):m(O)= 14:32= 7:16)

  2. Қосылыстағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер: SO2. (ω(S)=33,33%, ω(O)=66,67%)

  3. 102 грамм алюминий оксидінде неше грамм алюминий болатының есептеңдер? (m(Al)= 54 г)

Дұрыс жауап үшін: «жасыл алма» -1 балл, «сары алма»- 2 балл, «қызыл алма»- 3 балл.

Топ жетекшісі бағалау парағына оқушылардың баллдарын есептеп жазады.

Бағалау парағы

Топ _____________ Топ жетекшісі _______________________






Оқушының аты-жөні

Алмалар саны

Смай-ликтер саны

Алмалар саны бойынша баллдар:

жасыл-1 балл,

сары-2 балл,

қызыл-3 балл



Смайлик-тер саны бойынша баллдар:

әр смайлик 1 балл



Бар-лығы бал-лдар саны

Сабақ үшін баға

1.


Жасыл-

Сары- Қызыл-


















2.


Жасыл-

Сары- Қызыл-


















3.


Жасыл-

Сары- Қызыл-


















4.


Жасыл-

Сары- Қызыл-


















5.




Жасыл-

Сары- Қызыл-


















6.


Жасыл-

Сары- Қызыл-


















7.




Жасыл-

Сары- Қызыл-

















Баллдарды бағаға аудару:

1-2 балл – баға «3»

3-4 балл – баға «4»

5 балл және одан жоғары – баға «5»

Топ жетекшісі топ мүшелеріне бағаларын айтуға тиісті


3. Жаңа тақырыпты оқып-үйрену (15 мин).

Мұғалім: Балалар біз химиялық байланыстың негізгі түрлерін қарастырдық, химиялық байланыс түріне заттардың қасиеттері тәуелді болатының анықтадық. Бүгінгі сабақта біз заттардың қасиеттерінің тек химиялық байланыс түріне ғана емес тағы заттардың құрылысына тәуелді екенің анықтаймыз. Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазыңдар. «Кристалл торларының түрлері. Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.» Кристалдық заттар деп құрамындағы бөлшектері белгілі бір реттілікпен орналасатын заттарды атайды. Қатты заттарды құраушы бөлшектердің кристалдық құрылысы болатыны рентген сәулесінің көмегімен дәлелденген.Кристалдарда бөлшектер (атомдар, иондар, молекулалар) геометриялық дұрыс ретпен белгілі бір аралықта орналасады.Осындай құрылымдарды кристалдық торлар деп атайды, ал онда белгілі реттілікпен орналасқан бөлшектерді тор түйіндері деп атайды. Байланыс типтеріне және бөлшектер түрлеріне қарай кристалдық торлар: атомдық, молекулалық, иондық және металдық болып бөлінеді.

Тапсырма. Төрт топқа:

Na: атомдық кристалдық тор типіне сипаттама беру.

Cl: молекулалық кристалдық тор типіне сипаттама беру.

P: иондық кристалдық тор типіне сипаттама беру.

Al: металдық кристалдық тор типіне сипаттапа беру.

Әр топ сипаттаманы келесі жоспар бойынша береді:

1. кристалдық тор типінің сызбасы;

2. кристалдық тор түйндеріндегі бөлшектер;

3. кристалдық тор түйіндеріндегі бөлшектер арасындағы байланыс түрі;

4. берілген кристалдық тор тән химиялық заттардың қасиеттері;

5. берілген кристалдық торлы заттарға мысалдар.

Қосымша ақпараттар парақтарда беріледі. Тапсырманы оқушылар А3 орындайды. Тапсырманы орындауға 5 мин уақыт беріледі. Әр топ өзінің постерін 2 мин қорғайды.

Топ жетекшілері топ мүшелеріне постерді жасап, оны қорғауға қосқан үлестері үшін смайликтер таратады. Әр смайлик 1 балл бағаланады.

4. Бекіту (10 мин). Әр дұрыс жаупқа бір смайлик. Әр смайлик бір балл.

1. Сұрқтарға жауап беру.



1. Суретте шартты түрде заттардың кристалдық торлары бейнеленген. Бұл заттардың кристалдық торлары қандай?


2. Кристалдық тор деген не?

3. Кристалдық тор түйіні деп нені атайды?

4. Бұл жай зат жылтыр ақ түсті, одан фольга,сым жасайды. Бұл заттың кристалдық торы қандай?

5. Сутегі ең жеңіл газ. Оның кристалдық торы қандай?

7. Бензол – түссіз, мөлдір, сұйық зат, суда ерімейді, ерекше иісі бар. Оның кристалдық торы қандай?

8. Кремнезем суда ерімейді, балқу температурасы 1728°С. Оның кристалдық торы қандай?

9. Аморфты заттар деген қандай заттар?

10. Күкіртсутектің балқу температурасы -85,5°С, ал калий йодидінің балқу температурасы 686°С. Бұл заттардың кристалдық торлары қандай?

11. Калий селитрасы – ақ, суда жақсы еритін кристалдық зат. Оның ерітіндісі электр тогын жақсы өткізеді. Бұл затты минералдық тыңайтқыш ретінде қолданады. Бұл заттың кристалдық торы қандай?
2. Дұрыс ба әлде бұрыс ба?

1. Барлық газды заттар қатты күйде құрылысы молекулалық кристалдық торлы болады.

2. Барлық қатты заттар кристалдық құрылысты болады.

3. Егер заттың кристалдық торы атомдық болса, онда ол қиын балқиды.

4. Фторсутектің балқу температурасы -83°С. Оның кристалдық торы атомдық.

5. Молекулалық кристалдық тор ең беріктігі төмен.


5. Үй жұмысы (1 мин) §30, оқу, №4,5 тапсырмаларды жазбаша орындап келу.

6. Бағалау (2 мин) Топ жетекшілері өз топтарындағы оқушылардың жинаған балдары мен бағаларын айтады.

7. Рефлексия (3 мин)

Тақырыпты қандай деңгейде түсінгендеріне талдау жасап, келесі кері байланыс парағын толтырыңдар.

Сабақта не үйрендіңдер? Келесі тестке жауап беріңдер.

Оқушының аты-жөні___________________________________



Тест
(алған білімі мен дағдылырына өзін- өзіне талдау жасау)


Білім мен дағдылар

Ия(+)

Жоқ(-)

а) кристалдық тор дегенді түсінемін







ә) кристалдық тор типтерін білемін







б) мен қосылыстын кристалдық тор типіне қарай қасиеттерін айта аламын







в) заттын қасиеттері бойынша кристалдық тор типін айта аламын








Сабақты қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет