Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің «№13



бет2/4
Дата02.11.2019
өлшемі68 Kb.
#50999
1   2   3   4
Байланысты:
ӨЗ БІЛІМІН КӨТЕРУ ЖОСПАРЫ


I бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап


      1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

14-бап

      1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

      2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

      Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2, 1999.03.22 N 7/2 қаулыларын қараңыз.
15-бап

      1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

27-бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан қараңыз.

      1-бап. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) бүкіл мәтін бойынша:
           "Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 6-бапта:


      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;";
      6) тармақша "мектептерін" деген сөзден кейін "білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша" деген сөздермен толықтыр0-бап.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

      1. Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
      2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
      Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.";

      26) 31-бапта:


      1-тармақ "алты" деген сөзден кейін "(жеті)" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақ "түрлері мектеп," деген сөздерден кейін "шағын жинақталған мектеп," деген сөздермен толықтырылсын;

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.

      Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

      Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

      Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:

      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

      Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

      қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында

      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi.

      Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау. 23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.

Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiледi.

24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.


Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

20) еңбекке ақы төлеу – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

28) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;

29) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер;

30) еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;

4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

2) еңбек бостандығы;

3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;

8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;

11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет