Мемлекет аралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:
1) құрылымдық валюталық саясат;
2) ағымдық валюталық саясат;
Ағымдағы операциялар есебі тауарлар мен қызметтер зкспорты және импортымен байланысты шетел валютасының барлық түсімдері мен шығындарын, сондай-ақ елдің әлемнің басқа мемлекеттеріне трансферттік төлемдерін белгілейді. Капитал қозғалысы есебі бір жыл ішіндегі материалдық және қаржылық активтерді сатып алу-сатумен байланысты капитал ағымын көрсетеді. Ағымдағы операциялар бойынша теңгерімсіз төлем балансын және капитал қозғалысын реттеу үшін шетел валютасының ресми резервтері қолданылады.