КӘсіптік практика бойынша әдістемелік нұСҚаулық
Оқу танысу іс-тәжірбиесі 1 Мақсат міндеттері 1.1 Кіріспе Оқу танысу тәжірибиесі студенттерді болашақ мектеп мұғалімдерді дайындауда педагогикалық тәжірибенің алғашқы кезеңі болып табылады. Педагогикалық пәндерді меңгеру барысында студенттер жалпыпедагогикалық білімдер жүйесін меңгереді және педагогикалық бағыттағы ойлау жүйесін қалыптастырады. Педагогикалық тәжірбие теория жүзінде алынған білімдерді және білім беру мен тәрбиелеудегі нақты бір міндеттерді болашақ мұғалім ретінде шешуге бағыталған. Бастауыш сынып оқытушыларының өз кәсіби міндетін қалай атқаратынын бақылай отырып студент бірінші курстың өзінде мұғалімнің шеберлігіне, тәрбие және білім беруде қолданатын әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ оқушылар ұжымымен жұмыс істеу әдістерін, жеке баламен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады.
- студенттерді сынып жетекшісінің жоғарғы оқу орны және колледж оқытушыларының, мұғалімінің функциясын, тұтас орындауға дайындау: оқытушылық, тәрбиелік, қоғамдық – педагогикалық басқару-ұйымдастырушылық; - педагогикалық қызметке жүйелілік тұрғыдан қалыптастыру; - кәсіби шеберлік компоненттерін игеру; - жоо-ның білім беру стандарты және маманның біліктілік мінездемесінің талаптарына сай, негізгі кәсіби педагогикалық іскерлік, тәжірибені бекіту және қалыптастыру.
Студенттердің кәсіби дайындығына қойылатын талаптарға сәйкес «5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттері практика нәтижесі бойынша білуі керек: білуі керек: – мектептің ұйымдастырушылық және басқарушылық жүйесінің негізін (нормативтік-құқықтық құжаттар; ішкі тәртіп ережелерін; санитарлық-гигиеналық шарттары т.б.); – мектептің педагогикалық ұжымының негізгі тәрбиелік бағыттары; – сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау жүйесін (бастауыш сынып мұғалімі); – оқушылардың сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен әдістері; – мектеппен отбасы байланысының негізгі бағыттары; – мұғалым қызметінің негізгі ерекшеліктерін; – төменгі сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін. Студенттің іскерлікті меңгеруі: – сыныптағы тәрбие жұмыстары және сабақты жоспарлау, бақылау және оған талдау жасау.; – жеке жұмыс жоспарын құра білу; – оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлау; – балалардың психофизиологиялық ерекшелігін еспке ала отырып тәрбие жұмысының тиімді формаларын тандау; – төменгі сынып оқушысының даму дәрежесін айқындауға бағытталған диагностика жүргізу; – оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме жасау; – жасалған жұмыстарға өздік сараптама жасау. ОҚУ ТӘЖІРБИЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 2.1 1- курста оқу (үздіксіз) практикасы ұйымдастырылады. 2.2 Сырттай немесе кешкі оқу формасының білім аушылары өз мамандықтары бойынша қызмет атқарған жағдайында, оқу практикасынан босатылады. Бұл жағдайда білім алушылар жұмыс орнынан қызметін растайтын анықтама және мінездеме тапсырады. 2.3 Оқу практикаларының бағдарламасы «Педагогика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен әзірленеді. 2.4 Оқу практикасы студенттердің болашақ мамандықтары бойынша үздіксіз тәжірибелік даярлаудың бір кезеңі болып табылады. Ол оқу процесінің барысында педагогика және психология пәндерінің базалық курстарымен қатар өткізіледі және сол педагогикалық-психологиялық білімдерін тәжірибеде қолдана отырып тереңдетеді. 2.5 Оқу практикасының базасы болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары болып табылады. 2.6 Оқу практикасын өткізу үшін болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдарымен шарт жасалуы тиіс. Оқу практикасының көлемі 2 кредит, 30 сағатты құрайды. Өтілу мерзімі 1 апта ( 1 кредит – 0,5 апта есебімен). 2.6 Тәжірибие мақсаты мен міндеттері 2.6.1 Кіріспе Республикамыздың әлеметтік-экономикалық міндеттерінің тиімді жүзеге асуы көптеген факторларға және кәсіби мамандарды даярлауға байланысты.
«5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерін кәсіби дайындауда жалпы оқу тәжірибе негізгі звено болып табылады. Теория жүзінде алған білімдердің элементтерін практикалық қызметте жүйелеу мен қолдануға мүмкүндік береді. Оқу танысу тәжірибесі студенттерді кәсіби қызметке дайындаудың негізгі болып табылады. Ол студенттердің педагогикалық-психологиялық білімдерін тек қолдануға емес сонымен қатар сол білімдерін кеңейтуге мүмкүндік береді. Оқу танысу тәжірибесінің студенттерге арналған тапсырмалары сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде және сынып жетекшісінің оқу-тәрбиелік жұмыстарын бақылауға және оны қолдануға бағыталған. 2.6.2 Оқу практиканың мақсаты: - студенттерді сынып жетекшісінің жоғарғы оқу орны және колледж оқытушыларының, мұғалімінің функциясын, тұтас орындауға дайындау: оқытушылық, тәрбиелік, қоғамдық – педагогикалық басқару-ұйымдастырушылық; - педагогикалық қызметке жүйелілік тұрғыдан қалыптастыру; - кәсіби шеберлік компоненттерін игеру; - жоо-ның білім беру стандарты және маманның біліктілік мінездемесінің талаптарына сай, негізгі кәсіби педагогикалық іскерлік, тәжірибені бекіту және қалыптастыру. 2.6.3 Оқу практикасының мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Студенттердің кәсіби дайындығына қойылатын талаптарға сәйкес «5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттері практика нәтижесі бойынша білуі керек: түсінігі болу: кәсіби қызмет ерекшелігін және фунциялары туралы; білуі керек:, педагог қызметін және әр түрлі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін негізгі құжаттарды, құқықтық және заңнамалық актілерді; білуі керек: сабақтарды тәрбиелік іс шараларды қалай жүргізуді, жаңа білімдерді меңгеруді, жаңа білім беру технологияларын білім беру мен тәрбиеде қолдана білуі; меңгеруі тиіс: кәсіби қызметте қолданылатын компьютерлік әдістермен ақпараттарды жинақтауды және меңгеруді. 2.7 Оқу тәжірбие мазмұны 1 семестр
2 семестр
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ Арнайы пәндер циклының немесе оқытудың жалпы теориялық курсы аяқталғаннан кейін 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттері 3 курс 6 семестрде педагогикалық практика ұйымдастырылады. ЖОО-да студенттердің алған теориялық білімдерін бекітіп, тереңдету, осы білімдерді оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарындағы іс-тәжірибеде пайдалануды үйрету Педагогикалық тәжірибие дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған. Жалпы педагогикалық тәжірибе 3 кредит 90сағаттан тұрады. Педагогикалық тәжірибенің ұзақтығы 3 апта. Педагогикалық тәжірибие нәтижесі бойынша студенттер кафедраға есеп тапсырады, білім алушылар сәйкес кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі тарапынан тексеріледі, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық–рейтингтік әріптік жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады. 5.7 Практика процесінде студенттер төмендегі іскерліктерді меңгеруі тиіс: - Сыныптағы тәрбие жұмыстары және сабақты жоспарлау, бақылау және оған талдау жасау. - Сабақ және сыныптан тыс сабақтардың конспектісін жасау. - Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу, шығармашылық пен материалды таңдау, сабақ және тәрбие сағаттарына көрнекі құралдарды дайындау. - Оқушылардың дене және психикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ және сыныптан тыс сабақтарды өткізу үшін ең тиімді әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау. - Оқушылар ұжымына және жеке тұлғаға диагностика жүргізу. - Өзінің қызметінің нәтижесінде өзіндік талдау және өзіндік баға беруді жүзеге асыру, сондай-ақ басқа практикантардың сабағы мен сыныптан тыс сабақтарына талдау жасау. - Балалар ұжымына қойылған міндеттерді орындауды ұйымдастыру (уақытша инициативті топтар (УИТ) құру, жұмыстың бірізділігін айқындау, тиімді тәсілдер мен әдістерді таңдауға көмектесу, бақылауды ұйымдастыру және жұмыстың қорытындысын шығару). - Сынып оқушылар ұжымын және оқушылардың жеке басын зерттеу. - Оқушылар мен тәжірибе жұмысының жаңа түрін жүргізу (ұжымдық және дара). Педагогикалық тәжірбие мазмұны. Мазмұны мен студенттің қызметінің сипатына қарай педагогикалық тәжірбие 3 кезеңнен тұрады: I кезең – дайындық. Бұл кезеңнің мақсаты тәжірбиеге теориялық тұрғыдан дайындық болып табылады. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар яғни есеп беру құжаттарын тапсыру уақыты, бағдарлама, практика міндеттері дайындық конференциясында қарастырылады. II кезең - негізгі. Негізгі кезең екі кезеңнен тұрады: танысу және кәсіби қызмет. Бірінші аптада студент білім беру мекемесімен танысады, бекітілген сынып оқушыларын бақылап, сынып сабақтарына қатысады, сынып жетекшісімен бірге жұмыс жоспарын жасап тәрбиелік іс-шаралар жоспарын талқылайды. Алғашқы екі күн ішінде практикант жеке жұмыс жоспарын жасап күнделікке жазып жетекшіге бекітуге үсынады. Күнделіктегі жеке жоспар күнде толтырылып отырады. III кезең – қорытынды-бағалау. Тәжірбие бойынша еспті рәсімдеу. Тәжірбиені өорытындылау. Қорытынды конференцияға қатысу.
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ. 4.1 Арнайы пәндер циклының немесе оқытудың жалпы теориялық курсы аяқталғаннан кейін өндірістік практика ұйымдастырылады. Бітіруші курстарында өндірістік практика теориялық оқыту толық аяқталғанан кейін ұйымдастырылады. 4.2 Кешкі және сыртқы оқыту нысанынан білім алушылар мамандық бойынша жұмыс істесе, өндірістік практикадан босатылады. Бұл жағдайда білім алушылар жоғары оқу орнына жұмыс орнынан кәсіптік қызметін растайтын анықтама және мінездеме тапсыруы керек. 4.3 Өндірістік практиканың бағдарламасы даярлайтын кафедрасымен әзірленеді және бекітіледі. 4.4 Өндірістік практиканың мақсаты түйінді құзіреттіліктерін бекіту, оқытылатын мамандығы бойынша кәсіби іс-әрекетінің практикалық дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыру болып табылады. 4.5 Өндірістік практиканың базалары оқытылатын мамандықтың профиліне сәйкес (немесе салалас мекемелерде) болуы тис. 4.6 Жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен өндірістік практика мекемелерімен типтік шарт негізінде, практиканы өткізу базасы болып табылатын мекемелерімен шарт жасауы керек. Практика базаларымен оқу жылы басталғанға дейін 1 ай бұрын шарт жасалуы тиіс. 4.7 Өндірістік практиканың мөлшері 4 кредит 300 сағатты құрайды. Өндірістік практиканың ұзақтығы 10 апта. 4.8 Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша, білім алушылар сәйкес кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі тарапынан тексеріледі, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық–рейтингтік әріптік жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады. 4.9 Өндірістік тәжірбие мазмұны Мазмұны және сипатына қарай тәжірбие 3-кезеңге бөлінеді: I кезең - дайындық. - практикаға шығар алдындағы оқушылардың кеңесі және тренингтер; - педагогикалық практиканың жағдайымен және орнымен танысу (оқушылармен, педагогтармен кездесу); - практиканттар жеке бағдарламаларын дайындау. II кезең - негізгі. - оқушылар ұжымына диагностика және педагогикалық практика барысында жұмыс жоспарын жасау; - диагностикалық карталар көрсеткіштері негізінде қызметті жоспарлау; - инварианттық модель бойынша жасалынған педагогикалық сценарилер жасау негізінде ұжымда қызметті ұйымдастыру, оларды өткізу; - міндетті ұжымдық шығармашылық істердің кешенін (даму қажеттілігін ескере отырып, оқушылардың ынтасы, мектептің жоспарлар болжамы, сынып жетекшілері) орындау; - өзіндік қызметінің нәтижесіне талдау жасау; III кезең – қорытынды бағалау. Тәжірбие бойынша еспті рәсімдеу. Тәжірбиені өорытындылау. Қорытынды конференцияға қатысу.
жүктеу/скачать 0,66 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |