|
Темперамент анықтауға тест: Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз
|
бет | 8/8 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 2,23 Mb. | | #90582 |
| Байланысты: Психология презентация 6 Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз. 1. а) Мазасыз, күйгелексіз. б) Көңілді, ақжарқынсыз. в) Сабырлы, байсалдысыз. г) Ұялшақ, қысылып - қымтырыласыз. 2. а) Ұстамсыз, қызбасыз. б) Белсенді, істе ширақсыз. в) Ретті, нақтысыз. г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз. 3. а) Шыдамсыз. б) Бастаған беті аяқсыз қалдырасыз. в) Сақ, парасаттысыз. г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады. 4. а) Қарым - қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз. б) Өзіңізді асыра бағалайсыз. в) Шыдамсыз. г) Өз күшіңе сенбейсіз. 5. а) Батыл, белсендісіз. б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз. в) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз. г) Жалғыздықты ұнатасыз. 6. а) Бірбеткейсіз. б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз. в) Аспай - саспай бір қалыпты сөйлейсіз. г) Сәтсіз жағдайларда ұнжырғаңыз түсіп, сасасыз. Темперамент анықтауға тест: 7. а) Дау - дамайда тапқырсыз. б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз. в) Ұстамды, шыдамды. г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз. 8. а) Тәуекелге бейімсіз. б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз. в) Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз. г) Тез шаршап қаласыз. 9. а) Іске анда - санда ғана араласасыз. б) Кез - келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз. в) Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз. г) Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады. 10. а) Қайтымы жылдам, секемшілсіз. б) Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады. в) Қойылған күн тәртібін ұстанасыз. г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез - құлқымен үйренесіз. 11. а) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз. б) Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз. в) Шапшаңдығыңызды басып отырасыз. г) Істе шапшаңдық танытпайсыз. Темперамент анықтауға тест: Темпераментті анықтау тесттің кілті. Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі. А) холерик — (ыстыққанды) Б) сангвиник — (жеңілқанды) В) флегматик — (суыққанды) Г) меланхолик — (ауырқанды) Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші. Назарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|