ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 11-СЫНЫП МҰХАМЕДЖАН НҰРБОЛАТТАН
73.
Спектрограф
– күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді суретке түсіруге
арналған аспап.
74.
Спектроскоп
– күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді бақылауға арналған
аспап.
75.
Жылулық сәулелену
– қыздырылған денелердің ішкі энергияларының есебінен
шығарылатын электромагниттік сәулелену.
76.
Фотоэффект
– жарық немесе басқа кез келген электрмагниттік сәулелену әсерінен
заттан электрондардың ұшып шығуы.
77.
Дененің энергетикалық жарқырауы
– температурасы дене бетінің бірлік ауданы
арқылы барлық бағытта барлық жиіліктер диапазонында таралатын энергияның
сәулелену уақытына қатынасына тең физикалық шама.
78.
Комптон эффектісі
– сулелену жиілігінің азаюымен қатар жүретін бос электронда
электрмагниттік сәулеленудің шашырауы.
79.
Бөлшектердің дифракциясы
– зат молекулаларында (атомдарында) бөлшектердің
шашырау процесі, осы кезде бөлшектерде толқындық қасиеттер байқалады.
80.
Табиғи радиоактивтілік
– радиоактивті сәулелену арқылы ядролардың өздігінен
басқа ядроларға айналуы.
81.
Заттағы α-бөлшектердің тоқтағанға дейінгі жүріп өткен жолы
өткіш қабілеттілік
,
ал жолда түзілген иондар жұбының саны
иондаушы қабілеттілік
деп аталады.
82.
Жартылай ыдырау периоды Т
– бастапқы элемент атомдарының саны екі есе
азаятын уақыт.
83.
Белсенділіктің өлшем бірлігі –
беккерель
. Бір беккерель бір секунд ішінде орташа
есеппен бір радиоактивті ыдырау орындалатын белсенділік ретінде анықталады.
84.
Барлық атом ядроларының құрамына элементар бөлшектердің екі түрі:
протондар
және
нейтрондар
кіреді. Осы бөлшектердің жалпы атауы –
Достарыңызбен бөлісу: |