Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


ІІІ. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары



бет38/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

ІІІ. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары.

3.1 Темір жол көлігінің даму перспективалары
Темір жол көлігін дамытудың негізгі мақсаттары:

      • қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, республиканың жолаушылар, жүк, почта және багаж тасымалына қажеттілігін толық және толассыз қанағаттандыру;

      • саланың 2006 жылға қарай одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа сапалы деңгейге көшіру;

      • отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығындарын төмендету, көлік қызметтерінің сапасын арттыру, олардың ассортименттерін кеңейту;

      • теміржол көлігінің қызмет етуінің экономикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;

      • баламалы көлік коридорлары арқылы тасымалдар бәсекелестігінің тұрақты үдеуі жағдайында Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру;

      • жоғары технологиялық импорт алмастырудың көлемін арттыру болып табылады.

Темір жол саласы басымды орын алатын Қазақстан көлігінің тұрақты жұмыс істеуі шикізаттық бағдардағы экономикамыздың қызмет етуінің ажыратылмас шарты болып табылады.

Сала дамуының жаңа деңгейі Қазақстан темір жолының техникалық жарақталуын айтарлықтай жақсартуға, оны 2015 жылы дүниежүзілік стандартқа жақындатуға, транзиттік әлеуетті арттыру арқылы бәсекелестіктің жоғары деңгейіне, жылжымалы құрам паркін отандық жаңа локомативтермен және вагондармен жинақтауға, ипорт алмастыру деңгейін арттыруға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Отандық өндірістік өнімдердің өзіндік құнындағы көліктік шығындарды азайту экономикалық өсуге және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға әсер етеді.

Отандық көлік жүйесінің экономикалық қауіпсіздік проблемасы республика қауіпсіздігі үшін ерекше маңызы бар, сондықтан оны шешу үшін мемлекеттің жан жақты қолдауы қажет. Қандай да болмасын жағдайда экономиканың өмірлік маңызды қажеттіліктерін және тұрғындардың тасымалға деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әрі төтенше жағдайларда оның жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ете алатын көліктің даму деңгейін қамтамасыз ету талап етілді, оның өзіндік ішкі және сыртқы қатерлерге қарсы тұра алуы қажет.

Жүк айналымы көлемін болжамдық есептеу өткен жылдар динамикасын, 2003 жылғы шын мәніндегі мәлеметтерді талдаудың негізінде және Қазақстанның, Рессейдің және басқа да ТМД елдерінің, Қытай мен басқа да елдердің келешектегі ІЖӨ болжамдары ескеріліп жасалған. Барлық жүктердің транзиттік тасымалының жүк айналымы дүниежүзілік экономиканың дамуы жөніндегі мәлеметтер (“Plan Ekon Peview and Out Cook for the Former soviet Replics” басылымы) негізінде болжанады.

Автомобиль көлігі жағынан бәсекелестіктің дамуымен байланысты 2004 жылы тасымал көлемі азаяды және тұрғындар санының әрі республика экономикасы дамуының тұрақтануы, тұрғындар кірістерінің кезең кезеңмен өсуі және жолаушылар тасымалы көлемінің өсу қарқыны бұдан әрі жыл сайын 1%-ға дейін артады деп болжамдауға мүмкіндік береді.

Темір жол көлігімен жүк тасымалаы мен жолаушы тасымалы көлемінің өсуінде қалыптасқан пропорциялар ескеріліп даму жоспарында жүк айналымы мен жолаушылар айналымының тиісті өсу қарқыны көзделген. Оның өзінде жүк айналымының өсуі 2005 жылға бардық жүктер бойынша былай деп болжамданып отыр:


      • республикаішілік қатынаста-15,0%

      • экспорттық-10,5%

      • импорттық-22,5%

      • транзиттік-15,9%

Тасымалдау процесі теміржол көлігінің негізгі өндірісі болып табылады, сондықтан оны ұйымдастыру “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ- тың барлық техникалық кешеніне қойылатын сандық және сапалық талаптарды анықтайды, оның салдары ретінде оны жүзеге асырудың қажетті материалдық және еңбек рессурстарын белгілейді.

Дүниежүзілік тәжірибені алға тартсақ операциялық қызметті оңтайландыру жөніндегі іс шаралардан болатын тиімділікті тасымалдау қызметінің ағымдық шығындарын 7-10% үнемдеу деп бағалауға болады.

Тасымалдау процесін ұйымдастыру жалпы желілілік технологияның оңтайлы вариантын таңдауды және ең аз пайдалану шығындарды қамтамасыз ететін жоспарланып отырған жүк ағындарын (вагон ағындарын ұйымдастыру, поездар қозғалысының графигін әзірлеу, локомотивтер мен локомотив бригадаларыг үйлестіру және т.б) игеруді қамтамасыз етуі тиіс. Тасымалдау процесін тиімді басқару шын мәніндегі тасымалдау процесін жүзеге асыруда әзірленген графиктен ауытқуын азайтуға бағытталуы тис.

Қолданылып жүрген операциялық жоспарды қайта қарау дегеніміз ең алдымен станциялар жұмысының технологиялық процестерін жетілдіру және кірме жолдардың сұрыптау жұмысын азайту есебінен поездарды қалыптастыру жоспары мен поездар қозғалысының графигін оңтайландыруды, поездар құрамының салмағы мен ұзындығының нормаларын экономикалық негізде қолдануды, локомотивтер мен локомотив бригадалардың жұмысында айналымучаскелерінің тиімді сызбасын ізірлеуді білдіреді. Бұл ағымдық және күтіліп отырған жүк тасымалдарын жүзеге асыратын станциялардың және жылжымалы құрамның санын қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтсақ, жаңа операциялық жоспар “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ құрамынан шығарылуға тиіс артық активтерді белгілеуге мүмкіндік береді, яғни саланы қайта құрылымдау процесіне ықпал етеді.

Операциялық жоспар инфрақұрылымға қойылатын шын мәнінде ағымдық және жоспарлы тасымалдарға қажетті талаптарды нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл шамадан тыс жолдардың, сигнализация және байланыс құрылғыларының тізімін және т.б нақтылауға, сондай ақ инфрақұрылымның техникалық дамуының басымдылықтарын белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Жолаушылар шаруашылығының қызметін жетілдірудің ең маңызды бағыттарының бірі поездпр қозғалысының мөлшерін (айналым кезеңділігін) және құрам сызбаларын қалыптасатын жолаушылар ағымдарына сәйкестендіру болып табылады.

Соңғы он жылдың ішінде тасымалдар көлемі айтарлықтай азайды, сондықтан бүгінгі күні Қазақстанның темір жол саласында артық активтер бар. Артық активтерді сәйкестендіру және жоюдың мақсаты оларды күтіп ұстаумен байланысты пайдалану шығындарын, сондай ақ оларды қалпына келтіру бойынша залалдарды азайту болып табылады.

Жүк тасымалдарының көлемін, құрылымын және бағыттарын өзгерту бір жағынан артық негізгі қорлар бар (локомотивтер мен жүк вагондары мүккәмал паркінің саны, станциялық жолдар мен аз пайдаланылатын желілердің пайдалану ұзындығы, станциялар мен бөліну қосындарының саны және т.б екінші жағынан жылжымалы құрамның кейбір түрлерінің жетіспеушілігімен ашықвагондар, мұнай құйатын цистерналар, магистральдық тепловоздар байланысты олардың тапшылығы байқалады, тасымал жиі болатынтелімдерде инфрақұрылым жағдайларының нашарлауына моральды және табиғи тозған, ескірген автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануға әкеліп соқты. Негізгі активтерді оңтайландыру мақсатында олардың артықтарын жою және қолданылып жүргендерді қалпына келтіру әрі жаңа активтер сатып алудың өгжей тегжейлі бағдарламасын белгілеу керек. Басқа сөзбен айтатын болсақ саланың техникалық кешенін қолданылып жүрген және болжамданып отырған көлемдерге және тасымалдардың құрылымына сәйкеске келтіру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет