ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 11-СЫНЫП МҰХАМЕДЖАН НҰРБОЛАТТАН
11.
Электромагниттік тербелістер
– зарядтың, ток күші мен кернеудің периодты түрде
өзгеруі.
12.
Индукциялық генератор
– механикалық энергияны электр энергиясына
айналдыратын құрылғы.
13.
Айнымалы ток
– өткізгіштегі зарядталған бөлшектердің периодты түрде
өзгеріп
отыратын сыртқы электр қозғаушы күш әсерінен болатын еріксіз тербелістері.
14.
Векторлық диаграмма
– гармоникалық тербелістерді графикалық түрде бейнелеу
әдісі.
15.
Қуат коэффициенті
– айнымалы ток тізбегіндегі энергияның
қанша бөлігі басқа
энергия түріне айналатынын көрсетеді.
16.
Трансформатор
– айнымалы ток кернеуін түрлендіру үшін қолданылатын аспап.
17.
Тасымалдау коэффициенті
– трансформатордың
бірінші реттік орамасындағы
орамдар санының екінші реттік орамадағы орамдар санына қатынасына тең шама.
18.
Қума толқын
– энергия тасымалдайтын толқын.
19.
Толқын шебі
– берілген t уақыт мезетінде кеңістіктің тербеліс жеткен нүктелерінің
геометриялық орны.
20.
Толқындық бет
– берілген уақыт мезетінде кеңістіктің бірдей фазада тербелетін
нүктелерінің геометриялық орны.
21.
Тұрғын
толқында
түйіндер
деп аталатын қозғалмайтын нүктелер болады.
Түйіндердің ортасында максимал амплитудамен тербелетін нүктелер орналасады.
Бұл нүктелерді
шоқтықтар
деп атайды.
22.
Тұрғын толқынды ерекшелейтін қасиет тербеліс энергиясының тасымалданбауы
болып табылады.
23.
Қандай да бір ортада бірнеше толқын көзі механикалық толқын тудыратын болса,
онда олар бір-біріне тәуелсіз таралады. Ортаның барлық бөлшектері әр толқын жеке
тудырған тербеліске қатысады. Толқындардың
қабаттасуы нәтижесінде орта
бөлшектері тербелісінің максимумдары мен минимумдары кезектескен орнықты
көрініс пайда болады.
Бұл құбылыс
интерференция
деп аталады.
24.
Фазалық ығысулары тұрақты және жиіліктері бірдей толқындар ғана
интерференциялана алады.
Ондай толқындарды
Достарыңызбен бөлісу: