Темирова Ж. Ж., Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А.,Оспан Б.І. «Экономика негіздері»



бет135/139
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#123719
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Валюталық саясат – бүл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшартпен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • ұлттық валюталық жүйе;

  • дүниежүзілік валюталық жүйе;

  • аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан. Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

  • ұлттық валюта бірлігі;

  • ресми алтын-валюта қорының құрылымы;

  • ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;

  • валютаның айырбасталу мүмкіндігі;

  • валюталық шектеулердің деңгейі;

  • мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі.

Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды олардың негізгі элементтерінен көрінеді. Оларды 1 кестеден көруге болады

Кесте 1 Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері





Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

Ұлттық валюта

Резервтік валюталар

Ұлттық валютаның алмастырылу шарты

Валюталардың өзара алмастырылу шарты

Ұлттық валюта паритеті

Валюталық паритеттерінің ортақ режимі

Ұлттық валюта бағамының режимі

Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы

Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы

Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

Елдің халықаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу

Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетарлық реттеу

Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу

Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы

Елдің халықаралық есеп айыысуларын регламенттеу

Халықаралық есеп айырысудың негізгі формаларының біртұтастығы

Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі

Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары

Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді. Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.


ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді. Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пе валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық иетервенция жүргізуде пайдаланатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының «бағасы».
Валюталық курсының қажеттігі: тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады. Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

  • инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді;

  • төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы акивті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді;

  • Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады: а) елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссудының капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.

Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді. Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі. Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық. Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын санына қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық (жергілікті).
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на- Майнедегі, Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтағы ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылады, мысалы: Сингапур – доллары, Сауд – риалы, Кувейт – динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.

Валюта бағамының (алмастыру) үш негізгі жүйесі бар:


- бекітілген бағам - бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құрамын белгілейді, осылайша өз валютасы мен басқа елдердің валюта алмастыру бағамын анықтайды. Ел ұлттық валютаның тіркелген бағамын ұстап тұру үшін өз шетел валютасы резервтерін немесе алтынды сатып алу-сату резервтерін пайдаланады;
- еркін құбылмалы бағамдар ұсыныстар мен сұраныстар негізінде анықталады және өз валютасының құнына мемлекеттің ешқандай ықпал етуін болдырмайды. Валюта бағамдарының еркін ауытқуы тапшылықты және төлем баланстарының активтерін автоматты түрде реттейді;
- басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесі әр түрлі елдер орталық банктерінің валюта бағамдарының қысқа мерзімді және елеулі ауытқуларын (көбінесе алып-сату операциялары әсерінен) деңгейлестіру үшін ашық рыноктарда шетел валютасын сатып алуы және сатуын қарастырады.
Валюта басқыншылығы дегеніміз - шетел валютасын сатып алу-сату.
Бір ел резиденттері мен басқа мемлекеттер резиденттері арасындағы барлық мәліметтер осы елдің төлем балансында көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет