Теодолиттерді тексеру және түзету


ОД=031--3=0 , ОД=18037--3=180



бет2/2
Дата19.10.2023
өлшемі434 Kb.
#186801
1   2
Байланысты:
Зерт ж 8 Поверка теодолит (1)

ОД=031--3=0 ,

ОД=18037--3=180 .

Тік дөңгелектің сол жағдайында өлшемге микроскоптың өлшем индексін қояды да, жіптер торының горизонталь түзету бұрандаларымен істеп, оның центрін жергілікті жердегі байқалатын нүктеге келтіреді. Тексеру үшін әрекеттерді қайталайды.


в) Тордың горизонталь жібі теодолиттің негізгі торына перпендикулярлығын тексеру.
Тексеру тәртібі. Теодолиттің осін тіктеуіш жағдайға келтіреді де, тордың орташа горизонталь жібін жергілікті жердегі жақсы көрінетін нүктеге көздейді. Алидаданың жетекші бұрандасын бұрап, дүрбіні горизонталь бойынша айналдырады. Осы жағдайда жіп көзделген нүктенің бойында болу керек. Егер нүктенің бейнесі тор жібінің қалыңдығынан астам жылжыса, онда түзету жүргізіледі.
Түзету тәртібі. Окулярдың түзету бұрандаларын жабатын қалпақты шешеді де, шарт орындалғанша оны тормен бірге бұрайды. Сонан соң окулярды бекітеді.
г) Коллимациялық көздеуіштерді тексеру. Коллимациялық көздеуіштердің көздеу осі көру дүрбісінің көздеу осіне параллель болуы тиіс.
Тексеру тәртібі. Коллимациялық көздеуішті 50 м-ден астам арақашықтықта орналасқан жергілікті жердегі затқа көздейді. Егер заттың бейнесі көру дүрбісіндегі тордың центрінен көздеу аясынан 1/5 астам жылжыса, онда көздеуіштің орнын түзетуге ұсынады.
Түзету тәртібі. Көздеуішті дүрбінің корпусымен бекітетін төрт бұрандаларын сәл ғана босатады да, көздеуіштің азимут бойынша сәйкес бұруынан кейін оларды тағы да бұрайды.
д) Вертикаль дөңгелекті тексеру. Анықтама бойынша нольдік орын дегеніміз көру дүрбісінің көздеу осінің горизонталь жағдайға сәйкес вертикаль дөңгелегінен алынған өлшем. Вертикаль дөңгелекпен жұмыс істеу кезінде нольдік орын тұрақты болу тиіс. Есептеуді ыңғайлы жүргізу үшін нольдік орын аспаптың екі еселенген дәлдігінен аспауы керек.
Нольдік орынның тұрақтылығына көз жеткізу үшін жұмыстың алдында жергілікті жердегі бірнеше нүктелерді байқап, нольдік орнын анықтау қажет. Жұмысты жалғастыру үшін нольдік орынның мәнін анықтап отыру қажет. Нольдік орынның тұрақтылығы вертикаль бұрыштар өлшемдерінің дұрыстығын тексеру болып саналады.
Нольдік орынды нольге жақын мәнге келтіру. Тік дөңгелектің екі жағдайында (ОД мен СД) жергілікті жердегі бір нүктеге бағыттап, нольдік орынды есептейді. Есеп алудың алдында теодолит тұғырығының көтергіш бұрандаларымен бұрап, горизонталь дөңгелегінің алидадасындағы деңгей үлбірлеугін ноль-пунктке келтіреді.
Алдын ала ыңғайлы есептеу үшін ОД мен СД есептерді 90-тан артық болған жағдайда кіші шамаларға төмендегі ережемен келтіреді. Егер ОД немесе СД өлшемдер 90-270 арасында жатса, онда олардан 180 алынады, ал 270-360 арасында болса, онда 360 алынады.
Егер СД=140, ОД=17836 (кіші шамасына келтірейік, яғни ОД=17836- 180=-124) десек, онда



Нольдік орынның шамасы штрихты микроскоптың екі еселенген дәлдігінен асып кетті. Сондықтан түзету келесі тәртіппен жүргізіледі.


Көлбеу бұрыш есептеледі:





Жергілікті жердегі нүктеге нысаналау кезінде дүрбіні қояды да есептелген көлбеу бұрышының мәніне тең вертикаль дөңгелегінде оның көздеу бұрандалары арқылы есепті қояды. Бұл жағдайда тордың центрі көзделген нүктеден жылжып кетеді. Қалпақтың астындағы орналасқан жіп торының вертикаль түзету бұрандаларымен бұрап, оның центрі жергілікті жердегі нүктенің бейнесімен беттестіріледі. Бақылау үшін әрекеттерді қайталайды. Нольдік орын түзетуден кейін көздеу осі дүрбінің айналу осіне перпендикулярлық шартының бұзылмауына көз жеткізу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет