Темперамент типін анықтау



бет1/5
Дата05.08.2020
өлшемі31,11 Kb.
#76152
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Темперамент типін анықтау тест






Сұрақтар мазмұны



Айналадағы қарбалас өмірді ұнатасың ба?



Достарыңның қолдағанын қажетсінесің бе?



Сенен бір нәрсе сұраса тез жауап бересің бе?



Сенің көңіл-күйің жиі өзгере ме?



Бір нәрсеге тез ызаланасың ба?



Достарыңнан көрі кітаппен уақыт өткізген қолайлы ма?



Әр түрлі ойлар саған ойлануға жиі кедергі келтірмей ме?



Сен ылғида өзіңе айтылғанды істейсің бе?



Біреумен қалжыңдасқанды ұнатасың ба?



Еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезінесің бе?



Сен өзіңді көңілді де, ширақпын, - деп ойлайсың ба?



Мектеп ережесін бұзған кездерің болды ма?



Ылғи бір нәрсеге ызаланып жүресің бе?



Барлығын тез істейсің бе?



Соңы қорқынышты оқиғаға ұласатын жағдайлардан қашасың ба?



Саған кез-келген құпияны сеніп айтуға бола ма?



Құрбыларыңды еш себепсіз көңілдендіре аласың ба?



Еш себепсіз жүрегің қатты соққан кезі болды ма?



Біреумен достасу үшін бірінші қадам жасайсың ба?



Өміріңде өтірік айтып көрдің бе?



Сенің істеген ісіңді сынға алса тез көңілің түсе ме?



Сен достарыңмен жиі әңгімелесесің бе?



Өзіңді жиі шаршаңқы сезінесің бе?



Басқа істеріңнен бұрын сабағыңа көңіл аударасың ба?



Сенің көңілің тоқ, ылғида бәріне ризасың ба?



Сен өкпешілсің бе?



Бөгде балалармен сөйлескенді ұнатасың ба?



Туыстарың үй шаруасына көмектесуді өтінсе орындайсың ба?



Сенің басың айнала ма?



Сенің іс-әрекетің басқаларды ыңғайсыз жағдайға қалдырмай ма?



Бір істен жалығып кететін кезің жиі бола ма?



Кей кезде мақтанғанды ұнатасың ба?



Бөтен ортада болғанда тыныш отырасың ба?



Кей кезде бір орында отыра алмайтын, толқитын сәттерің бола ма?



Әдетте тез шешім қабылдайсың ба?



Мұғалім жоқ кезде сыныпта шуламай отыра аласың ба?



Жиі қорқынышты түстер көресің бе?



Достарыңның ортасында еркін отырасың ба?



Сені ренжіту оңай ма?



Ойлануға уақыт кетірмей тез істеп, тез пікіріңді айтасың ба?



Біреу туралы жаман сөйлеген кезің болды ма?



Ыңғайсыз жағдайда қалып қойсаң көпке дейін ұайымдайсың ба?



Саған көңілді де шулы ойындар ұнай ма?



Қандай нәрсе болсын талғамай жей бересің бе?



Сенен бір нәрсені өтінген кезде «жоқ» -деп айту қиындық туғызба ма?



Сен жиі қонаққа барғанды ұнатасың ба?



Өмір сүргің келмейтін сәттерің бола ма?



Ата-анаңа дөрекіленген кездерің бола ма?



Басқалар сені көңілді де сергек адам,- деп ойлай ма?



Сабақ орындағанда жиі алаңдайсың ба?



Топтық көңіл көтеруде сенің көңілсіз отыратын сәттерің жиі бола ма?



Әр қилы ойлардың әсерінен ұйықтау қиынға соқпай ма?



Орындауға тиіс жұмыстарыңды жасай алатыныңа сенімдісің бе?



Өзіңді жалғыз сезінетін сәттерің жиі бола ма?



Жаңа таныс адамдарға бірінші сөйлеуге қысылмайсың ба?



Бір нәрсені түзету кеш болса да қарманып қаласың ба?



Достаныңның біреуі дауыс көтерсе, сенде оған дауыс көтеріп жауап бересің бе?



Еш себепсіз өзіңді көңілді немесе қайғылы сезінесің бе?



Көңілді топ арасында рахаттана дем алу қиын деп ойлайсың ба?



Ойланбай істеген істеріңе қобалжыған кездерің болды ма?

Темперамент типін анықтау

Айзенконың тестінде сапа негізіндегі градациялық көрсеткіш нәтижелері мен мінез типіне түзету жөніндегі нұсқаулар пайдаланылады.

Зерттелуші «иә» немесе «жоқ» жауабын береді.



экстроверсия

Иә:1...3...9..11..14..17..19..22..25..27..30..35..38..41..43..46..49..53..57 жоқ жауабы: 6..33..51..55..59.

нейротизм

Иә:2..5..7..10..13..15..18..21..23..26..29..31..34..37..39..42..45..47..

50..52..54..56..58...60



Л О Ж

Иә: 8..16..24..28..36..44 жоқ: 4..12..20..32..40..48.





Тест бойынша нәтиже



Тест бойынша нәтиже

Э балл

Н балл

Э балл

Н балл



0-4

0-4

17

16-20

4-8



20-24

0-4

18

4-8

16-20



20-24

20-24

19

4-8

4-8



0-4

20-24

20

16-20

16-20



0-4

4-8

21

12-16

8-12



0-4

16-20

22

8-12

8-12



0-4

8-16

23

16-20

8-12



4-8

0-4

24

12-16

4-8



8-16

0-4

25

8-12

4-8



16-20

0-4

26

4-8

8-12



20-24

4-8

27

4-8

12-16



20-24

8-16

28

8-12

16-20



20-24

16-20

29

12-16

16-20



16-20

20-24

30

16-20

12-16



8-16

20-24

31

8-12

12-16



4-8

20-24

32

12-16

12-16

№1 Э 04-04 Салқынқанды,шыдамды,байсалды. Сөйлеу мәнері орта қылыпты.Өзінің дұрыстығын сезінгенде, бірбеткейлік танытады. Достасуға ұмтылмайды, ал достыққа шақырса қарсылық білдірмейді. Топта өзін қарапайым ұстайды.



Түзету жұмысы: Тәрбиешілерін аса мазасыздандырмайды,сондықтан да ол көңіл аударудан тысқары қалып қояды. Нақты тұлғаның өзіндік бағасын жоғарлату үшін, топты оның жақсы істеріне көңіл аудартып, бағалап отыру қажет. Оның салқынқандылығы мен байсалды қасиеттерін үлгі етіп отыру қажет, оның өзіндік жұмыс ырғағын дұрыс табуына көмек қажет.

№2 Э 20-24; Н 0-4. Көрнекі жүргенді қалайды, көңілді, ортақ тілтабысқыш, сөзшең. Оптимист, жетістіктерге сенеді. Көп мәселелерге үстірт қарайды. Кикілжің жағдайларды қалжыңға айналдыра алады, өкпесін тез кешіреді. Әсершіл, жаңашылдыққа құмар, көпшіліктің жағымды қатынасын пайдалана біледі.Алайда атүсті қарайтын, ұйымсыз жан.Тынымсыз, құбылмалы, нақты нәтижеге жете білмейді (тез қызығып, тез жалығады)



Түзету жолы: Жаңашылдығы мен артистік қабілетін дұрыс пайдалана отырып еңбексүйгіштікке баулу.Нақты тапсырмалар беру арқылы жауапкершілік пен тәртіпке, нақтылыққа үйрету қажет.Үйірмелер мен саяхаттар ұйымдастыруға, уақытты тиімді өткізуге көмек көрсету қажет.

№ 3 Э 20-24; Н 20-24. Қажырлы, белсенді жақсы дамыған. Көңілді, бәрімен тең сөйлесуге ұмтылады. Өте кірпияз.Өзінен үлкендермен мәмілеге келе алмаған жағдайда, қарсы әрекетке көшеді.өзіне өзгелердің бейтарап қарағанын көтермейді.



Түзету жолы: Бұл тұлғамен қарым-қатынастың басты әдісі сыйластық орнату. Сөйлесу кезінде мейірлі, қалыпты дауыс ырғағымен сенім ұялата қарым-қатынас жасау қажет. Жоғары жүйкелік-психикалық қозу жағдайында мысқылдық қарым-қатынас туындауы мүмкін. Кикілжің кезінде бірден жағдайды талдаудың қажеті жоқ.Жағдайды кейін тыныш жағдайда шешкен дұрыс. Мәселені ешқандай даусыз, нақты оқиғаны талдау арқылы ғана шешу қажет.Жасөспірімге ұйымдастырушылық жұмыстар мен өз тұлғалық құндылығын көтеретін, спорттық жетістіке жекізетін жұмыстар тапсырған дұрыс.

№ 4 Э 0-4; Н 20-24. Өзіне сенімсіз, секемшіл, мазасыз тұлға. Қамқорлық іздейді. Тұйық, көп сөйлесе бермейді, сондықтан да аралас бағаға ие, өзіндік бағалауы да сондай. Тез жаны жараланғыш. Беймделу ұзақ жүреді, сондықтан да іс-әрекеті өте баяу.Белсенді өмір сүру қатынасын ұнатпайды.Жасампаз, көбіне философияға бейім. Жағдайларды оңай драмалауға шебер



Түзету жолы: Өзгелермен жағымды-энергетикалық қатынас орнатуға көмек көрсету. Іс-әрекет таңдағанда белсенді қарым-қатынасты қажет етпейтін, қатал уақытты талап қылмайтын, аралық байланыс қашықтығы қатал сақталмайтын жұмыстар беру қажет. Мінезіндегі жақсы жақтарын: ойшылдығын, ішпысарлық жұмысқа шыдамдылығын үлгілеп отыру қажет.Үнемі қолдау көрсетіп, өзгелердің келемежінен сақтандыру қажет.

№ 5 Э 0-4; Н 4-8. Байсалды, жасампаз.Нақты өмірдегі қызығушылық деңгейі төмен, сондықтан да жетістіктері де төмен.Ішкі есебі мен ішкі ойына көбірек мән береді. Бағынатын, тәртіпке көнетін, алайда бәріне бейтарап қарайтын жан



Түзету жолы: Өзіндік бағасын көтеруге өте зәру, қатты қажет етеді.Өзіндік бағасын көтерген жағдайда бейтараптылығы жойылып, бауырмалдығы жақсарады, соымен қатар оқу мен жұмыста да жақсы жетістіктер береді.Мүмкіндігінше тұлғаның жақсы жақтарын таба білу қажет, сол арқылы жұмысқа, оқуға қызығушылығын жоғарлатуға болады.

№ 6 Э: 0-4; Н: 16-20. Беймәлім жағдайларда жасқанады, ұялады, тоқтамды, сезімтал, епсіз. Өзіне сенімсіз, арманшыл. Көп жиналған топты ұната бермейді, философиялық ой-толғауды ұнатады.Өз күшіне, мүмкіншілігіне аз сенеді.Жалпы салмақты.Жағдайды драмалауға, байбалам салуға бейм емес.Мазасыз, көбіне шешім қабылдауда бостық танытады. Қиялға берілгіш, бейім..



Түзету жолы: Топ алдында байсалдылығын, тәрбиелілігін, ерекше қақиетерін айтып отыру қажет. Өзіндік бағасын көтеру үшін өзінен әлсізге көмек беруін тапсыру қажет. Сонда тұлға өз бағасын көтере алады, оптимистік көзқарас қалыптасады.

№ 7 Э:0-4; Н: 8-16. Қарапайым, белсенді, жұмысқа бейім.Әділетті, достықта адал.Өте жақсы, шебер көмекші, алайда ұйымдастырушылық қабілеті нашар.Ұяң, қалтарыста қалғанды жөн санайды. Көпшілікпен етене араласпайды, достықта екеу ара жүргенді жөн санайды.Қарым-қатынасқа қатты мән береді, кейде жалықтырарлық моралдық түсініктерді уағыздайды.



Түзету жолы: Іс-әрекетерінде еркін режим беру, бастамасын қолдап отыру қажет.Біреудің айтқанымен емес,өз еркімен жұмыс істеуін пысықтап отыру қажет.Топтың сыны мен келемежінен сақтандырып отыру, өзі ерік-күшіне сендіре білу, біреудің беделіне көзсіз сенуден аулақ ұстау қажет.

№ 8 Э: 4-8; Н: 0-4.Салмақты, ұжымда ашық пікірлеседі. Эстетикалық жағынан жоғары.атқарушылықтан гөрі, жаңалық туындатушы. Жетістіктеріне қатты қуанып, көтеріліп кетпейді. Кикілжіңнен оңай құтылады,қарым-қатынаста байсалды.



Түзету жолы: Іс-әрекетке бейімдеу керек. Жетістіктерін қолдау қажет. Әлеуметтік рухани дамуына ықпал жасау

№ 9 Э:8-16 Н: 0-4. Белсенді, көңілді, ашық тез тілтабысады. Қарым-қатынаста таңдау жасамайды.Жаңалыққа құмар, білгісі келеп тұрады. Әлеуметтік интеллект дамуы төмен.Нақты өзін-өзі бағалай, өзге жағдайды бағалай білмейді. Толық танылмаған нәрселердің өзіне де жылдам сеніп, нашар топқа тез ілініп кетеді.

№10 Э: 16-20 Н: 0-4 Артистік қабілеті жоғары, көңіл-көтергенді қалайды. Салмақты, ашық мінезді. Жеңіл ойлайды, Өз дегенінен тез айни кетеді.

Түзету жолы: Қызықты іс-әрекетер мен шұғылдануға итермелеу қажет, өз қызығушылығын өзі таңдай алады, алайда шыдамдылығы жетпей жатады. Артистік қабілетінқолдап отыру қажет, алайда сайқымазақтыққа жол бермеу қажет.

№ 11 Э: 20-24 Н:4-8 Белсенді, ашық, мейірімді, талғампаз. Тәуекелге қатерлі болса да тез барады.Досына талғампаз, өз мақсатына жетуде өте орынды пайдаланады. Көбіне өзімшіл,. Сондай сүйкімді. Ұйымдастырушылыққа бейімділігі бар.



Түзету жолы: Ұйымдастыруға бейімділігін дамыту, қолдау қажет.Басқара алады, алайда үстінен басқарып, бақылап отыру қажет. «Ат үстінен» көрінгенді жақсы көреді.Қажет болған жағдайда топтық сынға да салуға болады.

№12 Э: 20-24 Н: 8-16 Тәртіпке тез бағынады. Өзіндік құрметке ие. Ұйымдастырушы. Өнерге, спортқа бейм. Белсенді. Тез әсерленгіш,



Түзету жолы: Эмоциялық, іскерлік жағынан толық лидер. Сондықтан тұлғалақ қабілеттерін ашуда қолау көрсету керек.

№ 13 Э: 20-24 Н: 16-20 Күрделі мінезді тұлға. Қажырлы, көңілді, кербез.Жоғарғы рухани құндылыққа ие емес. Күйкі өмір тіршілігіндегі қуанышқа ғана байланған адам. Өмірдегі басты мәселеге тұрмыстық қажеттіліктерді бірінші қояды.Мәртебелілікке баса көңіл аударады. Бар күш-жігерімен жетістікке, мақсатқа, пайдаға жетуді көздейді. Кедергілерді жек көреді, ашық, көрнекі жүреді, өз талаптарын ашық жүргізеді.



Түзету жолы: Эстетикалық тәрбиеге баса көңіл аудару қажет. Жасөспірімді бақылауда ұстаған дұрыс, шектен шығармау қажет., себебі өзбілермендікке көбірек салынады.Іс-әрекетте нақты, қатаң қарау қажет. Ұйымдастырушылық жұмыстар беруге болады.

№ 14 Э: 16-20 Н: 20-24. Бақарушылығы жоғары, күдікшіл, тұйық. Әрқашан біріншілікке ұмтылады, ұсақ-түйекке мән бергіш.Кез-келген кереметіліктен ләззатанады.Өзінен әлсіздерді мазақтауға бейім, қыршаңқы мінезді.Кекшіл, салғырт қарайтын, ,қатігездігі бар, қажығыш.



Түзету жолы: Онымен үстірт қарым-қатынас жасамау қажет.Мысқылды немесе достық қарым-қатынас жүргізуге болады.адамдармен емес, іс-құжатарға мән беруі басым басшылық жұмысқа бейімдеп ұстаған дұрыс. Қайсарлығы мен ерік-күшін қолдап отыру қажет. Жан-жағындағылармен жағымды эмоциялық қатынасқа үйрету қажет.

№15 Э. 8-16 Н: 20-24 Ылғида көңілі толмай жүреді, кикілжіңге тез барады. Сәл нәрсеге тез өкпешіл, ұсақ-түйекке мәнбергіш, қызғаншақ.Қиындық кездессе тез түсіп кетеді,ұжымнан тысқары жүреді.Достары жоқ, құрбыларына бұйрықпен сөйлейді.Даусы баяу, шұғыл шығады.



Түзету жолы: Бостығына қарай мүмкіншілігіне қарай ортақ қарым қатынаста сенімділік орнату. Атқарған ісіне қарай ұжым алдында көтеріп отырса ұжымға сіңісуіне ықпал етеді.

№16. Э: 4-8 Н: 20-24. Жоғары сезімтал тұлға, ешқандай сене бермейді, тұйық, өкпешіл, құмарлығы құпия сақтайтын, көбіне үндемейтін жан. Сындарлы ойлы, тәуелсіз, өзін жақсы көретін, алайда писсимис. Көбіне жалпы ойға жүйрік, өзіне сенімсіз.



Түзету жолы: Сыйластықпен қарау, мейірімді қатынас орнату, сыныптастары алдында мадақтап отыру, қамқорлыққа бөлеу қажет.Әділетті сыни көзқарасын бағалап, алайда кекету мен моралдық нұқсан келтіруші сын айтудан шектеп отыру қажет.

№17 Э: 16-20 Н: 4-8. Эмоцианалдылығы жоғары.Көңілді, еркін, сезімтал.Қарым-қатынасты талғамсыз, бірден достық қрым-қатынасты ұстанады.Тұрақсыз, аңқау, нәзік те, бала мінезді. Қоршаған ортасының әдемілігін қалайды.Қйялшыл, лидерлікке ұмтыла қоймайды, достық қатынасты қолдайды.

Түзету жолы: Эстетикалық талғамын жетілдіру, қолайлы жағдайда үнемі ақыл айтып отыру. Ерік жағдайына үнемі көңіл бөліп отыру

№18 Э: 4-8 Н: 16-20. Арызқой, әлсіздерді қолдауға бейім,шағын достық қарым-қатынаста. Ұяң, батылсыз, өзіне сенімсіз, көбіне мінезі қалыпты- төмен.Қолайсыз жағдай туындаса тез сасқалақтап, қорқақтайды.

Түзету жолы: Үнемі дамытулы, рақымдылық режимді ұстану қажет.Бақылап, тыныштықта, мейірімде ұстау қажет.Қиындықта көметтесу, өзіне деген сенімділігін молайту.Топ алдында талқыға салмау

№ 19 Э: 4-8 Н: 4-8.Тұйық, ойшыл, салмақты тұлға. Тынымсыз, еркін, баяу іс- әрекетшіл, тәуелсіз. Төмен эмоцианалды, қарапайым, құштарлығы төмен. Кейде шынайылыққа көңіл аударуы төмен.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет