Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Инвестициялардың жоспарланып отырған көлемінің динамикасы



бет42/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

Инвестициялардың жоспарланып отырған көлемінің динамикасы


жылдар

Ұсынылып отырған көлемдер 2006 жылға инвестициялаудың он жылдық кешіктірілуінің зардаптарын жоюға және саланың барлық шаруашылықтарының негізгі құрамдарының күй жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік туғызады. Темір жол саласының инвестициялық қажеттіліктері 2001-2005 кезеңінде 1184,6 млн АҚШ долларын, ал 2001-2014 жылдары – 3636,2 млн АҚШ долларын құрамақ.


ДРУЖБА СТАНЦИЯСЫН ДАМЫТУ

Ақтоғай - Дружба телімін және Дружба станциясын дамыту үшін Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің қуаттылықтарын дамыту жобасы әзірленген болатын. Оның 75% KAZ-P1 заем есебіне және 25% қазақстандық тараптың “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ бірлесіп қаржыландыру есебінен жүзеге асырылды. Жобаның негізгі мақсаты Ақтоғай - Дружба желісінің өткізу қабілеттілігін жылына 3,6 млн тоннадан 6,6 млн тоннаға дейін арттыру болып табылады. Одан әрі өткізу қабілеттілігін жылына 10 млн тоннаға арттыру көзделіп отыр. Жалпы 2004-2005 ж.ж инвестиция соммасы 9,8 млрд. тенге, оның ішінде республикалық бюджет пен Алматы облысы бюджеті есебінен 2,2 млрд. тенге жобаның рентабельділігінің ішкі нормасы болып экономикалық өміршең деп танылып отыр және 2006 жылға қарай Қытаймен жүк тасымалдау көлемі 10 млн тонна жылына, ал 2014 жылы 14 млн тоннаға жоспарланып отыр.

Дружба станциясын дамыту пайдаланылып жүрген қуаттылықтарды қайта құруды және кеңейтуді, сондай ақ әлеуметтік және табиғаттты қорғауға бағытталған объектілердің құрылысын көздейді. Бұл мақсаттарға арналған негізгі инвестициялар “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ тың меншікті қаржысынан жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған диспетчерлік басқару орталығын құру.

“Қазақстан темір жолы” РМК тасымалдау үдерісін орталықтандырып басқару - басқарудың автоматтандырылған диспечерлік орталығын (АДБО) құрғанда ғана мүмкін болды. Бірінші кезеңде барлық тасымалдау бөлімшелері диспечерлік орталықтандырумен жарақталады, екінші кезеңде олар бірыңғай диспетчерлік басқару орталығына біріктіріледі, үшінші кезеңде толығымен автоматтандырылады. АДБО құру поездар қозғалысын тасымалдарды басқарудың бірыңғай орталығынан станциялар бойынша кезекшілердің қатысуынсыз басқаруды, поездардың желінің телімдері бойынша өтуін тездетуге, пайдалаеу штаты қызметкерлерінің санын қысқартуға мүмкіндік береді. АДБО құру жөніндегі жобаның құны 9,7 млн АҚШ долларын құрайды. Жүзеге асыру мерзімі -2001-2005 жылдар. Жобаның өзі өзін ақтау мерзімі -4жыл.

Аталған жобаны қаржыландыру көзі кәсіпорынның өз қаржысы мен заемдары болып табылады.


9- кесте Ақтоғай – Дружба телімі және Дружба станциясы арқылы жүк тасымалы көлемінен түсетін табыс болжамы.

(мың доллар)



Көрсеткіш

атауы


Жылдар

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

2014ж

Экспорт

61424

66967

74991

77434

76447

80148

79447

86103

90764

91243

94110

Импорт

8990

9942

11892

13510

13985

15603

17363

19313

20359

21882

23023

Транзит

35828

44096

52364

57876

63388

68900

77168

82680

88192

90948

96460

Барлығы мың доллар

106242

121005

139247

148823

150820

164650

173978

188096

199315

204072

213593

  • Оперативті мәліметтер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет