Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі2,23 Mb.
#90582
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Психология презентация 6
Психология СӨЖ 1

Сангвиник


Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық келеді. Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Іске қатысуға әр уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі. Басында көңілі көтеріңкі болып, іс үстінде лезде суыйды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет