Ғаламдық проблемалар дегеніміз- жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.
Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :
милитаризация мен қару-жарақтану;
қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
ұлттық мәдениеттің жойылуы;
дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.
Халықаралық еңбек бөлінісі- бұл әлем елдерінің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы және белгілі сандық ,сапалық арақатынас арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер ететін факторлар: