Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің «№13


Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы



бет4/4
Дата02.11.2019
өлшемі68 Kb.
#50999
1   2   3   4
Байланысты:
ӨЗ БІЛІМІН КӨТЕРУ ЖОСПАРЫ


Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

4-бап. Балалардың тең құқықтылығы

1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.

2. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады. 3-тарау.

БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.

2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.

3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:

4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.

5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.

9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы

Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету



15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы

1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.

16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы

1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.

17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы. 21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы

20-бап. Баланың мiндеттерi

Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Толығырақ: https://egemen.kz/article/163436-qazaqstan-respublikasynynh-prezidenti-nnazarbaevtynh-qazaqstan-khalqyna-zholdauy

Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!Елбасының 2018 жылғы жолдауы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталады. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Елбасы биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет атап өтті.

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру..

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.

Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде.

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.

Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты.Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы аурудың алдын алу мен оны емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласын дамыту бойынша алдағы маңызды міндеттерді атап көрсетті.

« 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік терминдерді қазақ тіліне аудару тәжірибесін сынға алды. "Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Президент латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. "2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет", — деді Елбасы. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланыстымедициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару. Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.

Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.

Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.

Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді.

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті.

Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.

Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.

Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:

ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:


Компьютерлік техниканы

Интернет


телекоммуникациялық желі

электрондық және телекоммуникациялық құралдарды

мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.


Тәй-тәй технологиясы

Негізін қалаған: Джорж Сорос

Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

«Тәй-тәй» инновациялық технологиясының басты мақсаты балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту болып саналады.

         «Тәй-тәй» технологиясының басты міндеттері:

-  Оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлға ретінде қарау;

-  балалардың іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі;

-  белсенділік және дамытушылық орталықтарының жеткілікті болуы; сонымен бірге отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, шараларға бірлесіп қатысуы.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Жаңа әлемде Жаңа Қазақстанды құратын, XXI ғасырдағы Қазақстанды беделді, мықты, гүлденген мемлекет жасайтын азаматтар ұрпағы, Отаны мен өзінің игілігі үшін саналы таңдау мен шешімдер жасауға қабілетті, жан – жақты дамыған тұлғалар болып тәрбиеленуі керек» деген.Елбасы сенім артқан еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ  ұрпақ  қолында.Олай болса, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші әріптестер: Жас ұрпақты жаңа инновациялық технологиялар арқылы тәрбиелеу, олардың жан – жақты дамуының алғашқы баспалдағы және «Тәй – тәй» технологиясының тиімділігі бала жанын түсінетін тәрбиешілер мен пән мұғалімдерінің шеберлігінің арқасында күшіне ене алады.



Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.\

Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері

1.Денсаулық сақтау технологиясы

2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

3.Зайцев технологиясы

4.Әуенді кесте технологиясы

5.Дамыта оқыту технологиясы

6.Ақпараттық қатынастық технология

7.Ойын технологиясы

8.ТРИЗ технологиясы

Денсаулық сақтау технологиясы

     Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :

Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

-Мектепке дейінгі мекемелермен;

-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;

-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;

-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;

-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;

-Балалардың денсаулық көрсетілімі.


ТРИЗ технологиясы

       ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.

ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді


Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.

Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:

Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.

Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.

Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.

     Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б

 

Зайцев технологиясы

Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.



Технологияның негізгі мақсаттары:

  • Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;

  • Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі   арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • Бүктеу арқылы оқыту;

  • Өлең айту арқылы оқыту;

  • Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;

  • Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;

  • Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;

  • Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.


Әуенді кесте технологиясы

«Әуенді кесте» технологиясы мектепке дейінгі (5-6,7 жастағы) ұйымдардың ересек және мектепалды дайындық топтарына сауат ашу және жазу негіздеріне арналған оқу құралы «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу құралы ҚР МЖМБС-қа сүйене отырып дайындалған.



Ізденіс шығармашылық технологиясы

Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты:

— Балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту ТРИЗ технологиясы міндетті түрде қолданылады Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру — Шығармашылық — Эвристикалық әңгімелер — Қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы — Бақылау — Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модулін құру) — Тәжірибелер — Қорытындысына баға беру Бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары «Жүктеу»бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер — Табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу — Көркем сөздерді қолдану — Дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары — Еңбек ету.
Ойын арқылы оқыту технологиясы

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.

Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.



Ақпараттық қатынастық технологиясы

Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.



Міндеттері: 

— Жаңа заманға қадам басу;

— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;

— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;

— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;

— Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру;

— Бағдарламаны жіктеу;

— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

— Шет тілінде сөйлейтін сөздік;

— Қарапайым графикалық редактор;

— Ойын-саяхаттар;

— Оқуды, математиканы үйрету.

және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

Монтессори технологиясы

Негізін қалаған: М.Монтессори

Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.

Дамыта оқыту технологиясы

Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев

     Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.



Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:

1.Ой толғаныс әдісі

2.Ассоциация әдісі

3.Салыстыру әдісі

4.Раунд-Робин әдісі

5.Топтастыру әдісі



 

  1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

  2. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы:

Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

  1. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

  1. Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:

«Гүлдер» тақырыбында

-Гүл өсімдік

-Гүл әдемі

-Гүлді жұлуға болмайды

-Анамызға сыйлаймыз

Достарымызға сыйлаймыз т.б.



  1. Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде

І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.

ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.

ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.

Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.

Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.



 

 

М.Монтессори-педагогика арқылы ерте шақтағы даму

Мария Монтессори – итальян педагогы, врач. Ақылы нашар дамыған балаларға арналған тиімді әдістерді жасай отырып, оларды дені сау балаларға да қолдануға болады деген шешімге келеді. Жүйе еркін тәрбиелеу идеясында қаланып, 3 пен 9 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Монтессори әдістемесі балалардың арнайы дайындалған дидактикалық материалдармен сан алуан тәжірибелік іс-әрекеттерінің негізінде қаланған (текшелер, цилиндрлер, қосымшалар, түрлі формадағы жақтаулар, санағыш моншақ тізбесі және т.с.с.). Баланың дамуы мен оқуы оның физикалық сезім мүшелеріне негізделеді. Ол үш түрлі құралдар пайдаланылады: иісі бар қораптар, түйсік үшін тақта, шу қораптары, қоңыраулар, дәм банкілері, жылы құмыралар және т.с.с.

Монтессоридің әдістемесі:


Монтессоридің педагогикасы жалпылай оқытудан ашық оқытуға негізделген. Бұл педагогиканы экспериментті деп атауға болады, өйткені баланың бақылауы дидактикалық құжаттарды таңдауға мүмкіндік береді. Табиғи жағдайға қарап бала тағлиматтық әдіс тәсілдерді таңдайды. М.Монтессори педагогикасының ұраны«Өзімді тануға көмектес».

М.Монтессори педагогикасының негізгі принциптері:



  • Тәрбие және оқыту ортасын қамтамасыз ету (көрнекі-құралдар, ұлттық- мәдени дәстүрлері, эстетикалық талаптар, аралас жастағы балалар (3-6 жас);

  • Құралдардың бар болуы;

  • Кез келген сабақтарда балаларға бостандық беру:

  • құралдарды таңдауға;

  • жұмыс атқаруға орын табуға;

  • педагогтармен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға;

  • Ережені сақтау:

  • «Бүкіл мүмкіндікпен пайдалан, бірақ басқаға кедергі жасама»;

  • Педагогтардың сенімділік, мейірімділік, ынтымақтастық, әр бір баланы қабылдауға мүмкіндік жасауы;

  • Балаларды бақылау, қажет болса көмектесу;

  • Сабақ үстіндегі мұғалімнің белсенді қызметіне тыйым салынады, оның негізгі әдісі – бақылау;

  • Арнайы әзірленген оқыту ортасында баланың өз бетімен қадам жасауына мүмкіндік беретін автодидактика әдістері кеңінен қолданылады;

  • Аталмыш дидактикалық материал құралы өз қатесін баланың өзінің табуына мүмкіндік береді;

  • Қатені түзеу баланың белсенділігін дамыта түссе, білім меңгеру де сөзсіз қатар жүреді;

  • Бала алдына мақсат қоюды және оны шешу жолдарын табуды үйренеді.

Монтессоридің дидактикалық жүйесінің басты ұстанымы былайша айтылады: «Менің мына істі өзімнің орындауыма көмек көрсет».

Мұғалімнің сабақтың басталу сәтіне дөп түсуі өте маңызды. Ол неғұрлым аз сөйлей отырып, барлық іс-әрекетін баяу әрі балаларға түсінікті етіп жасайды. Монтессори жүйесінде мұғалімнің әрбір жасаған іс-әрекетін бала қайталай алуы керек.

Балалар орындайтын материалды өздері таңдайды да, топ бөлмесінің өзіне тиісті бөлігінде тапсырмасын орындай береді. Тапсырманы орындап жатқанда, жұмыс орнында бөгде зат болмауы тиіс. Сыныптағы эмоциялық рай мен мұғалімнің оқумен жеке қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінеді. Баланың дұрыс жасамаған іс-әрекетін бетіне басуға тыйм салынады.

Монтессори жүйесі бойынша жаратылыстану пәнінің сабақ үлгісін келтіре кетейік:



Сабақ өткізілетін орын. Балалар өздерін қолайлы сезінетін кез келген бөлмеде өткізуге болады. Бөлмеде артық ауыс плакат ілінбеуі тиіс.

Сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелер: Гүлді өсіре отырып, балаларда сол гүлдің өсуі үшін жауапкершілік сезімі ояна бастайды. Балалар дәннен гүлді өсіру үшін қажетті жағдайлар мен қиындықтардың барлығын бойынан өткізеді.

Сабақ барысы. Мұғалім тұқымды арнайы ыдысқа егеді. Су құйып, терезе алдына күнге таяу қояды да, кеңсені желдетеді. Ұстаздың әрбір қимылын балалар қайталап отырады. Мұғалім гүл өсірудегі қайсыбір орындалған іс-әрекеттің маңызы мен ары қарайғы қажетті шаралар туралы әңгімелей келе, бала мен тұқымды, өсімдік пен адамды, өсімдікке жасалатын күтім мен жақын-туыстарға жасалатын қамқорлықтың ұқсастықтары мен маңыздылығы туралы әңгімелеуді де ұмытпайды.

Нәтижесінде бала жаңа тіршілік иесінің туылып келе жатқандығын пайымдап, сезім елегінен өткізеді. Балада өзінен кішкентай және мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге деген қамқорлық нышандары біліне бастайды.

Балалар өздерінде туындаған ойлар мен алған әсерлерін сипаттайды. Одан кейін гүлді өз үйлерінде өсіре бастап, өз қорытындыларын жасайды.

Монтессори жүйесінің қателігі жасанды құралдарды пайдаланытн сабақтардың басымдығы, шынайы өмірді шектеулі қарастыру, балалардың бойында «тіл алғыштық инстинктінің» қалыптастырылуы. Даралылыққа бой ұру балалардың өзге балалармен қарым-қатынас жасай алу қабілетінің дамуын баяулатады.

Монтессори жүйесінің материалдары балабақшалар мен бастауыш мектептегі балаларды оқытудағы табиғилық пен дамытуда кеңінен қолданылады. Мысалы, мұғалім Е.Н.Потапова Монтессоридің әріптік трафареттері көмегімен балалар жазба жұмыстарына үйрету әдістемесін әзірлеген. Осы әдістеме негізінде келесідей элементтер жатыр: инженерлік сызғыш көмегімен штрихталатын ықтиярлы фигураларды салу (солдан оңға, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай); көзбен қабылдау көмегімен әріптердің жазылуын есте сақтау және жұқа зімпара (наждак) парақтарынан қиылған әріптерді қолмен сипай арқылы ажырату; әріптерді бірнеше рет әуелі трафарет көмегімен жазу, кейін трафаретсіз жазу.

Монтессори бағытының бірі сенсорлық тәрбие– тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Сенсорлық кабинетіндегі оқу-тәрбие жұмысының барлық жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол оқыту, тәрбиелеу, түзету және емдік-сауықтыру міндеттерін шешеді. Қандай да бір сенсорлық жүйе үстем болғанымен қоршаған ортаны танып білуде көзінде кемістігі бар адамдар үшін түрлі талдағыштардың өзара әрекетін және олардың бейнелерді қалыптастыру процесінде өзара әсерін қамтитын күрделі ұйым болып табылады, ал бейненің өзі жеке ғылыми психологиялық ұғымның қуатты жиынтық «орталығы» және түйсіну, ұғыну, аңғару, ойлау түрінде қоршаған ортаны танып білуді» көрсетеді.

Сенсорлық бөлмеден түрлі мамандармен қарым-қатынас тек бұлшық ет ширығуының ғана емес, сонымен қатар сезімдік қобалжудың алдын алуға мүмкіндік береді, психикалық процестерді дамытуды жеделдетеді, сезім арқылы түйсінуді, қол саусақтарының сезінуін реттейді. Және де артопедиалық ауытқыларды да қарастырады. Бөлмедегі сенсорлық жол майтабандықтың алдын алып, түзу жүруге сымбаттылыққа тәрбиелейді.



Сенсорлық жүйе адамға сезімдік танымды іске асыруға, қоршаған орта туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін сезімдік мүшелер немесе талдағыштар жүйесі ретінде белгіленеді. Көру, есіту, иіс сезу және басқа да сезім мүшелері түйсіну, ұғыну, аңғару түрінде сезімдік танымның құрамына енеді және оның құрылымын сипаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет